Қазығұрт: 2023 жылы – 5 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде

Білім беру жүйесінде жасалып жатқан жаңалықтар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға және өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталуда. Бұл бағытта Қазығұрт ауданында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Толығырақ Қазығұрт ауданының адами әлеуетті  дамыту  бөлімінің басшысы Уисимбаев Асан айтып береді.

«Ауданымызда бөлімге  қарасты  68 мектеп, 3 мектептен тыс мекеме, 77 мектепке дейінгі тәрбие беретін балабақша бар.Жаңа оқу жылына аудан мектептеріне 31 мыңнан аса оқушы келді. Оның ішінде 2831 оқушы 1 сыныпқа қабылданды. Олар үшін – 4362 мұғалім қызмет етеді.  Біліктілік деңгейлері бойынша 30-50 пайыздық үстемеақы алып жатқан мұғалімдер саны – 2306 (55%) (жоспар – 50%) (о.і.22 педагог-шебер,669 педагог-зерттеуші, 823 педагог-сарапшы және792 педагог-модератор) (2021 жылы жалпы мұғалім саны – 4059,  біліктілік деңгейлері бойынша 30-50 пайыздық үстемеақы алып жатқан мұғалімдер саны – 1902 (55%) (жоспар – 58%) (о.і.17 педагог-шебер,435 педагог-зерттеуші, 709 педагог-сарапшы және 741 педагог-модератор)»,-дейді  Уисимбаев Асан.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау  ауданда қалай жүзеге асырылмақ?

«Ауданымыздағы жалпы 68 мектептің алтауы бастауыш мектеп, 62 мектептің ішінде бес мектеп директоры қызметінің орны бос. (Т.Тоқтаров ат.жоббм, О.Жандосов ат.жоббм, Талдыбұлақ ноббм, Қазығұрт жоббм, Қызылдала жоббм).

57 мектеп басшыларының қызмет өтілдері төмендегіше:

1 – 4 жыл аралығындағылар 24 (42%)

5 – 6 жыл аралығындағылар 5 (9%)

7 жыл және одан да жоғарылар 28 (49%) , яғни 28 мектеп басшылары  ротациялауға жатады».

Жыл сайын дәстурлі түрде өтетін  білімді, талантты оқушыларымыздың «Үміт» форумына  республикалық, облыстық байқаулар мен сайыстардан жүлделі орындармен оралған 130 оқушы аудан әкімінің марапатына ие болды.

Халықаралық -1

Республикалық деңгейден —10

Облыстық деңгейден  —     119 

(2021 жылы 100 оқушы марапатталған)

2022 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша мұғалімдердің пән олимпиадасынның облыстық кезеңіне 11 мұғалім қатысып, 7 еуі жүлдемен оралды (І-1, ІІ-2, ІІІ-2, ном-2);    (2021 жылы 11 мұғалім қатысып, 5 еуі жүлдемен оралды (ІІ-2, ІІІ-2, ном-2)

2022 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9 – 11 сынып оқушыларының пән олимпиадасынның облыстық кезеңіне 50 оқушы қатысып, 34-і жүлделі орынмен марапатталды (І-4, ІІ-12, ІІІ-15, ном-3), республикалық кезеңіне 2 оқушы қатысып, біреуі (ІІІ орын) жүлдемен оралды;   (2021 жылы 40 оқушы қатысып, 21-і жүлделі орынмен марапатталды (І-1, ІІ-5, ІІІ-11, ном-4), республикалық кезеңіне 2 оқушы қатысып, біреуі (ІІ орын) жүлдемен оралды)                         

 2022 жылы  «Алтын белгіге»  үміткер оқушылардың саны –  89,  ақтағаны – 86  (2021 ж «Алтын белгіге»  үміткерлер саны   – 130 , ақтағаны 128). «Үздік  аттестатқа » үміткер саны – 126, ақтағаны –126  (2021 ж «Үздік  аттестатқа » үміткер саны 85 , ақтағаны  85)

2022 жылы бітірген 1864 түлектердің ЖОО және колледждерге қабылданғаны — 1432

Мемлекеттік гранқа – 660

«Серпінге» — 117

ЖОО ақылы негізінде – 553

Коледжге грантқа – 102

2022 жылы  қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлеріне   800  бала қамтылды. (2021 жылы  640  бала  жазғы сауықтырумен қамтылған)

Материалдық-техникалық базамен жарақтандыру туралы не айтасыз?

Жабдықталған оқу кабинеттерінің үлесі 65,7% құрап отыр.

Жалпы білім беру мекемелеріндегі кабинеттер:

31 химия (55,3%)

46 биология (82,1%)

50 физика (89,2%)

99 информатика (100%)

16 лингавонды (28,5%)

22 мультимедия (39,3%)

Инклюзивті біліммен қамтуға жағдай жасаған мектептер саны — 55, үлесі — 81%, (индикативті жоспар — 75 %) (2021 ж 54 мектеп жағдай жасап, үлесі  79,4 %)

2022-2023 оқу жылында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда педагогикалық-психологиялық қолдау қызметі жүзеге асырылып, ерекше білім беру қажетттіліктері бар балаларға жалпы орта білім беру мектептерінде арнайы педагогтар мен педагог асистенттер (тютр)  бөлінеді.

