Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде 2022 жылдың 15 қараша күні «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтеді. Ашық есік күні Оқу-ағарту министрінің тапсырмасына орай ұйымдастырылып, республика бойынша техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары бір мезгілде осынау айтулы шараны атап өтуді жоспарлап отыр. Негізгі мақсат: экономиканы сапалы мамандармен қамтамасыз ету үшін жұмыс беруші мекемелер мен колледж арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату, маман даярлау ісінде жұмыс беруші тараптың ұсыныс , талап-тілектерін ескеру.
Оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан барша әлеуметтік серіктес мекемелер мен жұмыс берушілерді «Жұмыс беруші күні» ашық есік күніне белсене қатысып, нарық талабына сай мамандар даярлау ісіндегі жүйелі жұмысымызға ой-пікірлерін қосады деген сенімдеміз. «Жұмыс беруші күні» ашық есік күнінің бағдарламасы:
арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату.
Қатысушылар (мақсатты аудитория) — басшылар және (немесе) өкілдер:
— қамқорлық алған кәсіпорындар (ұйымдар);
— дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар;
— мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар;
— колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар;
— жергілікті атқарушы органдар;
— «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы;
— жұмыс берушілер қауымдастығы;
— ТжКБ мәселелері бойынша өңірлік, салалық кеңестер;
— бұқаралық ақпарат құралдары.
Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасы.
1) жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар);
2) оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесулері;
— кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру (академиялық тәуелсіздік, дуальды оқыту, кәсіпорындармен колледждерді қамқорлыққа алу, мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы, кәсіпорындарда мұғалімдердің тағылымдамасы және т.б.);
— жетекші кәсіпорынның жұмыс тәжірибесі (слайд көрсету, кәсіпорынды дамытудың жетістіктері мен перспективалары туралы бейнематериал, колледжбен ынтымақтастық, түлектерді жұмысқа орналастыру, мұғалімдердің тағылымдамасы);
3) «Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөздері» іскерлік ойындарын, пікірталас, тәлімгерлермен тренингтерді, кәсіпорындармен танысу экскурсиялары, жұмыс берушіден жаңа технологияларға шолу жасау бойынша қонақ лекцияларын өткізу;
4) жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің үздік жұмыс берушілерді грамоталарымен (құттықтау хаттарымен) марапаттауды ұйымдастыру;
5) меморандумдар мен келісімдерге қол қою;
6) колледж ұжымының шығармашылық тұсаукесерін, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін, көрмелерді және т.б. ұйымдастыру.