САРЫАҒАШ: «ЕЛ-БАСЫ МЕДАЛІ» ТА-БЫСТАЛДЫ

Жастарды ізгілік пен мейірімділікке тәрбиелеп, білімі мен біліктілігін жетілдіруге бағытталған ерекшелік белгісін бүгін аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов табыстады.

«Елбасы медалі» қоғамның түрлі саласындағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған байқау. Марапаттау жас ерекшелігіне қарай үш деңгейде: қола 14, күміс 15, ал, алтын 16 жастан бастап белгіленген. Бұл акт Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының»Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ-нің төмендегі «Елбасы медалі» бағдарламасының күміс және қола медаль иегерлерін Сарыағаш ауданы марапаттағаны үшін жасалды. Алты ай көлемінде өзін – өзі дамытумен айналысқан жастар арасында бәсекеге түскен:

-«№37 Б.МАЙЛИН атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» — Ақниет Мәлік

-«ТОЛЫБАЙ БАТЫР атындағы №66 жалпы орта білім беретін мектебі» — Бауыржан Бегманов

-«№22 ЕЛШІБЕК БАТЫР атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» — Жайна Мәжит

-«№1 М.ӘУЕЗОВ атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» — Жансая Мақсұд

-«№53 М.ҒАБДУЛЛИН атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» — Мариям Насимова

-«№6 Ж.АЙМАУЫТОВ атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» — Нұрай Сатыбалды

-«САРЫАҒАШ ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернаты» — Нұрлайым Қалдыбек

-«№74 жалпы орта білім беретін мектебі» — Оразалы Досалы, Назерке Қожабек

-«№13 «МӘҢГІЛІК ЕЛ» жалпы орта мектебі» — Тоғжан Қаныбек, Айдана Қаныбек «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары атанды.

«Ауданымыздың абыройын асқақтатып, біліктіліктеріңіз бен білімдеріңіздің озық деңгейін көрсетіп, белсенділік танытқандарыңызға алғыс айтамын. Біз Сіздермен мақтанамыз! Бұл жүлде толағай табыстарыңыздың алды болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын»-деді аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов.

Айта кетерлігі, 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдау бойынша «Ел үміті» жаллпыұлттық бастамасын ұсынған. Бұл бастама аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры дарынды балаларды анықтайтын «Қабілет», «Елбасы медалі» сынды бірнеше бірегей жобаны қолға алды. Бүгінде «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысу тәртібі Үкімет қаулысымен бекітіліп, Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өтіп отыр. Оның басты мақсаты – өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыру болып табылады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.