Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан қаласының әкімі: «Түркістан қаласында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының «Еңбек» бағыты аясында 6912 адам жұмыспен қамтылды»

«Түркістан қаласы бойынша халықты жұмыспен қамту мен аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылып жатыр. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының «Еңбек» бағыты бойынша 6 912 адам жұмыспен қамтылды. Аз қамтылған азаматтарға, нақтырақ айтсақ, 3 727 отбасыға 1144,8 миллион теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Ал атаулы көмек алатын отбаслырға, 3927 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары бар себет берілді». Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы «Алатау» медиа орталығында бүгін журналистердің алдында берген брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков осылай деді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында алдағы реформалардың бағытын бес бағдар бойынша айқындап берді. Мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырту осы ұстанымдар арқылы жалғасын табады. Өздеріңізге белгілі, саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып келеді. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану жөніндегі тапсырмасы қазіргі таңда киелі шаһарымызда өз нәтижесін беруде. «Қуатты ұлттың діңгегі – халық». Бізге жүктелген негізгі міндет –  еліміздегі өзгерістер мен реформалардың халыққа қызмет етуін қамтамасыз ету. Осыған орай, Сіздерге Түркістан қаласында атқарылған жұмыстар бойынша баяндап өтуге рұқсат етіңіздер!» — дей келе, шаһар басшысы облыс орталығының өсіп-өркендеуінің жай-жапсарын түрлі салалар бойынша түсіндіріп өтті.

Ең әуелі Түркістан қаласының паспортына келсек, Түркістан қаласының жалпы аумағы 22,4 мың гектар аумақта орналасқан. 2022 жылдың 1 тамыз айындағы санақ бойынша халық саны 194 774 адамды құрап, өткен 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 5,6%-ға артқан. Мәлімет үшін айта өтейік, 2021 жылы халық саны 187 998 болған. Тұрғындардың ұлтына қарай пайызға шаққандағы үлесі келесідей: қазақтар – 72,1%, өзбектер – 25,6%, орыстар – 0,8 және өзге ұлт өкілдері – 1,5%.

Нұрбол Тұрашбековтің сөзіне сенсек, өндірілген өнім көлемі жөнінен де Түркістан қаласында әжептәуір ілгерілеу бар. «Айталық, 2021 жылғы қаламыздағы өнеркәсіп саласы бойынша өнім көлемі 14,8 миллиард теңге көрсеткішке ие болса, ағымдағы жылдың 9 айдағы мерзімінде 15,4 миллиард теңге болып, өткен жылғы көрсеткіштен 3,8%-ға артты» — дейді ол.

Қала экономикасына инвестиция тарту мәселесіне ойыссақ, ағымдағы жылы Түркістан қаласына 179,1 миллиард теңге инвестиция келуі жоспарланып, нақты орындалуы 192,1 миллиард теңгені құрап, былтырғы көрсеткіштен 7,3% артығымен орындалған екен. Жалпы 2019-2023 жылдар аралығында 95 инвестициялық жоба базасы мақұлданып, 761 миллиард теңге инвестиция келуі күтіліп отыр. Оның ішінде ағымдағы жылы шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 6,2 миллиард теңге шетел инвесторларынан қаржы түсіп, 278 жаңа жұмыс орны ашылыпты.

“TURKISTAN” индустриялы аймағында 19 жоба іске қосылып, қосымша 857 жаңа жұмыс орны ашылды

“TURKISTAN” индустриялы аймағын дамыту бағытында атқарылып жатқан мың-сан шаруаның тыныс-тіршілігіне тоқталған шаһар басшысы “TURKISTAN” индустриялы аймағының қолданыстағы 350 гектар аумақты алып жатқандығын және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуде екенін атап өтті. «Жалпы айтар болсақ, 13,1 миллиард теңге қаржы тартылып, 1330 жұмыс орны ашылып, 27 кәсіпорынды іске қосу жоспарда бар. Атап айтсақ, 2016-2022 жылдар аралығында 8,6 миллиард теңгені құрайтын 19 жоба іске қосылды, қосымша  857 жаңа жұмыс орны ашылды. 2016-2023 жылдары өнім көлемі 10,9 миллиард теңге болса, ал салық түсімі осы уақыт аралығында 1 миллиард теңгені құрады. Ағымдағы 2022 жылы 900 миллион теңгені құрайтын 3 кәсіпорынның іске қосылуы көзделіп (1. «Асфальт бетон» зауыты, 2. «Газоблок» зауыты, 3. «Газобетон» зауыты), қаламызда қосымша 54 жаңа жұмыс орны ашылады» — деді Нұрбол Тұрашбеков.

Осы ретте ерекше атап өтер жайт, шағын және орта бизнесті өркендету – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Экономиканы отандық өнім көлемін арттыру арқылы көтеруді көздеген мемлекетімізде бұл саланы дамытудың түрлі жолдары қарастырылып жатыр. Соның бірі — инвесторларды тарта отырып, өндіріс орындарын көбейту. Жеке кәсіпкерлерді қолдау, оларға лайықты жағдай жасау мақсатында құрылған «Turkistan» индустриалдық аймағында ілкімді істер аз емес. Осыдан тоғыз жыл бұрын құрылған аймақтың аумағы алғашында небәрі қырық гектар болып белгіленсе, кейіннен, яғни 2018 жылдың 27 желтоқсанында Түркістан қаласы әкімінің шешімімен тағы да екі жүз гектарға, артынша тағы жүз он гектарға ұлғайды. Нәтижесінде аталған индустриялық аймақтың қазіргі таңда жалпы аумағы 350 гектарды құрап отыр. Мұнда кәсіпкерлер үшін түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Кәсіпкерлер құжат рәсімдеу барысында уақыт жоғалтпайды, барлық жұмыс «Бір терезе» қағидасы аясында атқарылады. Өз жобасымен келген кәсіпкер тізбеге сәйкес қажетті құжаттаманы жинақтап, басқарушы компанияға ұсынса жетіп жатыр. Ал, индустриалдық аймақ өкілдері еліміздің өзге өңірлеріне, тіпті шетелдерге де шығып, инвесторлармен кездесулер  ұйымдастырып, келіссөздер жүргізіп, өңірдің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ұсынатын болады. 

Инвесторлар тартуға облыстық инвестиция және экспорт басқармасы, «Kazakh Invest» АҚ, «Turkistan Invest» және «Атамекен» кәсікерлер палатасы тарапынан да көптеген жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді. «Былтыр «Kazakh Invest» АҚ мен Түркістан облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшылары Өзбекстан және Түркия елдеріне іссапармен барып, екіжақты келісімдер жасасып қайтты. Сол келісімдердің нәтижесінде «Turkistan» индустриалды аймағына Түркиядан инвесторлар келіп, өз жобаларын осында жүзеге асыратын болды» дейді шаһар басшысы. 

Сондай-ақ, аталған аймақтағы кейбір шешімін күткен мәселелер де назардан тыс қалмады. «Turkistan» индустриалды аймағынан «Батыс Европа – Батыс Қытай» автомагистраліне қосылатын автожол бар, сонымен қатар индустриалды аймаққа теміржол тартылған. Мұның бәрі инвесторларды қызықтырып отыр. Бірақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газбен жабдықтауға техникалық шарттарды беруге мораторий жариялады. Осыған байланысты индустриалды аймақ қатысушылары техникалық шарт ала алмай, газ қосу мүмкіндігінен айрылып отыр. Бұл өз кезегінде кәсіпорындарының жұмысына кері әсерін тигізуде. Техникалық шартқа қатысты мораторийдің аяқталу мерзімі белгісіз. «Amanat» партиясының Түркістан қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясы «Turkistan» индустриалды аймағының теміржол тұйығының ағымдағы жөндеу жұмыстарына ықпал жасауда. Міне, осы мәселелер ертерек өз шешімін тапса, инвесторлар да кідірмес еді, олардың келуіне мүдделі болып отырған біздің де жұмысымыз біршама жандана түскен болар еді» — дейді индустриялық аймақ басшылары. 

Аймақтағы ірі жобалардың бірі – «Turkistan Textile» БК серіктестігінің жұмысы басталғанына да көп бола қойған жоқ. Бүгінде мұнда жүзге жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі үш азамат бар. Өзбекстандық инвесторлардың ықпалымен жүзеге асырылып жатқан жоба толық іске қосылғанда тағы сегіз жүз адамға жұмыс табылмақ. Ал, қырық гектар аумаққа орналасқан жиһаз шығаратын «Grand Miks» жеке кәсіпорны әзірше 170 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде өндіріс орнының төртінші кезеңін қолға алған олар келешекте тағы да 250 адамды жұмыспен қамтымақ. 

Түркістанда тұрғын үй құрылысы бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен бой көтеруде

Расын айту керек, бүгінгі таңда Түркістан қаласындағы құрылыс саласының көрігі қызып тұр. Қаладағы құрылыс көлемі қазіргі уақытта 109,4 миллиард теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда қабылданатын үйлер саны 6,2%-ға артты. Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 409,3 мың шаршы метрді құрайтын 111 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілу үстінде. Мемлекеттік бюджеттен басқа ӘКК «Түркістан» АҚ арқылы – 33 үйдің (67,4 мың шаршы метр), сондай-ақ жеке инвестициямен 80 үйдің (181,4 мың ш.м.) құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 9 айында 288,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өз кезегінде 2021 жылғы 9 аймен салыстырғанда (87,4 мың шаршы метр) 3,5 есеге артты. Нәтижесінде 2667 пәтерлі 42 тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы тұста анықтама бере кеткен жөн: Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде 14 839 азамат тіркелген.

Жауапты мамандар Түркістан облысы құрылғаннан бергі кезеңде Түркістан облысы үшін қаржыландырудың барлық көзі арқылы тұрғын үйді пайдалануға тапсыру көлемі 200 пайызға дейін өскенін айтып отыр. Мәселен, 2018 жылы 396,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2021 жыл қорытындысында 823,8 мың шаршы метр пәтердің кілті табыс етілді. Бұл көрсеткіш арқылы еліміздегі құрылысы қарқынды жүріп жатқан бірден-бір өңір – Түркістан облысы екенін білуге болады. Бұл туралы Үкімет отырысында да айтылды.

Жуырда киелі шаһарға іссапар­мен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды атажұртымыздың алтын қазы­­ғы деп атап өтті. «Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тари­хымызда айрық­ша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас дің­гегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы, осы облысқа ерекше мән беруіміз керек. Бұл ең алдымен, Үкіметіміздің басты міндеті», – деді Президент. Мемлекет басшысы қазақ жылнама­сына алтын әріппен жазылған көптеген тұлға­ларымыз­дың осында жерленгеніне тоқталып, былтыр қалаға Түркі әлемінің руха­ни астанасы деген мәртебе беріл­генін айтты. Пре­зиденттің пікірін­ше, бұл оқиға Түр­кістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді дегенді білдіреді.

«Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түр­кістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңы­рағы болып келеді. Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыр­оймен атқарып отыр. Сол себепті ата жолын ұстанып, Ұлттық құрыл­тайдың келесі отырысын Түркіс­танда өткізуді ұсындым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы атап өткен­дей, мұнда соңғы жылдары 77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынған. Сонымен қатар шаһар жасыл-желекке оранып, экология­лық ахуалы жақсарған.

Айтса айтқандай, Түркістан күн сайын құлпырып, жаңарып келеді. Әсіресе, тұрғын үй құрылысы бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен бой көтеруде. Бірқатарына тоқталып өтер болсақ, өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында биылғы жоспар 855 мың шаршы метр болып белгі­ленген. Жыл басынан бері 191,4 мың шаршы метр, яғни 1332 пәтер пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы мерзімі­мен салыстырғанда 117 пайызға ұлғайғанын айта кетуге болады. Жалпы, Түркістан облыс орталығына айналған 2018 жылдан бергі жылдарға қарасақ, едәуір өсім байқаймыз. Мәселен, 2018 жылы – 3 018 пәтер, 2019 жылы – 5 846, 2020 жылы – 6 059, ал 2021 жылы – 6 590 пәтер ел игілігіне ұсынылған. Биыл 97 көп­қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл шамамен 100-ден астам футбол алаңының көле­міне тең екен. Бұл туралы мәліметті Түр­кістан облысы Құ­рылыс басқарма­сының басшылығы атап өтті.

