
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің Инновация және эстетикалық пәндер бойынша әдіскері Рсымбетова Салима апайдың жетекшілігімен «№45 ж.о.б.б.м.» мектеп директоры Г.Джорабекова және жетекші мектептің жұмыстарына жауапты мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Матишеваның ұйымдастыруы мен «№45 ж.о.б.б.м.» «Зерттеу сабақтарын өткізудің тиімді тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
-Дөңгелек үстелдің өткізу мақсаты:
-Мектептің зерттеуге алынатын нысананы(проблеманы) анықтау;
-Зерттеу сабақтарын өткізу тәртібі мен ережесін талқылау;
-Зерттеу топтарын құру;
-Зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Серіктес мектептердің №28 Абылай хан ж.о.б.б.м., №23 ж.о.б.б.м. білікті, іздемпаз — мамандары, педагог-зерттеуші санатын алған педагогтар арасында зерттеу жұмыстарының өтілу барысы өте қызу талқыланды. Ұстаздар өз ойларын ашық айтып, түрлі идеяларды ортаға салды. Жоспарланған дөңгелек үстелдің өз деңгейінде өтті. Серіктес мектеп ұстаздары өзара ынтымақтасқан орта қалыптастырып, бірлескен жұмысты атқаруға ниет білдіре отыра, өзара тәжірибе алмасты.
