ТҮРКІСТАН: Дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауы өткізілді

Дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауы қазан айының 13-14 жұлдызында Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен өткізілді. Байқаудың мақсаты:

-қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау;

-өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру;

-жас өркеннің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру;

-жас буынды елдік санаға баулу болып табылады.

Байқауға Қазақстанның түпкір түпкірінен 42 оқушы қатысты. Екі кезеңнен тұрған байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар ұлы бабамыздың хикметтерін мүдірмей жатқа айту керек болатын. Екінші кезеңге суырылып 20 бала өтті. Байқаудың екінші кезеңінде Ясауи өмірі, кесене тарихы, жерленген тарихи тұлғалар жайлы сұрақтарға жауап берді. Жақсы дайындықпен келген оқушыларды музей директоры Мәулен Садықбеков бастаған әділ қазылар алқаласы бағалады.

Сарыағаш ауданы №7 Төле би атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Рысбекова Аруна Түркістан облысының атынан байқауға қатысып, доданы жарып жүлделі бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар, 200000 ақша сыйақы мен Қазақ Түрік университетінің теология факультетінің грантын жеңіп алды. №7 Төле би мектебінің оқушылары тарих пәнінің мұғалімі Жасузакова Ажар Сайлауқызының жетекшілігімен осымен төртінші рет республикалық байқауда жүлделі орынды иеленді. 2017, 2019 жылдары бас жүлдені, 2021, 2022 жылдары қатарынан 1 ші орынды иеленді. Білікті ұстаз бен шәкіртін АББ шын жүректен құттықтап, жұмыстарына табыс тілейді.

Ad Widget

Recommended For You