«Бүгінде Түркістан қаласын түр­кі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстары­ның 1-кезеңі аяқталды. Осынау кезең аясында әкішілік-іскерлік және рухани-мәдени орталықтары салынды. Оларды өзара байла­ныс­тыратын Б.Саттарханов даңғылы қайта құрудан өтіп, өндірістік аймақ құрылды», – дейді Түркістан облыс­тық құрылыс басқармасы басшы­сының орынбасары Серікжан Кеңесханұлы.

Жаңа әкімшілік-іскерлік орта­лығында 3 әкімшілік ғимарат, Кон­гресс холл, медиа орталық, Нұр-Сұлтан алаңы, спорт кешені, цифрлық кеңсе, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Оқушылар сара­йы, стадион, бассейн, Жібек жолы саябағы, музыкалық және 900 орын­дық мектеп салынып, пайда­лануға тапсырылған.

Ал рухани-мәдени орталығында Халықаралық университет, Драма театр, Ұлы дала елі, Яссауи мұра­жайы, Визит орталығы, Шығыс моншасы, Неке сарайы, Ғылыми-әмбебап кітапхана, Амфитеатр, Музыкалық фонтан, Керуен Сарай туристік кешені, Hampton by Hilton қонақ үйі нысандарының құрылысы жүріп, бүгінде олар жұртшылыққа қызмет көрсетіп отыр. Тұңғыш Президент саябағының және Қазақ хандығы мемориал кешенінің құ­рылысы таяу күндері аяқталып қалады деп күтілуде.

Одан бөлек, Б.Саттарханов даңғылы бойында 4 шақырым желілік саябақ салынған, 25 300 түп ағаш егіліп, 317 шағын архитек­туралық нысандар орнатылған.

Облыс орталығы Түркістан қала­сында көз тартар көркем ғимарат­тардың көбейіп жатқаны рас. Rixos Turkistan, Hampton by Hilton Turkistan қонақ үйлері де — соңғы жылдары киелі шаһарға ағылып жатқан туристерге қызмет көрсету үшін салынған заманауи ғимараттар.

Сондай-ақ сыйымдылығы 18 миллион текше метр (м/3) болатын «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы және «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» су нысандары салынған.

Көне шаһардағы құрылыстар қарқыны әзір де толастап жатқан жоқ. Әкімшілік-іскерлік орта­лығында теннис орталығы, мұз сарайы, 500 орындық жатақхана­сымен 700 орындық Дарын мектебі, ішкі істер органдарының ғимарат­тары, спорт кешендері бар есу каналы, жасанды көлдер және инженерлік инфрақұрылымдар қызу жүріп жатыр. Сондай-ақ келешекте жалпы 4,8 миллион шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтерді пайда­лануға беру жоспарлануда.

Серікжан Кеңесханұлы сонымен бірге жаңадан құрылған облыс орталығында барлық сала бойынша құрылыстың қызу екенін айтады. Мәселен, денсаулық сақтау сала­сында 570 төсектік көпбейінді ауру­хана, жедел медициналық жәрдем стансасы және Ана мен бала орта­лығы салынып пайдалануға беріл­ген. Ал мәдени-рухани орталықта Күл­төбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Керуен Сарай» тұрғын үй кешені, «Аманат» коттедж қалашығы, «Medina Palace» қонақ үйі, «Хилует» мәдени-рухани орталығы бой көтермек. Қысқасын айтқанда, түркі жұртының рухани астанасы күн өткен сайын көркейіп келеді.

Түркістан қаласы тарихи туризмнің алтын ұясы

Енді туризм саласы хақында. Брифинг барысында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков: «2021 жылдың 9 айында 1247,2 мың турист келсе, ағымдағы жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 1310,5 мың адамға жетті. Оның ішінде 2021 жылы шетелден 4,4 мың адам келетін болса,          2022 жылы 4,8 мың адамға арту динамикасы байқалуда. 2021 жылы жалпы шаһарымызға 1417 мың адам келген. Орналастыру орындарының саны 2021 жыл 9 айында 45 болса, 2022 жыл 9 айында 57-ге жетті. Нөмірлер саны (бірлік) 2021 жыл 9 айында 951 болса, 2022 жыл 9 айында 1191-ді құрап отыр. Ал төсек-орын саны (бірлік) 2021 жыл 9 айында 1944 болса, 2022 жыл 9 айында 2467-ге жетті» — дейді.

Негізі туризм – әлемде дамуы жағынан дес бермей келе жатқан, ауқымы кең сала. Әлемде туризм саласымен ғана дамып, байып, елдің ішкі және сыртқы экономикасын қалыптастырып отырған мемлекеттер көп. Атап айтқанда, Еуропа елдері, Оңтүстік Америка, Шығыс Азия және теңіз, мұхиттармен жалғасып жатқан аралтектес мемлекеттер. Қазақстандағы туризмі дамып жатқан, енді қарқын алып келе жатқан сала. Соған қарамастан, отыз жылдан астам уақыт ішінде бүгінгі күнге жету үлкен жетістік. Бұған септігін тигізіп отырған туризм саласы десек, артық айтқанымыз емес. Еліміздегі туризм саласын қалыптастыруға және дамытуға оның географиялық картасы да, орналасу аумағы да, табиғаты да сай келеді. Арысы мұнаймен, құмды даламен шектесетін елдің орталығы да, солтүстігі де  керемет байлықтармен байып жатыр. Ата-бабамыздан қалған ен байлығымыздың бірі – жер десек, жеріміз кең, әрі бай, таулы аймағымыз мол, орманды алқабымыз жеткілікті. Қазақстанға туристердің келу үрдісі жалғасуда. Елімізге келетін туристердің, жиһанкездердің айтуынша, Алматы, Астана, Көкшетау, Ақтау және қаншама мың жылдық тарихы бар Түркістан – Қазақстандағы ең керемет туристік қалалар қатарына жатады.

Қазақстан туризмі дамып, қарқын алып келе жатыр. Туристік саланың дамуы бір табиғаттың әдемілігімен ғана емес, туристік бағытты дамытуға арналған құндылықтарымен де ерекшеленеді.  «Туризм» – француз тілінде – серуендеу, жол жүру, яғни адамның бос уақытында  мәжбүрлеумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін тәуекел жасауы. Жақын жерге баруды – серуен десек, ұзақ, алыс жерге бару – саяхаттау деп аталады. «Туризм» сөзінің алғашқы анықтамасын профессорлар Хунцикер мен Крапф 1942 жылы ұсынған. Туризм – әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады. Адамдардың өз аумағынан тыс жерлерге орналасуы мен тұрақтануынан туындаған іс-әрекеттер мен құбылыстардың жиынтығы. Егер олардың орналасуы мен тұрақтылығы негізгі, тұрақты немесе уақытша пайдаланылмаған болса.

Туризм – Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі. Қазақстанның әрбір аймағы – туризм кластерінің ошағы. Еуразияның кіндігінде орналасқан, Ұлы Жібек жолының дарқан даласына айналған өлкеде ертеден қалалар тұрғызылып, мәдени ошақтар салынды. Қазақстан өзінің бай табиғатымен, сырға толы өзен-көлдерімен, тау-тастарымен, орман-шөлейттерімен талай тарихи оқиғалардың куәсі болды. Мыңжылдық өркениет тоғысы бар шежірелі қалалар талай соғысты басынан өткізді. Қазақ хандығының, Қыпшақ ұлысының, Түрік қағанатының астанасы болған қалалар да жетерлік. Ондай қалалардағы ескерткіштер, мәдени орындар, ескі ғимараттар, шежірелі тарих болып қалмақ.

1500 жылдан астам тарихы бар, Қазақ хандығының астанасы болған, шартарапқа кеткен керуен жолдарының тоғысқан жері, Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласының тарихи-туристік нысандары да жетерлік. Сондықтан Түркістан шаһары – қаймағы бұзылмаған қазақтың қара шаңырағы. Берекесі ұйыған киелі мекен. Мағжан ақын жырлағандай, «Екі дүние – есігі, ер түріктің – бесігі», түркі әлемінің рухани ордасы. Түркістан шаһары бүгінде облыс орталығы ғана емес, еліміздегі ұлттық болмысымыздың, рухани қазынамыздың орталығы, яғни түркі дүниесінің рухани астанасы болып отыр. Облыс орталығы болғалы Түркістан қаласы түркі елдерінің басын біріктіріп, жақындастыра түсетін «Алтын көпірге» айналуда.  Орта Азия елдері мен Түркия мемлекетінің жалпы съездері, мәдени-рухани басқосулары, түркі мемлекеттерінің саммиттері Түркістан шаһарында жалауын көтереді. Оның мақсаты – рухани қалада экономика және әлеуметтік саланың тамырына қан жүгіріп, мәдениет, білім және рухани ағартушылық бағыттағы жұмыстарды жандандыру.

Түркістан қаласының облыс орталығы ретінде анықталуы – ел тарихының жаңа парағы. Шаһар төңірегінде туризмді дамыту үшін ауыл шаруашылығының барлық бағыттарын, өнеркәсіп саласын дамыту үшін тың қадамдар іске асырылатыны анық. Яғни бұл қадам өңірдегі экономиканың бизнестің, инфрақұрылым мен жолдың дамуына мүмкіндік туғызады. Түркістанның киелі мекен ғана емес, үлкен мәдениет орталығы, экономикалық ошағы ретінде дамуына мүмкіндік туғызады. Әкімшілік орталықтың көшірілуі жаңа жұмыс орындарын шоғырландырып, еңбекке жарамды халықтың басым көпшілігін жұмыспен қамтамасыз етеді. Киелі шаһар ежелден сауда-саттықтың ортасы, ынтымақтың ордасы болғандықтан, Ұлы Жібек жолының бойында оның құндылығы арта түседі.

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Әсіресе, туризм кластерінің басым бағыты, көлік инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған. Облыс орталығы – Түркістан қаласы — тарихи туризмнің алтын ұясы. Қалада туристер мен қонақтарға, тұрғындарға қажетті ойын-сауық орталықтары, заманауи қонақ үйлер, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық-демалыс нысандары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай салынып, халықтың игілігіне жарауда. Сондықтан Түркістанда толықтай туристерге қызмет көрсете алатын орындар баршылық.

Тарихи туризм ошақтары көп облыстың табиғаты әсем, шежірелі өлкелері де жетерлік. ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, көне Отырар, Сауран қалашықтары, Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесі, Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері мен Ақмешіт үңгірі, Түлкібас ауданының қайталанбас әсем табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық-табиғи паркі көптеген саяхатшыларды тамсандырған мекендер. Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласының тарихи-туристік нысандары да жұртшылыққа мәлім.

Шавгар – Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала. ХІV ғасырда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынғаннан кейін Түркі әлемінің діни орталығына айналды. ХV ғасырдан бастап, Түркістан қаласы саяси және экономикалық орталық болды. 1598 жылдан бастап, Қазақ хандығының астанасы деп танылды.  Бүгінде Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи кесенесінде қазақтың небір хандары мен билері жерленген.

Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы. Түркістан қаласының тарихи туризмінің басты нысаны ретінде 1991 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Республикалық Мемлекеттік тарихи-мәдени «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайын» айтуға болады. Тарихи мұражай қорына Қазақ хандарының зираттары, ұлы астроном, ғалым Ұлықбектің қызы Рабия Сұлтан Бегімнің мазары, ортағасырлық «Шығыс моншалары», Жер асты мешіті, т.б тарихи нысандарды жатқызуға болады. Ескі Күлтөбе қаласы, ортағасырлық Түркістан қалаларының қазіргі орны, алғашқы тарихи мұражайлардың маңызы ерекше.

