11.10.2022ж «Қазақстан — туған елім, ұлы өлкем» атты көрме-байқау Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері С.Рсымбетованың ұйыдастыруымен өтті. Байқаудың мақсаты: «Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру» бағдарлама аясында халық арасында ұлттық төл өнерімізді сақтап, дамыту жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың жұмыстарын өскелең ұрпаққа танытып, қасиетті ұлтымыздың құндылықтарын сақтай отырып, еңбекке баулу мақсатында Тәуелсіз елімізді ұлықтау. Көрме-байқауға бейнелеу өнерінің кескіндеме және графика жанрлары бойынша «Қылқалам шеберлері» өздерінің жұмыстарын алып келді. Сарыағаш ауданы бойынша 77 (жетпіс жеті) мектеп арасынан 34 (отыз төрт ) мектеп қатысып, байқайау өз дәрежесінде өтілді. Байқау барысында жақсы жұмыстар бағаланып, аудан көлемінде марапатқа ұсынылып, жоғары дәрежедегі жұмыстар Түркістан қаласында 21.10.2022 ж «Керуен сарай» туристік кешенінін базасында болатын облыстық кезеңге 5 (бес ) жұмыс іріктеліп, жолдама алды. Көрме-байқау өз дәрежесінде өткізілді. Көрме-байқауға келген ұстаздар қауымы өз ризашылығын білдіріп, көрме-байқаудың жоғары дәрежеде өтілгені туралы сөз еткен ұстаздар, көрме туралы өз ойларын ортаға салып, қорытындылады. Сарыағаш ауданындағы байқауды ұйымдастырушы, төрайым, бөлім әдіскері — С.Рсымбетова, осы байқаудың мүшелері: Қ.Тәжімбетов — №14 Алыбай батыр ж.о.м; М.Отарбаев — №66 Толыбай батыр ж.о.м; О.Раманқұлов №17 ж.о.м; Э.Махатова — №46 Т. Тоқтаров ж.о.м.
Сарыағаш ауданында өтілген «Қазақстан — туған елім, ұлы өлкем» атты көрме- байқауда ерекше жұмыстарымен көзге түскен және облысқа жолдама алған Сарыағаш ауданының «Қылқалам шеберлері» №3 М.Ломоносов ж.о.м С.Орумбаева; №2 С.Сейфулин ж.о.м. А.Дустемова; №20 Амангелді ж.о.м. Н.Ташметова; №10 Қ.Сәтбаев мектеп-гимназия З.Рустемов №71 ж.о.м. М.Нурдавлетов. Аудан көлемінде өтілген көрме-байқаудың соңында, қатысқан ұстаздар қауымына алғыстар айтылып, облысқа жолдама алған ұстаздар қауымына сәттілік тіледі.