Жаңа оқу жылына ауданның мектеп оқушыларына 98308 дана оқулықтар алынады. Бүгінгі күнге дейін 34 мыңға жуық оқулықтар әкелінді, 1 қыркүйекке дейін барлық оқулықтарды оқушы қолына жеткізуге жұмыстар жасалуда.

Ауданда 2022 жылы типтік мектептер  саны  —  55, (үлесі 81 %) , ыңғайластырылған мектеп – 10, жалға алып отырғаны  – 3.

(2021 жылы  — 54 (79,4 % ).

2021 жылы 3 мектептің құрылысы (К.Әзірбаев, Кезеңбұлақ, Ақпарақ) пайдалануға берілген.

  2022 жылы  ауданда  7  мектептің  құрылысы  жүргізілуде.

2022 ж -2, 2023 жылы – 5 мектеп пайдалануға беріледі деп кутілуде

~ Екі апатты мектеп (П.Тәжібаева ат.жоббм, Т.Тула ат.жоббм)

~ Бір үш ауысымды мектеп (Амангелді ат.жоббм)

~ Екі ыңғайластырылған мектеп (А.Байтұрсынов ат.жоббм,  С.Рақымов ат. жоббм)

~ Екі мектебі жоқ елді мекеннен екі мектеп (Сырлысай, Жаңбыршы)

      2022 жылы 2 мектеп ғимаратын күрделі жөндеуді өткізуге 335 873,6 т қаралды. (Абай ат ЖОМ – 184 569,5 т. Алтынсарин ат ЖОМ – 151 304,1 т.)

Бүгінгі күні 7  мектепке құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ-сы жасалынған . Оның ішінде «Ақбастау» жом-нің ЖСҚ-ның мерзімі аяқталуына байланысты қайта түзетуге (корректировка) , А.С.Макаренко «Жеңіс» ЖОМ-не ЖСҚ жасатуға тиісті салалық басқармаларға ұсынылды.

2022 жылға білім саласының бюджетіне 23 619 004,0 мың теңге қаралып, қазіргі таңда 16 122 675,0 мың теңгесі игерілді, қалғаны жыл соңына дейін игерілу жоспарланған. (2021 жылы білім саласының бюджетіне 20 785 338,0 мың теңге қаралып, кассалық орындалуымен 20 785 338,0 мың теңге игеріліп, 100%-ға орындалды)

 

Осал топтағы оқушыларды әлеуметтік қолдау қай деңгейде жүзеге асырылуда?

  Қазіргі таңда Үкіметтің қаулысына сәйкес көмек алатын 3544 балаларға мектеп формасы мен оқу құралдарын алуға, ата-аналарымен және олардың заңды өілдерінің жеке есеп-шотына әр балаға 37389 теңгеден қаржы аударылды.

 (Оның ішінде: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала саны – 42, тұл жетім балалар саны – 65, аз қамтылған отбасыларындағы бала саны – 272, атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, күнкөріс деңгейі төмен отбасының балалар саны – 40, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардың бала саны – 3125)

1-6 жас аралығында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен бүгінгі күні 9050 бала қамтылып, жоспар – 86,8% құрап отыр. 77 балабақша мемлекеттік тапсырыспен қаржыландырылады.  (жалпы бала саны 9050, 1-2 жас аралығында 2857 бала, 3-6 жас 6193 бала, кезекте тұрғаны 1375 бала) 3 жекеменшік балабақша («Балдария-2020» б/б-125 орын, «Зара ана» б/б –175 орын, «Жасұлан» б/б–100 орын) кәсіпкердің өз қаржысымен қаржыландырылады (жалпы бала саны – 400, 1-2 жас аралығында 50, 3-6 жас аралығында 350 бала, кезекте тұрғаны 975 бала)

 

Жаңа оқу жылының  ерекшеліктеріне тоқталсаңыз…

  1. Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 3 тамыз № 348 бұйрығымен Білім берудің жаңа стандарты бектілді. Жалпы білім беретін мектептерде оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі (өзгерістер мен толықтырулармен). Үлгілік оқу жоспарын таңдауға мектептерге академиялық еркіндік берілген.
  2. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу птасы, 2-11 сыныптарда -36 оқу аптасын құрайды,яғни оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылды.
  3. 1-ші сыныптарда «Әліппе», «Ана тілі»  пәндері оқытылады, «Шет тілі», «Орыс тілі» пәні оқытылмайды.
  4. 4. 2-11 сыныптарда сабақтың ұзақтығы — 45 минут
  5. 5. Педагогтер 3 жылда кемінде 1 рет біліктілігін арттыру арттыру курсынан өтеді.
  6. 6. Мұғалім тапшылығын жою, сапаны жоғарылату мақсатында үздік педагогтар мен үздік педагогикалық ЖОО түлектерін тарту бойынша арнайы бағдарламаны мемлекеттік қолдау шаралары жалғасатын болады.
  7. 7. 1-11 сыныптарда 2022 жылдың 1 қыркүйегінде балалар жылына арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында сынып сағаттары, ашық сабақ өткізіледі. Білім күні салтанатты жиын өткізіледі. Өткізу форматын білім беру ұйымы дербес айқындайды.

    2016 жылдан бастап мектеп формасына қойылатын талаптар енгізілген. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 14.01.2016 ж. № 26 бұйрығы) Мектеп формасына бір ғана талап қойылып отыр: қара көк түсті форма мен ақ көйлек. Басқа талап жоқ! Егер бұрын соңды өзге форма алынып қойса, оны киюге рұқсат!

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.