Ортағасырлық Түркістан қаласының маңызы, мұнда ертеден шахристан, рабаттар, шағын сауда ошақтары орналасқан.  Қаланың солтүстік және батыс бөлігінде мұнара мен қабырға қалдықтары сақталған. Қаланы айналдыра қоршаған қабырғаның ұзындығы 3,5 шақырымға жуық. Жер қабаттарын зерттеулер бойынша, қаланың қамалы Монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасып, XV-XVII ғасырларда кесененің батыс жағында шахристан пайда болған. Күлтөбе қаласынан 350 м қашықтықта орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – Түркістанның бақыты. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің, XII ғасырда өмір сүрген ұлы ақын, сопы Яссауи тариқатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Яссауидің бейітінің үстіне салынған. Бұл ғимаратты XIV ғасырда атақты қолбасшы Әмір Темір салдырған. Ол – өз заманындағы сәулет өнерінің барлық жетістіктерін бойына жинаған құрылыстардың бірі. Оның негізін жамағатхана, қабірхана, мешіт, үлкен және кіші Ақсарай, кітапхана, асхана, құдықхана және хужра бөлмелерін құрайды. Бүгінде күрделі жөндеуден өткен тарихи нысан жылына мыңдаған туристі тартып, өзі қызықтыруда. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның мұралары тізіміне енген ескерткіш.

Есімхан кесенесі. Тәуекелден кейін 1598 жылы тарих сахнасына Есімхан шығады. Ол кесене жобасында төртбұрышты, оның қасбеттері-фасаттары плиткалармен қапталған. Құрылыстың сағана бөлігі сақталған. Архитектуралық, археологиялық зерттеулерге қарағанда, бұл құрылыс XVII ғасырда салынған. Кесенеге қазақ ханы, кейінгі ортағасырлық Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері Есім хан 1628 жылы жерленген. Есім хан бұдан бұрын да ағасы Тәуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға қатысқан, «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған батыр. Шығай ханның ұлы Есім хан жерленген кесене.

 Рабия Сұлтан бегім кесенесі. Жобасында төртбұрышты. Ол ішкі 8 қырлы және 4 төртбұрышты бөлмелерден тұрады. Бұл құрылыс туралы алғашқы деректер XVI ғасырдан бастап кездеседі. Рабия Сұлтан бегім Ұлықбектің қызы, Әмір Темір көрегеннің немересі, көшпенді өзбектердің ханы Әбілхайырдың әйелі болған.

Қылует жер асты мешіті. (ХІІ-ХІХ ғасырлар) Ахмет Яссауи кесенесінен оңтүстікте, 150 метр қашықта орналасқан. Оның салынуы Ахмет Яссауидің есімімен тығыз байланысты. Құрылыс ХХ ғасырдың 40-жылдарында толығымен бұзылып, қыштарын зауыт салуға қолданылған. Археологиялық, архитектуралық зерттеулерге сәйкес 1941 жылы жасалған макетке сүйене отырып, Қылует жер асты мешіті толығымен қалпына келтірілген. Құрылыстың ең көне бөлігі – ғартхана (XII ғ.) бөлмесі болып табылады. Жер бетінен 4 метр тереңдікте орналасқан бұл бөлменің көлемі 1,5 х 1,5 метр. Ахмет Яссауи пайғамбар жасына толған соң, қалған өмірін жер астында өткізген.

Ортағасырлық шығыс моншасы. (XVI ғасыр) Ахмет Яссауи кесенесінен оңтүстік-шығыста, 150 м қашықта орналасқан, 7 бөлмеден тұрады. Монша 1978 жылға дейін жұмыс істеп келген. 1979 жылдан бастап, оның негізінде Шығыс моншасы мұражайы ашылған.

Құмшық ата жер асты мешіті. (ХІІ ғасыр) Ахмет Яссауи кесенесінен оңтүстік-шығыста, 1 шақырым қашықта орналасқан. Жер асты мешіті сопылардың діни-ғұрыптық құрылыстары қатарына жатады. Ол да күйдірілген қыштан салынған. Сопылардың діни рәсімдер өткізуіне арналған. Құмшық Ата мешіті екі бөлмелі, ұзынша келген (10 метрге жуық) ені тар дәлізді, шыға берісінде есігі бар үңгір құрылыс. Шаршы шикі кірпіштерден қаланған. Түкпірдегі мекен-жай көлемі 2х2 м-ге жуық, биіктігі 1,6 м, төбесі шатырлы күмбезбен көмкерілген. Оған іргелес диаметрі 2,5 м және биіктігі 2 м-дей дөңгелек пошымды үй күмбезделіп жабылған. Дәлізі иірлі келген, негізгі құрылыс күйдірілген кірпіштен қаланған күмбезбен көмкерілген. Төбенің орта деңгейінен құдық тәріздес, диаметрі 1 м-дей, дәлізге жарық түсетін ойық жасалған. Жер асты мешітіне кіретін есік қирап қалғандықтан, баспалдақтың сатылары анықталмаған. Мешіт пен дәліздің қабырғасы шаршы пішінді күйдірілген кірпіштен өрілген. Бөлме қабырғаларында шырағдан қоюға арналған шағын қуыстар бар. Құрылыстың ішкі құрылымы сыланбаған. Жер асты мешіті Х-ХІІ ғасырларда өмір сүрген әулие Құмшық Атаның есімімен байланысты айтылады. Зерттеулер Құмшык Ата мешіті ХІІ ғасырдан бастап халық жиналып, діни уағыздар рәсімі өтетін орын болғанын растайды.

Гауһар ана кесенесі. Тарихи деректер бойынша, Гауһар ана – Қожа Ахмет Яассауидің қызы. Гауһар ана бейіті – тарихи-архитектуралық құнды ескерткіштердің бірі. Кесене Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан – Шәуілдір автокөлігі жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан. Гауһар ана кесенесінің ені 20 метрге жуық кішкене төбе болып келеді, алғашқы қабірдің орны бұзылып кеткен, шатыры жоқ, төрт құлақты дуалдан тұрады. 1990 жылдары қаббірдің жанынан зиратшыларға арналған үш бөлмелі құрылыс тұрғызылды. 1989 жылдан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының қарамағына енгізіліп, қорғауға алынған.

Әлқожа ата кесенесі. Кесене ХІІ-XV ғасырлар шамасында салынған. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен шығысқа қарай 2,5 шақырым жерде Ә.Тұтқабаев көшесінің бойында орналасқан. 1997-1999 жылдар аралығында өзінің сәулеттік ерекшеліктері толық сақталып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қабірхана, жамағатхана және бастырмадан тұратын ескерткіш күйдірілген кірпіштен қаланған.  Қабірхана мен Жамағатхананың бөлмелері күмбезделіп жабылып, төрт жағынан терезе ойықтары орнатылған. Бастырмасы айнала төрт қырланып, кірпіштен өрілген. Халық аузындағы аңызға қарағанда, Әлқожа ата Қожа Ахмет Яссауидің күйеу баласы, яғни Гауһар ананың күйеуі болғандығы айтылады. Жалпы қорғау аймағы — 3,0 гектар.

 Жұма мешіті. Республикалық маңызы бар ескерткіш болып табылады. Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығының құрамына кіреді. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен 125 метр қашықтықта, «Қылует» мешітінің жанында орналасқан.

Шілдехана. XII-XIV ғасырлардағы сәулет ескерткіші Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ескерткіш қиратылып, 1980 жылы қалпына келтірілді. Шілдехана – бұл жартылай жер асты ғимараты, оның сақталған бөлігі жер астында, беткі жағынан 2 метр тереңдікте орналасқан.

Цитадель – қамал қабырғасы. Қамалдың, рабадтың және Қожа Ахмет Яссауидің айналасындағы бекініс қабырғасы XV-XIX ғасырлардан бері келе жатқан мұраға жатады. Ескерткіш қамал қабырғасының жұрнақтары болып табылады. Қабырғаларды қала қабырғаларына іргелес шамамен 150 метр болатын шұңқырмен қаптаған. Қабырғаның сақталған бөліктері биіктігі 10 метрге дейін көтерілген.

Қақпалар. Халық арасында «Төрт қақпалы Түркістан» деген атпен белгілі, ХІХ ғасырдан қалған Жеті ата, Тәкиә, Мүсәллә және Дарбаза қақпаларының дәл орындары анықталып, археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қақпалар ортағасырлық Түркістан кезінде тұрғызылған.

Хан ордасы. Бұл жер Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен 300 метр қашықтықта орналасқан. Ең алғашқы ақпаратты XVIII ғасырдың соңында құрастырылған орыс археологиясының жетекшісі Д.г.Мессершмидт картасынан табуға болады. 1875 жылғы қала жоспарымен 1954 жылғы картамен салыстыра отырып, жоспар-сызбаларымен бір хан ордасының нақты орналасқан жерін көруге болады. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі ғимараттардың XVII ғасырдың соңында немесе XVIII ғасырдың бірінші жартысында салынғанын көрсетті.

 Күлтөбе ескі қаласының орны. Күлтөбе ортағасырлық Түркістан қаласының шығыс жағында, Қ.А. Яссауи кесенесінен оңтүстікке қарай 480 метр жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 235 метр. Сопақша келген, биіктігі 9 метр, аумағы 150х120 метр ауқымды төбешік болып келеді. Ескерткіштің топографиясы күшті өзгеріске ұшыраған. Күлтөбеде алғашқы болып археологиялық қазба жұмыстары 1972-1974 жылдары Т.Н.Сенигова басқарған Түркістан отряды арқылы жүргізілді. Белгілі археолог Е.А. Смағұловтың пікірінше, қала б.з.д. ІІ ғасырда Жібек жолымен қатар қалыптасқан.

Түркістан қаласындағы мәдени-тарихи нысандарды дамыту бағытында салынған «Түркістан тарихи-этнографиялық орталығындағы» тарихи-мәдени жәдігерлердің орны бөлекше. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ашылған бұл орталықтың туристерге берер тәлімдік-танымдық маңызы зор. Бүгінде бұл орталық ғимараты қала әкімдігіне ауысып, жаңадан «Ұлы Дала Елі» атты бүкіл тарихынан жанды сыр шертетін кешенді құрылыс ғимараты осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген. Бүгінде кез келген турист, не қонақты апарып көрсететін арнайы тарихи орынға айналған. Ғасырлардан-ғасырларға жалғасып келе жатқан қазақ тарихының қырлары мен сырлары осы ғимаратқа кірген туристердің танымын арттырып, баурап алары анық. Осы тарихи жәдігерлердің өзі-ақ қаншама ғасыр өтсе де, киелі қалаға туристерді қабылдауда маңыздылығын жоймай, кейінгі ұрпақтың көзіне сүртіп көрсетер құндылығы болуда.

Өткен жылы Түркістанға 1300-ден астам туристер келген. Облыстық кәсіпкерлік индустриялық-инновациялық даму дәне туризм басқармасының мәліметінше, сол туристердің басым көпшілігі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, АҚШ, ҚХР, Германия, Италия елдерінен келген. Шетелдіктерден бөлек, Қазақстанның барлық аймағынан шипажайларға, тарихи орындарға келушілер баршылық. Демек, туризм Түркістан үшін таптырмас табыс көзі болғалы тұр.  Облыс орталығы Түркістан қаласының өзі түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде талай туристі қонақжайлылықпен қарсы алатыны анық. Соған сай, көрсетілетін қызметтердің де сапасын жоғары талапқа сай етуді, қаланың туристік әлеуетін арттыру бойынша нақты қадамдық іс-шаралар жоспарын бекіту тиісті мекемелерге тапсырылған. Облыс орталығы атанған уақыттан бері бұл жұмыстардың ауқымы барынша ұлғая түскен.

