ТҮРКІСТАН: Алматы менеджмент университетінің студенттерімен кездесу өтті

AlmaU менеджмент университетінің студенттері Түркістандағы NIS-тің зияткеркерлерімен кездесіп, ашық есік күнін өткізді. Басқосуда олар Университеттің тыныс-тіршілігі жайлы, білім беру және Халықаралық оқу алмасу бағдарламалары жайлы толық ақпарат берді.

Алматы менеджмент университеті – әлемдік деңгейдегі әлеуметтік жауапкершілігі мол кәсіпкерлікті оқытатын оқу ордасы болып табылады. Бүгінде AlmaU-да білім беру қазақ, орыс, ағылшын 3- тілде жүргізіледі, 20 –дан астам мамандық бойынша атап айтқанда: менеджмент, қаржы, маркетинг, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, аймақтану, бағдарламалық инженерия, бизнес сарапшы және жаһандық мәліметтер және т.б мамандықтар бойынша білім беріледі.

Студенттердің сөзінше университетте алдыңғы қатарлы оқытушылар жұмыс істеп, ең үздік түлектер дайындалады дейді.

Кездесуде зияткерлер білім ордасының студенттерге берер мүмкіндіктері мен шетелдік серіктестері жайында ақпарат алып, университет туралы өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып кері байланыс орнатты.

AlmaU – қазақстандық және халықаралық деңгейдегі аккредитациялар мен марапаттарды иеленген Қазақстандағы университеттердің бірі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.