
Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қылмыссыз балалық шақ» тақырыбындағы айлық іс-шарасының жоспарына сәйкес және «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында «№24 «Ұшқын» негізгі орта білім беретін мектебі» КММ-де педагог-психолог У.Кулдасованың ұйымдастыруымен балалық шақты қорғау және оң тәрбие мәселелеріне баса назар аудара отырып, бала тәрбиесінде отбасы тәрбиесінің жауапкершілігін көтеру мақсатында «Ұл тәрбиесі», «Қыз тәрбиесі», «Жыныстық тәрбие», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыптарында ата-аналар жиналысы өтті.Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Султанов, әлеуметтік — педагог А.Рахимбердиев, сынып жетекшілер және ата-аналар қатысты.Жиналыс барысында түрлі тақырыптар қозғалып, талқыланды. Баяндама оқылып, Өзін-өзі басқару ұйымының министлері көрініс құрып өз өнерлерін көрсетті.Мектеп психологы У.Кулдасова ата-аналармен сауалнама жүргізіп, тренингтер өтті.
Мақсаты: Отбасылық құндылықтарды сақтау, ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушіліктің алдын алу, тіл табысып кетуіне ықпал ету, үлкендер тарапынан жасөспірімдерге жасалатын қылмыстың алдын алу.