Ежелден рухани астана болып саналған Түркістан қаласы туризм кластері бойынша дамып, жылына миллиондаған туристерді қабылдайтын күнге де жетті. Ұлы Жібек жолының дарқан даласына айналған өлкеде ертеден қалалар пайда болды, мәдени ошақтар салынды. Соңғы үш жылда Түркістан облыс орталығы болып, адам танымастай өзгерді. Жаңа құрылыс нысандары ерекше үлгіде бой көтерді. Бұл қаланың өсіп-өркендеуімен қатар, туризмнің қарқынды дамуына серпінді әсер етері сөзсіз.

Түркістан халқына және киелі қаланы арнайы көруге келген, саяхаттаушы туристерге барлық жағдайды жасау мақсатында, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі қолға алынып, шаралар жүргізілуде. Түркістан қаласы аумағында супермаркеттермен қоса, жалпы саны 12 әлеуметтік дүкен орналасқан. Алдағы уақытта қосымша 10 әлеуметтік дүкен ашу жоспарлануда. Түркістан қаласы аумағында орналасқан 3 ірі супермаркетте әлеуметтік бұрыш ашылған. Қазіргі уақытта қосымша 30 әлеуметтік бұрыш ашылуда. 4 түрлі тауар түрлері 30 әлеуметтік дүкенге жеткізілуде. Алдағы 2 апта көлемінде толықтай жұмыс жасайтын болады. Қала аумағында 55 тұрақты емес сауда орындарын ашуға, 165 жаңа жұмыс орындарымен қамту қарастырылған.

2021 жылы 40 мың шаршы метр сауда алаңы бар, сәулетті «Керуен-сарай» кешені іске қосылды. «Керуен-сарай» шығыстық жаңа үлгіде салынған. Келген қонақ, туристерге барлық жағдайы қарастырылған. 40 мың шаршы метрге созылған аумақты жағалай, айналдыра салынған толық қолайлы қонақ үйлер, дәмханалар, ойын-сауық орындары, түрлі аттракциондар, т.б ерекше көз тартады. Зәулім сарай 510 орындық «Облыстық Драма театрының» сұлулығы көз тартады. Бүгінде театр ұжымы өз жұмысын бастап, алғашқы қойылымдарымен көрермендерін қуантуда. Қала ортасынан бой көтерген ерекше сәнді «Амфитеатрдың» өзі неге тұрады. Бейне бір ашық, жан-жағынан еркін кіретін дала театры ма дерсің! Сонымен қатар, Түркістанда «Хазірет Сұлтан» Халықаралық әуежайы пайдалануға берілді. Түркістаннан ұшаққа міне алады, Түркістанда ұшақтан түсе алатын жағдай түркістандықтардың өмірбойғы қолжетпес арманы еді. Бұл арманға да Алла жеткізді! Осындай қажетті нысандар қала туризмін дамытуға елеулі серпін берді.

Осы жұмыстар, жалпы туризмді дамыту бойынша мәдени-рухани орталықтың жұмысының қарқынды дамуына әсер етуде. Нәтижесінде 2021 жылы қаңтар-желтоқсан айларында Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 1 506 080 құраса, 2022 жылдың күні бүгінге дейінгі көрсеткішін шаһар басшысы жоғарыда айтты.

Туризмді дамытуда қолөнершілік түрі туристік индустрияның қажетті құрамдас бөлігі болып келеді және туризмді дамыту жөніндегі көрсеткіштерін жақсартуға үлесі айтарлықтай. Қолөнершілер орталығын салу арқылы Түркістан облысы бойынша қөлөнершілердің басын қосып, өңірдің туристік әлеуетін қолөнер туындылары арқылы жылжыту ісі маңызды болып саналады.

Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі мен асханасынан сыр шертетін, туристік ойын-сауық этно-кешеннің болуы туристердің қаламызға деген қызығушылығын арттырады. Аталған жоба арқылы туристердің қалада болу мерзімін ұзартуға, бюджеттік түсімдерін арттыруға өз септігін тигізеді.

Ежелгі заманда адамдар жазба, таңбаларды тасқа қашап жазса, бертін келе қазақ халқының жаны бейнеленген, өзінің баға жетпес мұрасын, белгілер мен нышандарын кілемге тоқып көрсеткен. Кілемдер – халқымыздың ұлттық рухының көрінісі. Халқымыз кілем тоқу ісіне қатты мән берген. Өзінің ішкі ойын, кең даланың ен байлығын, береке-бірлігі мен ынтымағын ою-өрнекке сыйғыза білген. Кілемдердің өрнектері бізге шеберлердің ішкі ойлары мен құпияларын ашады, сонымен қатар, оларды жасау уақыты мен орнын көрсетеді. Қазақ халқының философиясы мен дүниетанымын көрсететін жәдігерлерді сақтауға, туристік қуатын арттыруға, келешек ұрпаққа дәріптеу мақсатында, «Кілемдер мұражайы» жобасын Түркістан қаласында іске асыру – келешек ұрпағымыздың алдындағы маңызды міндетіміз болып табылады. Сондай-ақ алдағы уақытта, мұражайға қатысты бірнеше бағыттарда жұмыс жүргізу мәселесіне ерекше көңіл бөлінсе…

Түркістан қаласы қазіргі таңда туристік ресурстарға бай өлке, алайда қаламызға келетін туристердің саны көрші мемлекеттердегі қалалармен салыстырғандағы көрсеткіштері төмен. Осы орайда келу туризмін дамыту мақсатында, халықаралық туристік маршруттарға Түркістан қаласын енгізудің маңызы зор. Өңірде халықаралық маршруттарға ену үшін инфрақұрылым жүйесі өткен жылдармен салыстырғанда жоғарғы деңгейде. Шаһарымыздың темір жол және тас жол даңғылында орналасуы, сондай-ақ ағымдағы жылда әуежайдың салынуы туристік алмасуды – трансферді оңтайландырады. Осындай керемет үлгіде салынған әуежайы бар киелі қалаға туристердің келуі әзірге көңіл көншітпейді. Ол үшін туризмді жетілдіру мақсатында шетелдік туристердің әуежай арқылы дүрмек-дүрмегімен ағылып келіп жатуы үшін саяхатталатын жердің жарнамасы (біздің шетелге асыққанымыздай, алдын ала барлық мәліметті біліп отыратынымыздай) көркем жасалса, көрсеткіштерін жақсарту үшін ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысандарды салудағы инвестициялық жобалар тізіміне аталған жобаның еңгізілуіне басшылық тарапынан ықпал етілсе. Өңірді халықаралық туристік бағыттарға енгізу мақсатында жоғарғы деңгейде мәселе көтеріліп, көрші мемлекеттердегі қалалармен (Бұхара, Хиуа, Самарқан, Ташкент, Ашхабад, Санкт-Петербург, Мәскеу, Баку және т.б.) тығыз байланыс жүргізіліп, Түркістан қаласын Халықаралық туристік бағыттарға енгізуге ықпал жасалса, «жұрттың Дубайдың ыстығын аңсағаны сияқты, Түркістанның шыжыған күнін аңсап, лек-легімен ұшақтан түсіп жатар ма еді» деген ой мазалайды. Ондай жағдайда, ел экономикасы көтеріліп, тұрмыс жағдайы бұрынғыдан да жақсарып, әлемдегі шағын да болса, туризммнен көтерілген бай елдердің қатарына қосылар еді. Ата-бабадан қалған жәдігерлеріміз бен ұлттық құндылықтарымыз бізге осыны ұсынып тұр емес пе? Неге соны тездетіп, өз деңгейінде пайдаланбасқа?! Түркістан облысының туристік әлеуеті бұған жетіп артылатыны белгілі.

Қала халқы мен туристердің қозғалысына, орналастыру, тамақтандыру, тарихи-мәдени нысандар жайында ақпарат беретін оффлайн режимінде қызмет көрсетін 2GIS бағдарламасына Түркістан қаласын енгізудің маңызы зор. Компания ақпараттардың 95 пайызы міндетті түрде сәйкес келуі тиіс деген қағидамен жұмыс жүргізеді. Анықтамада әрбір ұйымның мекен-жайы, телефоны, жұмыс уақыты, интернеттегі мекен-жайы, ғимаратқа кіретін тұсы көрсетіледі. Одан бөлек, компанияның арнайы «визиткасында» көрсетілетін қызметтер түрі мен төлем жасау әдістері және тағы басқа қызметтер бар. Байланыс орталығының мамандары анықтамалықтағы ақпаратты жылына төрт рет жаңартып отырады.

2GIS оффлайн және онлайн  режимінде жұмыс істейтін бағдарламасына Түркістан қаласын енгізу үшін қаржы қарастырып, инвесторларды тартуға ықпал етілсе. «2ГИС карталары аумақты жер серігімен түсіру арқылы суреттейді. Ал үш өлшемді ғимараттар бірнеше ракурстан алынатын суреттердің көмегімен жасалады. Түркістан қаласының туризмін дамыту үшін инфрақұрылымдарды дамытудың бір бөлігі ретінде маңызды жоба болып есептеледі. Әрине, аталған жоба қомақты қаражатты қажет етеді, кезінде қараусыз қалып, шаңы төбеге көтерілген осынау киелі қалаға соңғы үш жылда ерекше көңіл бөлінгендіктен, өз қасиетіне тез оралтқан жандарға әлі де қаражат құю, оны осындай халықтың қолжетімді, бақытты өміріне жұмсау түк те емес. Болмайтынның көз алдында тез болатынына түркістандықтардың көзі әлдеқашан жеткен!

Туризмнен түскен табыс халықтың экономикасы мен тұрмысының көтерілуіне игі ықпалын тигізеді. Қазақстанның, оның ішінде Түркістанның туризміне қолайлы, тарихи орындар, салынып жатқан небір алып нысандар, аспанмен бой таласқан зәулім ғимараттар, жасалып жатқан көптеген игі істер жайында түннен-таңға айтуға болады. Осының бәрі түркістандықтар үшін оның бақытты тұрмысы, келген туристің жақсы серуені мен саяхаты, ең бастысы, келер ұрпақтың жайлы өмірі үшін сақталып келген, жасалып жатқан құндылықтар екені даусыз! Алдағы уақытта Түркістан туризмі дамып, өркендеп, әлем елдерімен иық теңестірері, ол жөнінде әлі талай айтыла берері де сөзсіз.

Түркістан қаласында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 6912 адам жұмыспен қамтылды

Түркістан қаласында әлеуметтік сала бойынша  көңіл көншітер біраз жұмыс атқарылды. Нақтырақ айтсақ, халықты жұмыспен қамту мен аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылып келеді. «Ұлттық жобаның «Еңбек» бағыты бойынша 6 912 адам жұмыспен қамтылды. Аз қамтылған азаматтарға, яғни 3 727 отбасыға 1144,8 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Атаулы көмек алатын отбасыларға, 3927 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары бар себет берілді. Түркістан қаласында 4 ҰОС ардагеріне 1 миллион теңгеден және 409 тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңгеден қаржылай көмек төленді» — деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

Орайы келгенде айта өтейік, аталмыш Ұлттық жобаны әзірлеудің мақсаты: кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту; экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену; кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту. Күтілетін экономикалық тиімділік (сандық мәнде): 1. ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 35 %-ға дейін жеткізу. 2. ЖІӨ-дегі туризм көлемінің өсуі 8,4 триллион теңге. 3. Мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 %-ға дейін төмендету. 4. 995,3 мың жұмыс орнын құру, оның ішінде: тұрақты – 335,1 мың, уақытша – 660,2 мың. Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және сандық мәнде): 1. Азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру – 1,7 миллион адам; 2. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту – 3,5 млн адам; 3. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқы үлесінің азаюы –  6,5%.

Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі туралы да атап өткен лазым. Ол сома — 8 455 329 919 мың теңге. Оның ішінде республикалық бюджет – 1 030 884 427,0 мың теңге, жергілікті бюджет – 124 695 492,0 мың теңге, бюджеттен тыс қаражат – 7 299 750 000,0 мың теңге, 2021 жыл – 1 272 207 923,3 мың теңге; 2022 жыл – 1 370 367 038,7 мың теңге; 2023 жыл – 1 620 056 904,0 мың теңге; 2024 жыл – 1 963 862 120,0 мың теңге; 2025 жыл – 2 228 835 933,0 мың теңге; Барлығы – 8 455 329 919 мың теңге.

Ұлттық жобаны әзірлеуші — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (келісу бойынша), жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ (келісу бойынша), «Даму» КДҚ» АҚ (келісу бойынша), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (келісу бойынша), «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (келісу бойынша), «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісу бойынша), «ЭЭҚРҚО» АҚ (келісу бойынша), «Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті» КеАҚ (келісу бойынша), «Астана» халықаралық қаржы орталығы (келісу бойынша).

Ұлттық жобаның жетекшісі және кураторы кім дегенге келсек, жетекшісі – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ә.А Ерғалиев. Ал кураторы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.А. Смайылов.

Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы» Даму «Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры» АҚ 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының қаржы операторы болып табылады және кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды мынадай жолдармен жүзеге асырады: Біріншісі, шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру; екіншісі, кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру; үшіншісі, купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаттарына негізделеді.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары туралы да ақпарат бере кетейік.

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу:

Жұмыс іздеп жүрген адам – бұл жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталығына келіп немесе enbek.kz сайты арқылы тіркелуге мүмкіндігі бар. Бұл Сізге лайықты жұмыс табуға көмектеседі және  3 жұмыс күн ішінде лайықты жұмыс болмаған жағдайда, жұмыссыз мәртебесі беріледі.

Жұмыссыз ретінде тіркелу:

Жұмыссыз мәртебесі бар адамдар жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі мемлекеттік шараларына қатыса алады. Атап айтқанда, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді, лайықты жұмысты табуға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына, алғашқы жұмыс орнына және Ұрпақтар келісімшартына жолдаманы алуға мүмкіндік береді.

Тұрақты жұмыс орнын таңдау:

Жұмыспен қамту орталықтарымен және enbek.kz сайты арқылы Сізге қолайлы жұмыс табуға көмектеседі.

Қоғамдық жұмыстар:

Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын әлеуметтік пайдалы жұмыс. Мысалы, абаттандыру бойынша жұмысшы, курьер, құжаттанушы және т.б.

Кімге арналған: барлық жұмыссыздарға;

Талаптары: кәсіби білімі қажет емес;

Ұйымдастырылатын жұмыс орны жұмыс берушілердің жұмысшылары санының 40%-ынан аспайды.
         Жалақы: 20 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) құрайды (61 260 тг).

Әлеуметтік жұмыс орындары

Жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін оларды жалақысын субсидиялау арқылы жұмыс беруші құратын уақытша жұмыс орны.

Кімге арналған: барлық жұмыссыздарға

Талаптары: жұмыс беруші анықтайды, еңбек кодексіне сәйкес рәсімделеді.
Ұйымдастырылатын жұмыс орны жұмыс берушілердің жұмысшылары санының 20%-ынан аспайды.

Ұзақтығы: 12 айдан аспайды.

Жалақы: жұмыс беруші анықтайды (жалақының 35% мемлекеттен, 65% жұмыс берушіден), бірақ субсидия көлемі 20 АЕК, яғни 61260 теңгеден аспайды.

Мақсаты: Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және жұмыс берушіге жұмысшының жалақысының төленуіне қолдау көрсету арқылы тұрақты жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

Жастар практикасы:

Меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы тәжірибе жинақтау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыс.

Кімге арналған: 29 жастан аспаған жұмыссыздарға.

Талаптары: алдыңғы 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері.
Ұйымдастырылатын жұмыс орны жұмыс берушілердің жұмысшылары санының 20%-ынан аспайды.

Ұзақтығы: 12 айдан аспайды.

Жалақы: 30 АЕК (91860 тг.)

Алғашқы жұмыс орны:

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс істемейтін жастарды тұрақты жұмысқа (кемінде 12 ай мерзімге) орналастыру шартымен ұйымдастырылады.

Кімге арналған: 29 жастан аспаған жастарға

Талаптары: алған мамандық немесе ұқсас мамандық бойынша құрылады, жұмыс тәжірибесі мен зейнетақы жарналарының болмауы міндетті.

Ұйымдастырылатын жұмыс орны жұмыс берушілердің жұмысшылары санының 20%-ынан аспайды.

Ұзақтығы: 30 айдан кем емес.

Жалақы: субсидиялау 18 ай бойы, айына 30 АЕК-ті (91860 тг) құрайды, келесі 12 айда жұмыс беруші төлейді.

Ұрпақтар келісім шарты:

Жұмыс істейтін зейнеткерлік жасқа жақындаған қызметкерлерден жинақталған тәжірибемен дағдыларды беру үшін арнайы құрылған жұмыс орны.

6 ай өткеннен кейін жұмыссызға кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орны беріледі не ол зейнеткерлік жасқа толған қызметкерді алмастырады.

Кімге арналған: оқу аяқтағанына 2 жыл толмаған 29 жасқа дейінгі жұмыссыздар.

Талаптары: алған мамандығы немесе  ұқсас мамандық бойынша құрылады, үміткер колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері болуы талап етіледі.
Ұйымдастырылатын жұмыс орны жұмыс берушілердің жұмысшылары санының 20%-ынан аспайды.

Ұзақтығы: 18 айдан кем емес.

Жалақы: субсидиялау 6 ай бойы айына 30 АЕК (91860 тг) құрайды, келесі 12 айда жұмыс беруші төлейді.

Жұмысынан айрылған жағдайдағы төленетін әлеуметтік төлем:

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар тіркелген жұмыссыздар үміткер бола алады.
    Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ұзақтығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін болуы мүмкін.

Нұрбол Тұрашбековтің айуынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылуда. Ағымдағы жылдың 9 айында 3716 астам мүмкіндігі шектеулі азаматқа қолдау көрсетілді: 380 адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 400 сурдо-тифлотехникалық құралдармен, 285 адам қол арбамен, 304 адам жеке көмекшілер қызметімен, 541 адам шипажайға жолдамалармен, 198 адам инватакси қызметімен, 13 адам әлеуметтік такси қызметімен қамтылды.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 3 бағытта жұмыс атқаруда:         

  1. Тең қоғам;
  2. Белсенді ұзақ өмір;
  3. Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу.

Мүмкіндігі шектеулі және зейнет  жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерін көрсететін орталық Түркістан қаласы әкімдігінің №2224 қаулысымен 2021 жылдың 13 желтоқсанында құрылған. Оның құрамында бүгінгі таңда үш бөлімше қызмет атқарып жатыр. Нақтырақ айтсақ, әдепкісі – «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу көмек» бөлімшесі. Мұнда өмірлік қиын жағдайларға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіліп жатқан азаматтарға  әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Кейінгісі – «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі. Онда жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және зейнет жасындағы азаматтарға қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын арттыруға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Ал үшіншісі – «TEN QOGAM» бөлімшесі. Бөлімше жеке тәсілді енгізу және қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік қызметтер орталығында жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға:

Дәрігерлік кеңес;

Психологиялық кеңес;

Еңбек терапиясы;

«Egov» электронды үкімет порталын пайдалану бойынша компьютерлік сауаттылық курстары;

Емдік және дене шынықтыру (ЛФК);

Спорттық және сауықтыру шаралары (бильярд, шахматы, тенис т.б);

Музыкатерапия;

Бизнес-тренинг;

Мәдени демалыс шаралары;

Еңбек әлеуетін дамыту тақырыбында тематикалық курстар ұйымдастырылады.

Мекеме Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» стандартына сәйкес 8 түрлі арнаулы әлемметтік қызмет көрсетеді.

  1. Әлеуметтік-медициналық қызмет

— Дәрігерлік кеңес;         

— Физиотерапия;

— Адамның өз психикасын және дененің физиологиялық процестерін бақылау жаттығулары; 

— Массаж;

— Фитобар;   

— Емдік және дене шынықтыру (ЛФК);

— Би үйірмесі;   

— Йога;

— Айкуне гимнастикасы (адам омыртқасына Шығыс медицинасы бойынша емдік денешынықтыру);

 — Скандинавиялық серуендеу (жүрек-тамыр жүйесін нығайтудың, бұлшықеттердің тонусының және күш пен қуат алудың тамаша тәсілі).

— Ерекшелігі, 1 сеансы 10 классикалық массажға тең жаңа инновациялық биоэнергетикалық массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем ұсынылады. Биоэнергетикалық массаж аппарат (БЭМ) бір мезетте ауру нүктесін анықтап, иглотерапия, физиоемдеу, лимфодренаж классикалық, гуаша, «баночный» және «акапунктурный» массаждарды жасайды.

БЭМ аппараты тірек-қимыл аппараттары, бел-омыртқа аурулары, грыжа, инсульт әсерлері мен остеохандроз, плексид және жүйке жүйесін емдеуде өте жақсы нәтижелер беруде.

  1. Әлеуметтік-психологиялық қызмет

— Психолог маман кеңесі.

— Жеке тұлғаның ең алдымен өзін, қоршаған қоғамды, дүниені дұрыс сезініп, бағалай білуін, сол арқылы туындаған мәселелерді оңай шешу жолдарын қарастыратын психосессия және осыған ұқсас тренингтер.

  1. Әлеуметтік-экономикалық қызмет    

— Мәселені шешуге дұрыс көзқарас орнату және дұрыс мінез-құлықтарды қайталау арқылы қажетті дағдаларды қалыптастыру бойынша бизнес-тренинг;

— Тақырыптық курстар;

— Тиісті жәрдемақы, өтемақы, алимент және басқа төлемдерді алуға көмек беру, сүйемелдеу.

  1. Әлеуметтік-ағартушылық қызмет

— «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану және компьютерлік сауаттылық курстары;

— Араб тілі;

— Брайльмен жазуды үйрену;

— Менталдық арифметика.

  1. Әлеуметтік еңбек қызметі

— Еңбек терапиясы;

— Мүгедектерге кәсіптік бағдар беру

  1. Әлеуметтік-мәдени демалыс қызметі

— Мерекелік іс-шаралар;

— Музыка терапиясы;

— Саяхаттау (Тарихи-мәдени орындарға экскурсия);                                                                 

— Спорттық-сауықтыру шаралары (бильярд, шахматы, теннис, т.б).

  1. Әлеуметтік-құқықтық қызмет

— ҚР заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру мен көмекке байланысты мәселелер бойынша заңгерлік кеңес беріледі.

  1. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет

— Еңбек дағдылыарын қалыптастыру және қоғамдық жұмыстарға тарту.

Аталған қызметтер орталықтың тұтынушыларына тегін ұсынылады. Арнайы әлеуметтік қызметтерді топ қалыптастырып әр топтың қатысу мерзімі санаттарына қарай 2-6 ай көлемінде көрсетілетін болады. www.Instagram.com және www.facebook.com әлеуметтік желілерде aleumettik_kyzmet Түркістан қалалық «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ парақшасынан атқарылып жатқан жұмыстармен танысуға болады.

Бүгінгі таңда «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің ғимараты концепцияға сәйкестендіру үшін ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Дегенмен тиісті іс-шаралар меморандум негізінде Түркістан қаласының аталған мақсатта жабдықталған ұйымдарында ұйымдастырылып, өткізілуде екен. Атап айтқанда, орталықтың «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі зейнет жасындағы азаматтарға көрсетілетін қызмет түрлерін халықты хабардар ету үшін жарнамалық бейнеролик жасалып, әлеуметтік желілерде жариялануда. Ақсақалдар кеңесі мүшелерімен «Қош келдің, Наурыз» іс-шарасы барысында және арнайы презентациялық шаралар ұйымдастырылып, көрсетілетін қызметтер мен бірлесіп атқаратын жұмыстар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліпті.

Орталықтың қызметін алуға өтініш білдірген азаматтардан 2 топ (40 адам) құрылып, өзге ғимараттарды жалға алып, бильярд, шахмат ойындары өтуде екен. Демеушілер қолдауымен 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай спорт түрі — бильярд, шахматтан зейнеткерлер арасында «Шапағат» спорттық және сауықтыру шаралары өткізіліпті.

Мәдени демалысты ұйымдастыру бағытында тарихи-мәдени орталығындағы «Ұлы дала елі» орталығындағы мұражайы, «Vizit centre» туристік орталығы және «Бірінші Президент» саябағына экскурсия ұйымдастырылған.

 Алдағы уақытта «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану бойынша компьютерлік сауаттылық курстары мен қазақша гимнастика «Айкуне» және еңбек терапиясы курстарын өткізу жұмыстары ұйымдастырылуда.

Биыл қазан айының 1-інде тұсауы кесілген «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі туралы кеңірек тоқталсақ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.02.2021 жылғы «Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №47 бұйрығына сәйкес өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарын ашу тапсырылған болатын. «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мақсаты — зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау. Өзіне-өзі қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға медициналық, психологиялық, тұрмыстық, құқықтық қызметтерін және бос уақытты пайдалы өткізудің кешенін ұсыну, олардың белсенді өмір сүру салтын сақтау және дамыту көзделген. Түркістан қаласында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығын» ашу мақсатында қала әкімдігінің мемлекеттік меншігіндегі ғимараты белгіленіп (Түркістан қаласы, Мұсабеков көшесі, №2 а), жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың жалпы алаңы 728 шаршы метрді құрайды. 2022 жылға Түркістан қаласының бюджетінен орталықты ұстау және қызметтерді көрсетуге 166,3 миллион теңге бөлінді (жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық базасы, жалақы қоры), 19 штаттық бірлік құрылды. Бүгінгі таңға Түркістан қаласында 14 915 зейнеткер тұрады. Орталықта күнделікті 70 зейнеткер тиісті қызметтерін, бір айда 150-200 адам қызметтермен қамтылады. Бір жылда 2500 ардагерді қызметтермен қамтуға мүмкіндік береді немесе оның үлесі қалада тұратын зейнеткерлер санының 16 пайызын құрайды.

«Ten qogam» бөлімшесі қаладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатарынан еңбек әлеуеті бар азаматтарды анықтап, оларға орталықтың ұсынатын қызмет түрлерімен таныстыру жұмыстарын атқаруда екен.

«Бүгінгі таңда ұсынылатын қызмет түрлерін пайдалануға 90 азамат ниет білдіріп отыр. Олардың қатарында:

— мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамтылу мәселесімен — 11 азамат;

— жеке ісін ашуға қолдау көрсету сұрап, өтінішпен жүгінген — 35 азамат;

— құқықтық кеңес алып, заңдылық тұрғыдан көмек сұрап келген – 5 азамат;

Оларға психологиялық көмек көрсетіліп, жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру барысында жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс орындарын құру бағытында келіссөздер жасалуда.

Өз ісін ашуды көздеген азаматтарға бизнес тренер және еңбек терапиясы курстары ұйымдастырылуда.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтарға «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу» бөлімшесі жыл басынан 43 отбасы немесе 124 азаматқа әлеуметтік арнайы қызметтер көрсетіліп келеді. Олардың қатарында 57 кәмелет жасындағы жасөспірім, 11 қарт адам бар.

Әлеуметтік қызметтерді кешенді түрде ұйымдастыру бағытында ведомствоаралық меморандум түзіліп, қызметтерді сапалы көрсету мақсатында Түркістан қаласындағы сектор алқаптарының басшылары, ақсақалдар кеңесінің өкілдері және ведомствоаралық ұйымдары (білім, денсаулық, жұмыспен қамту орталығы және т.б) өкілердің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізіліп, бірлескен іс-әрекеттердің амалдары келісілді. Әрбір отбасы терең зерттеліп, бірінші кезекте демеушілерді тарта отырып азық-түлік пакетімен қамтамасыз етілуде. Әрі қарай отбасының өзекті мәселесі нақтыланып, кешенді әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектер көрсетіліп келеді. Атап айтқанда:

— 20 адамға құқықтық көмек және олардың мәселелері бойынша ішкі істер басқармасымен бірлесе жұмыстар атқарылуда;

— 39 адамға психологиялық диагностика;

— 22 адамға медициналық көмек;

— 8 адам дағдарыс орталығына орналастырылды;

— 25 адамның жұмыспен қамту жөнінде мәселесімен айналысуда.

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының демеушілігімен Түркістан қаласындағы аз қамтылған, өмірлік қиын жағдайға тап болған, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген қыз-келіншектерге ауызашар іс-шарасы өткізілген. Қызмет алушылар санатын ескере отырып, орталықтың қызмет сапасы мен қызметкерлердің қарым-қатынасы және деңгейін арттыру мақсатында қызметкерлер арасында психологиялық тренингтер өткізіліп тұратыны да бұл орталықтың үнемі ізденісте екенін білдірсе керек.

Мемлекет мүгедектерге қандай мүмкіндік жасап отыр?

Сөздің орайы келгенде айта өтейік, 2019 жылдың 28 мамырында ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспары бекітілген. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларының тиімді жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспардың мақсаты Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға байланысты Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерді іске асыру және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыруы шеңберінде барлық осал топтар үшін қолайлы орта құру арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыру болып табылады.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция нормаларының ережелерін имплементациялауға жағдай жасауға бағытталған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) үш кезеңде іске асыру аяқталды. Іс-шаралар жоспарының негізгі мақсаттары мен міндеттері орындалды.

Мүгедектігі бар адамдардың өзін-өзі көрсетуі және елдің қоғамдық-экономикалық өміріне толыққанды интеграциялануы үшін жағдай жасауда негізгі басымдықтарды және кешенді интеграцияланған тәсілді айқындау үшін осы Ұлттық жоспар әзірленді.

Заманауи жаһандық парадигма денсаулықтың шектеулі мүмкіндіктерін дәстүрлі түсінуден тұрмыс сапасы аспектісінде жеке ерекшеліктер мен әмбебап құқықтардың анағұрлым күрделі синтезіне көшуге негізделеді.

Ұлттық жоспар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесінің әлемдік даму үрдістерін ескере отырып, халықаралық стандарттарды имплементациялауға бағытталған.

Ұлттық жоспарда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді осы Ұлттық жоспарға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асыру көзделеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 680 мыңнан астам адам тұрады, оның 61,5 %-ы еңбекке жарамды жаста, 25,7 %-ы зейнеткерлік жастағы адамдар, 12,8 %-ы 18 жасқа толмаған балалар.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлес салмағы салыстырмалы түрде тұрақты және соңғы үш жыл бойы бүкіл халықтың 3,7 %-ын құрайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша адам денсаулығының небәрі 10 %-ы денсаулық сақтау жүйесіне және 50 %-ы адамның қоршаған ортасының, таңдау құқығының, тұрмыс сапасының және денсаулықты нығайту мүмкіндіктеріне қолжетімділігінің әсерімен қалыптасатын өмір салтына тәуелді. Профилактика мүгедектіктің негізгі себебі болып табылатын инфекциялық емес аурулармен күресу үшін құны жағынан ең тиімді ұзақ мерзімді стратегияны ұсынады.

Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халық денсаулығын нығайту Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты болып табылады.

Аурулар профилактикасының және оларды басқарудың интеграцияланған тәсілі негізінде қоғамның денсаулығын қорғау жөніндегі жаңа саясат енгізілуде, сондай-ақ тиімділікке, қаржылық орнықтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жүргізілуде, бұл өз кезегінде мүгедектік көрсеткіштерінде де көрініс табады.

Азаматтардың денсаулығын сақтау және мүгедектіктің профилактикасы бойынша шаралардың бірі скринингтік бағдарламаларды енгізу және жетілдіру болды. Көптеген елдерде скринингтік технологиялар сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету мақсатында ауруларды және аурулар тәуекелі факторларын анықтауға бағытталған денсаулық сақтаудың негізгі элементтері болып табылады.

Республикада 2008 жылдан бері қан айналымы жүйесінің аурулары; сүт безінің ісікалды жай-күйі мен обыры; жатыр мойнының ісікалды процестері мен обыры ерте анықтау үшін нысаналы топ болып табылады.

Скринингтер өткізілген уақытта Қазақстанда ересек тұрғындарға 60 миллионнан астам скринингтік тексеру жүргізілді. 2,5 миллионнан астам ауруға шалдығу жағдайы анықталды (жүргізілген скринингтік зерттеулердің жалпы санының 4,2 %-ы), оның ішінде 1,5 миллион жағдай қан айналымы жүйесінің аурулары, 245,8 мың жағдай – жатыр мойны обыры, 607,8 мың жағдай – сүт безі обыры, 62,2 мың жағдай – қант диабеті, 33,4 мың жағдай – глаукома және 11,5 мың жағдай – колоректалды обыр.

2011 жылдан бастап қант диабетін, глаукоманы, ісікалды патологияны, тоқ және тік ішек обырын (колоректалды обыр) анықтау тұрғысынан нысаналы топтар енгізілді.

Жасқа қарай скрининг топтары кеңейтілді және тексеру мерзімділігі айқындалды:

1) артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті скринингін 40-тан 70 жасқа дейінгі пациенттер екі жылда бір рет мерзімділікпен;

2) жатыр мойны обырының скринингін 30-70 жастағы әйелдер төрт жылда бір рет мерзімділікпен;

3) сүт безі обырының скринингін 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер екі жылда бір рет мерзімділікпен өтеді.

Тоғыз жылдық кезеңде скринингтік бағдарламалардың өткізілуін талдау мынадай заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Тексеріп-қараудан скринингке жататын адамдардың басым бөлігі өтеді.

Босануға дейінгі диагностиканы жетілдіру, балалардағы туа біткен және тұқым қуалайтын аурулардың профилактикасы, балалардың ауруға шалдығуы мен мүгедектігін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасында жаңа туған балалар мен сәбилердің пренатальды, неонатальды және аудиологиялық скринингі, сәбилердің психофизикалық даму скринингі, шала туған нәрестелердің офтальмологиялық скринингі жүргізіледі.

Мүгедектігі бар адамдардың ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, медициналық ұйымдарды жабдықтармен және қосалқы құралдармен жарақтандыру жүргізілуде.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) профилактикалық бағытта болуын күшейту мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізілді:

1) мамандандырылған қызметтерді интеграциялау шеңберінде емханаларда туберкулезге қарсы, онкология, маммология кабинеттері қосымша ашылды, психикалық денсаулық кабинеттері ашылды;

2) әлеуметтік жұмыскерлер институты құрылды (2014 жылы – 10 мың халыққа 1,2 адам, 2017 жылы – 10 мың халыққа 7,4 адам);

3) жалпы практика дәрігерлерінің саны 2014 жылғы 3 101 адамнан 2017 жылы 5 382-ге дейін, яғни 70 %-дан артық көбейді;

4) 2014 жылдан бастап жан басына шаққандағы кешенді норматив енгізілді, ол 2017 жылы 683 теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 29,3 %-ға өсті. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландырудың жалпы көлемінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыру 2014 жылғы 33 %-дан 2017 жылы 37 %-ға дейін ұлғайды. 1 тұрғынға шаққандағы тариф ұлғайып, өңірлер арасында МСАК-ты қаржыландыру деңгейі (169-дан 683 теңгеге дейін) теңестірілді.

Мүгедектіктің профилактикасы бойынша мемлекет жүргізіп жатқан шараларға және халық денсаулығы көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүше елдерге қарағанда 10 жыл дерлік аз.

Жыл сайын 50 мыңнан астам адам мүгедектігі бар адам деп алғаш танылады, соңғы 3 жылда алғашқы мүгедектік көрсеткіші орнықсыз, 10 мың тұрғынға шаққанда 2015 жылы 28,5, 2016 жылы 29,4, 2017 жылы 28,9, ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша өсіп, 29,2 жағдайды құрады.

Балалар мүгедектігі проблемасы ерекше назар аударуды талап етеді, оның өсу үрдісі бар. Мәселен, 2008 жылы мүгедектігі бар 18 жасқа толмаған балалардың үлесі мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны құрылымында 9,2 %-ды құраған болса, 2018 жылы 12,8 %-ға дейін немесе 3,6 пайыздық тармаққа өскен.

Алғашқы мүгедектік көрсеткіштерінің, оның ішінде балалар арасында өсу үрдісі денсаулық сақтауды дамытудың профилактикалық бағыты, ұлттық денсаулықты нығайту, медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша шараларды одан әрі күшейту қажеттігін талап етеді.

Жалпы өлім-жітім мен мүгедектіктің құрылымында қан айналым жүйесінің аурулары (22,3 %) басты себеп болып қалуда, анағұрлым жиілері – жүректің ишемиялық ауруы, ми қан тамырларының зақымдануы, олардан жыл сайын 30 мыңға жуық адам қайтыс болады. Қан айналымы жүйесі ауруларымен алғаш сырқаттану көрсеткіші шамамен 16,4 %-ға (2015 жылы – 2 429,7) өскен. Ересек халық арасында алғашқы мүгедектік құрылымында қан айналымы жүйесінің аурулары 26,9 %-ды құрайды.

Қатерлі ісіктерден болатын өлім мен мүгедектік екінші себеп болып табылады (12,1 %), олардан жыл сайын 17 мыңға жуық адам, оның ішінде 16,9 %-ы өкпе обырынан қайтыс болады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша қатерлі ісіктермен сырқаттану көрсеткіші 18 %-ға артты (2015 жылы – 207,7, 2017 жылы – 253,4). Ересек халық арасындағы алғашқы мүгедектік құрылымында қатерлі ісіктер 21,4 %-ды құрайды.

Үшінші орында – жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан және уланудан болатын өлім (11,3 %), олардан жыл сайын 16 мыңға жуық адам қайтыс болады (2015 жылы – 100 мың тұрғынға 82,5, 2017 жылы – 100 мың тұрғынға 69,38). Барлық мүшелердегі жарақаттар салдарынан алғашқы мүгедектік төмендеп келеді және мүгедектіктің жалпы санының 10,6 %-ын құрайды.

Қазақстанда денсаулық сақтау ұйымдарының барлық деңгейінде медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған профилактика жұмысының, сектораралық өзара іс-қимылдың пәрменін арттыру мәселелері бастапқы кезеңде тұр.

МСАК-тың басым дамуы бүкіл жүйенің басты үйлестірушісі болуға тиіс, ал біздің жүйеде стационарлық сектор қолданыстағы негізгі құрылым күйінде қалып отыр.

ЭЫДҰ елдерінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландырудың жалпы көлемінің орта есеппен 80 %-ы пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге бағытталады, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш қаржыландырудың жалпы көлемінің шамамен 50 %-ын құрайды.

Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтену деңгейін арттыру мақсатында техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен (протездік-ортопедиялық көмек, сурдо-, тифлоқұралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары, санаторий-курорттық емдеу, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін қызметтер) қамтамасыз етіледі.

Жыл сайын мүгедектігі бар 200 мыңнан астам адам оңалтудың техникалық құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ) және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі. ОТҚ-мен қамтамасыз ету үлесі 2018 жылы жалпы мұқтаждар санының 57,8 %-ын құрады (2013 жылы – 88 %, 2015 жылы – 67 %, 2016 жылы – 67 %, 2017 жылы – 67,5 %).

Соңғы 3 жылда ОТҚ тізбесі мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, қазіргі заманғы сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды қоса алғанда, атаулардың 32-ден 55 түріне дейін (1,7 есе) кеңейтілді.

Шалғай ауылдарда тұратын мүгедектігі бар 14 мыңнан астам адамға ОТҚ-ны үйіне жеткізу жүзеге асырылды.

Қамауда отырған және түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген мүгедектігі бар адамдарға техникалық құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2015 жылдан бастап кохлеарлық импланттарға (КИ) сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметті 2016 жылдан бастап 2018 жылды қоса алғанда 613 адам алды.

КИ бар балаларды әлеуметтендірудің негізгі нәтижесі 153 баланы мектептерде жалпы білім беру процесіне қосу, 171 баланы арнайы білім беру ұйымдарына жіберу және 34 баланы үйде оқыту болды.

Бұдан басқа, кохлеарлық импланттары бар балаларды ерте кезден тиімді оңалтуды дамыту қамтамасыз етілді. 2014 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде еліміздің әрбір өңірінен 990 бала күндізгі және тәулік бойы бақылау жағдайында есту-сөйлеуін бейімдеуден өтті, бұл ретте, егер бұрын оңалту бір жылда бар болғаны 15 күн жүргізілсе, ал 2018 жылдан бері оңалту жылына 40 күн, яғни тоқсан сайын 10 күннен жүзеге асырылады.

Құлағының мүкісі бар адамдарға 2017 жылдан бері ымдау тілі маманының қызмет көрсету уақыты 2 есеге (30 сағаттан 60 сағатқа дейін) ұлғайтылды.

Стандарттар жетілдірілді және өндірістің жаңа технологиялары, протездік-ортопедиялық құралдар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа модельдері енгізілді:

1) есту аппараттарына арналған силиконнан жасалатын жеке құлақ жапсырмалары өндірісі;

2) протездер өндірісінде, ортопедияда 3-D модельдеуді қолдану өндірісте іске қосылды;

3) ең жаңа технологиялар бойынша протездер әзірленіп, өндіріске енгізілді.

Протездік-ортопедиялық бұйымдардың 90-ға жуық атауы дайындалады.

2015 жылы «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» акционерлік қоғамы мен «Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны мүгедектігі бар адамдарды аяқ-қол ампутациясынан кейін бірнеше күннен соң протездеу бойынша пилоттық жоба жүргізді.

Пилоттық жоба ампутация операциясы жүргізілген сәттен бастап протездеу кезеңі 76-дан 44 күнге дейін қысқаратынын көрсетті.

2018 жылы протездік-ортопедиялық бұйымдар мен ілеспе оңалту, оның ішінде протезде өздігінен жүріп-тұру дағдыларына үйрету бойынша көрсетілетін қызметтерді мүгедектігі бар 24 700 адам алды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2018 жылы медициналық деректер негізінде «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін азаматтың өзі қатыспай-ақ автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жоба сынақтан өткізілді. 2018 жыл бойы 495 адам сырттай куәландырылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстанның мүгедектігі бар азаматтарына кедергісіз орта құру үшін шаралар қабылданды.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның нормаларын іске асыру мақсатында 24 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 Кодекске әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік саладағы (денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау) көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бойынша түзетулер енгізілді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында көзі нашар көретін адамдарға арналған нұсқалар бар.

Жергілікті билік органдарының қызметін реттеу және жауапкершілігін арттыру мақсатында мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру жөніндегі өңірлік жоспарлар бекітіледі, оларда мүгедектігі бар адамдардың қажетіне қарай бейімделуге тиіс нақты ғимараттар мен объектілердің тізбесін қамтылады.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2015 жылы «Қолжетімді орта» интерактивті қолжетімділік картасы» порталын әзірледі.

Портал Министрліктің сайтында (friendlybuilding.kz) орналасқан және онлайн-режимде елдің паспортталған және бейімделген объектілері бойынша ақпаратты енгізуге, объектінің бейімделу дәрежесін көруге және әрбір объектіге жүргізілген бейімдеу сапасын онлайн-режимде бағалауға мүмкіндік береді.

Барлық тіркелген пайдаланушыларға әрбір объектіге жүргізілетін бейімделу сапасын бағалау және фотосуреттермен қоса пікір орналастыру мүмкіндігі берілген.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2013 жылғы 5 ақпандағы № 64-од бұйрығымен бекітілген ҚР СТ 1525-2013 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасау жөніндегі талаптарды қамтиды.

Бүгінгі таңда ел бойынша 247 теміржол вокзалы жұмыс істейді, олардың ішінде 91 вокзал немесе тек 37 %-ы ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келтірілген:

1) 91 вокзалда билет кассалары мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасалып қайта жабдықталды;

2) 210 вокзалда жүріп-тұру қиын жерлерде пандустар салынған;

3) 34 вокзалда арнайы дәретханалар жабдықталған;

4) 38 вокзалда нашар көретін адамдарға ыңғайлы болу үшін баспалдақтардың жоғары және төменгі сатылары сары түске боялған;

5) 58 вокзалда күту залдарында мүгедектігі бар адамдар үшін орындар бөлініп, олар пиктограммалармен белгіленген.

Теміржол вокзалдарының қызметкерлері мен пойыздардың жолсеріктері пойызда мүгедектігі бар жолаушыларды отырғызу/түсіру бойынша қызметтер көрсетеді.

2014 – 2018 жылдар кезеңінде мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде 17 270 бірлік жол белгісі мен көрсеткіштер орнатылды, 465 жаяу жүргіншілер жолы дыбыстық құрылғыларымен жабдықталды, 15 «Инватакси» қызметі құрылды, оларда 35 мың адамды қамтитын 280 арнаулы машина бар.

Республика бойынша 36 автовокзал бар, оның ішінде 27 бірлік немесе 75 %-ы ұлттық стандартқа сәйкес келеді.

Республика бойынша автостанциялардың саны 105 бірлікті құрайды, оның 63,8 %-ы (67 бірлік) ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келтірілген.

Республика бойынша 18 әуежай жұмыс істейді, олар мүгедектігі бар адамдардың мұқтаждықтары үшін толық бейімделген.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 189 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында 2016 жылдан бастап автотұрақтарға, тұрақтарға, аялдамаларға, вокзал жанындағы алаңдағы кездесу орындарына, тұрмыстық көрсетілетін қызметтерге және сервистік қызмет көрсетуге талаптар қоятын PRM (Persons with Reduced Mobility) қызмет көрсету сапасының халықаралық стандартының болуы; жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсетудің жылдамдығы мен жайлылығы, ақпараттық қызмет көрсету және персоналды даярлау бойынша талаптар көзделген.

6 әуежайда (Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау) арнайы лифтілер, эскалаторлар, үй-жайлар, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттық көрсеткіштер, жарық таблолары мен маңдайшалар, медицина қызметкерін шақыру батырмасымен жабдықталған дәретхана бөлмелері бар.

9 әуежайда (Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Өскемен, Жезқазған) кіру және шығу жолдарында пандустар орнатылған, мүгедектігі бар адамдарға арналған арбалар ұсынылады, дәретхана бөлмелерінде арнайы тұтқалар орнатылған.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың басқа адамдармен тең дәрежеде білім алуға құқығы танылады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет мүгедектігі бар балалардың және бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың білім алуы кезеңінде оларды күтіп-бағуға арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтейді.

Мәселен, көру және есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар балалардың жоғарылатылған мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар, сондай-ақ білім беру ұйымдарына оқуға түскен кезде бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін бір пайыз қабылдау квотасы көзделеді.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция ратификацияланғаннан кейін көрсетілген Заң:

мүгедектігі бар балалардың құқықтарына құрметпен қарау туралы;

білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолжетімді нысанда тегін пайдалану, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, оның ішінде оларды мүгедектігі бар адамдарға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнап жасау туралы;

ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адам болып табылатын адамдарды мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медициналық ұйымдарға жұмысқа бірінші кезекте бөлу құқығы туралы нормалармен толықтырылды.

Сонымен қатар мүгедектігі бар балалардың ата-анасы баланың оқу орнын – әдеттегі немесе арнайы білім беру ұйымын – мамандардың ұсынымдарын ескере отырып таңдауға құқылы.

Зағип балалар үшін 2017 жылдан бастап Брайль жүйесі бойынша және ірілендірілген қаріппен, сондай-ақ зияткерлік бұзушылықтары бар балаларға арналған оқулықтарды әзірлеу басталды (жыл сайын 140 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді). 0-1, 5 және 7-сыныптарға арналған оқулықтар әзірленді, ал 2020 жылға дейін 11-сыныпты қоса алғанда, барлық оқулықтарды әзірлеу жоспарлануда.

Бүгінгі күні білім беру саласында ерекше білім беруге қажеттілігі бар 153 230 бала (54 311 мектепке дейінгі және 98 919 мектеп жасындағы) анықталып тексерілді, оның ішінде 47 мыңға жуығы мүгедектігі бар балалар.

Мәселен, мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 42 мыңнан астам бала тәрбиеленуде, оның ішінде 15 мыңнан астамы инклюзивті білім алуда. Орта білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 91,5 мыңнан астам бала білім алуда, оның ішінде 46 мыңға жуық бала инклюзивті білім алуда. 2020 жылы балабақшалардың 30 %-ы мен мектептердің 70 %-ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалатын болады.

Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектептердің 60 %-ында (7 014 мектептің 4 207-і), балабақшалардың 20 %-ында (6 115 балабақшаның 1 232-і) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасалған.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында колледждердің 30 %-ында (821 колледждің 247-сі) ерекше білім беруге қажеттілігі бар 2 928 баланы оқыту үшін жағдай жасалған, оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамдар – 2 192, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар – 736. 71 сурдоаудармашы, 37 тифлоқұрал енгізілді, 44 арнайы жұмыс оқу жоспары әзірленді, олар бойынша кадрлар даярлау жүріп жатыр.

Бүгінгі таңда ЖОО-ларда ерекше мүмкіндіктері бар студенттердің саны 1 609 адамды, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектігі бар студенттердің саны 85 адамды құрайды, 358 адам – екінші топтағы мүгедектігі бар адам, 1 151 адам – үшінші топтағы мүгедектігі бар адам, 15 адам – бала кезінен мүгедектігі бар адам.

119 ЖОО-ның 70-і (58,8 %) ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттерді оқыту үшін жағдай жасаған.

Сонымен қатар 2012 жылдан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түскен кезде мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген квота мөлшері 1 %-ды құрайды.

2018 жылы конкурс нәтижелері бойынша мүгедектігі бар 432 балаға білім беру гранты, оның ішінде білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезіндегі қабылдау квотасы шеңберінде 312 грант берілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік осал топтарын жалақымен қамтамасыз етіп, оларды жұмысқа белсенді түрде тартатын жағдай жасау қажеттігі туралы атап өтілді.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке жарамды жастағы мүгедектігі бар 411 мың адамның 27 %-ынан астамы (111,5 мың адам) жұмыс істейді.

Еңбекке жарамды жастағы мүгедектігі бар адамдардың құрылымында мүгедектік топтары бойынша екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың (46 % немесе 191,9 мың адам) және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың (45 % немесе 186,4 мың адам) үлес салмағы қомақты, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың үлесі болмашы (9 % немесе 39,7 мың адам).

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды кеңейту мақсатында жұмысқа орналастыру квотасы қайта қаралды. Егер бұрын ол барлығы үшін 3 %-ды құраса, бүгінгі күні ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыскерлердің санына қарай және салалар бойынша 2-ден 4 пайызға дейін сараланған тәсіл жүзеге асырылуда.

Квота шеңберінде мүгедектігі бар 7,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. Квота бойынша жұмысқа орналастырылған мүгедектігі бар адамдардың ең көп саны білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер салаларында, саудада, ауыл шаруашылығында және көлікте жұмыс істейді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде мүгедектігі бар адамдар халықтың басқа да осал топтарымен қатар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына басым тәртіппен қатысуға құқылы.

Бағдарламаға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және біліктілігі жоқ, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар қатыса алады.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысушылар құрамына мүгедектігі бар 18,9 мың адам қосылған, бұл Бағдарламаға қатысушылардың жалпы санының 2,8 %-ын құрайды, оның ішінде 16,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Жұмыс берушілерді мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға ынталандыру мақсатында 2018 жылдан бастап жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты шығындарын субсидиялау енгізілді.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері мен олар құрған ұйымдардың мемлекеттік сатып алуға қатысу рәсімдерін автоматтандыру бөлігінде түзетулер күшіне енді. Аталған шара тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің және олар құрған ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді.

Мемлекет кепілдік беретін арнаулы әлеуметтік қызметтер азаматтарға тегін, ал арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген қосымша көлемі ақы төлеу шартымен көрсетіледі. Бұл ретте стационар, жартылай стационар (күндізгі бөлімшелер), үйде күтім жасау, уақытша болу жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету нысанын таңдауға мүмкіндік берілген.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің желісі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 893 субъектіден тұрады.

Әлеуметтік қызмет көрсетудің басты қағидаттарының бірін сақтау – адамды отбасында қалдыру мақсатында мүгедектігі бар балаларға арналған күндізгі бөлімшелер желісін үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) аутсорсинг арқылы беру жолымен оны кеңейту; стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерді әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары етіп қайта құру бойынша жұмыс жолға қойылған.

2015 – 2018 жылдар кезеңінде:

қызмет алушылар саны 24,5 %-ға өсті (121 мың адам), оның ішінде қызмет көрсетудің ең көп саны үйде күтім көрсету жағдайында – 46,1 %, стационарлық ұйымдарда – 19,9 %;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың саны 893 бірлікке дейін ұлғайды (2015 жылы – 797), олардың ішінде басым позицияларды үйде қызмет көрсететін ұйымдарда ұстап отыр – 53 %, стационарлық үлгідегі ұйымдарда – 12,4 %, үкіметтік емес сектор ұйымдарында өсу серпіні байқалып отыр – 19,1 %.

Жұмыс істеп тұрған интернат ұйымдарының желісін деинституцияландыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және азаматтарды қауымға әлеуметтік бейімдеу мақсатында сыйымдылығы аз үйлерді дамыту басталды. Сыйымдылығы аз үйлер 8 өңірде: Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында, Шымкент және Астана қалаларында жоқ.

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер жүйесінде кемсітушілік дефиницияларға жол бермеу мақсатында 2016 жылдан бастап медициналық-әлеуметтік мекемелер әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары болып қайта құрылды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес сектордың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету нарығына қатысуы 2009 жылы 4 ҮЕҰ-дан 2018 жылы 177-ге дейін ұлғайды.

Өмірде қиын жағдайдан шығу үшін жасалған жағдайлар мүгедектігі бар 748 баланы балалар интернат үйлерінен отбасына қайтаруға; мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 867 ата-ананы жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде 30 мыңнан астам жұмыскер, оның ішінде 10 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер еңбек етеді, олардың басым бөлігі – 79,8 %-ы үйде қызмет көрсету жүйесіне тиесілі.

Әлеуметтік қызметкерлер денсаулық сақтау, білім беру жүйесінде, ішкі істер пенитенциарлық жүйесінде, жастар мекемелерінде, бос уақытты өткізу мекемелерінде және басқа да салаларда жұмыс істейді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары бекітілген, оларда білім деңгейін ескере отырып орындалатын жұмыстар үшін білімнің, машықтар мен дағдылардың қажетті көлемі айқындалған.

2016 жылдан бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді, оның шеңберінде әлеуметтік жұмыскерлердің жалақысы орта есеппен 35 %-ға арттырылды.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту жүгінген әрбір адамның қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық деңгейінде – стационарда, жартылай стационарда, уақытша болу ұйымдарында, үйдегі күтімде әлеуметтік жұмыстың жаңа сапасын болжайды.

Мүгедектікке қатысты қоғамды толғандыратын аса маңызды мәселелерді анықтау және міндеттер саласын түсіну үшін бірқатар әлеуметтік сауалнамалар тұрақты негізде жүргізіледі.

Қоғамдық пікірді зерттеу – мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту және құқықтарын қорғау бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараларды жоспарлаудың маңызды факторларының бірі.

Қоғамдық пікірді сұрау нәтижелері мүгедектігі бар адамдардың қоғамның толыққанды мүшесі ретіндегі бейнесін қалыптастыруға бағытталған ағартушылық қызмет іс-шараларын түзетуге және толықтыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта елде бұқаралық ақпарат өкілдерін (бұдан әрі – БАҚ) және басқа да заманауи ақпарат құралдарын тарта отырып, мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасы мәселелерін жария етуге бағытталған кең ауқымды ағартушылық қызмет жүргізілуде.

Соңғы үш жылда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 100-ден астам республикалық және өңірлік БАҚ тартылды, олардың беттерінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын сақтау мәселелері және олардың жетістіктері бойынша 24 мыңнан астам электрондық және баспа материалдары жарияланды.

«Хабар» республикалық арнасында «Сильные духом» тележобасы іске асырылды, ондағы сюжеттердің кейіпкерлері – беделді әрі айналасындағылардың құрметіне ие, өзінің достары мен жақындарына тірек болған мүгедектігі бар адамдар.

Мүгедектік проблемасы бойынша қоғамның сауатын арттыруда маңызды рөл ҮЕҰ-ға тиесілі, мүгедектігі бар адамдардың еңбегін көтермелеу үшін бірқатар сыйлықтар мен номинациялар белгіленген, бұдан басқа Қазақстан Республикасының аумағында қайырымдылықты және әлеуметтік қызметті, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды қолдау үшін жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін номинациялар белгіленген.

Алайда мүгедектік, мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасы және олардың құқықтарын қорғау мәселелерінде қоғамның сауатын арттыруда деңгейі төмен екенін атап өту қажет. Жергілікті деңгейде жұмыс берушілер арасында мүгедектігі бар адамдарды кемсітуді жою бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жеткілікті түрде жүргізіледі.

Бағдарламаларды, телебағдарламаларды, тәрбиелік-таныстыру сипатындағы бұқаралық іс-шараларды ілгерілетуді және санын көбейтуді жалғастыру қажет.

Лезде таралатын ақпарат пен жаңа технологиялар ғасырында осы шара Қазақстан халқын қамтуды және осы мәселе бойынша оның сауатын арттыруға көмектеседі. БАҚ пен ақпаратты таратудың басқа да заманауи құралдарының көмегімен мүгедектігі бар адамдардың қоғам өмірінің түрлі салаларына қосқан үлесі мен әлеуетін насихаттау қажет, бұл да мүгедектігі бар адамның жағымды бейнесін қалыптастыруға әсер етеді.

Ұлттық жоспардың мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың тұрмысын жақсарту жолында жұмылдырылған барлық тараптың үйлестірілген іс-қимылдарының стратегиясын, құрамын және дәйектілігін тұжырымдау.

Мыналар:

1) мүгедектіктің профилактикасы және алдын алу;

2) әлеуметтік оңалту және абилитация;

3) кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта;

4) білімге қолжетімділік;

5) мүгедектігі бар адамдардың экономикалық дербестігі және сапалы жұмыспен қамтылуы;

6) әлеуметтік қызметтер;

7) қоғамдық сананы жаңғырту негізгі бағыттар болып табылады.

Қазақстан Республикасында ұлттық деңгейдегі стратегиялық міндеттерді іске асырудың табысты тәжірибесі негізінде, сондай-ақ халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып, қызметтің барлық бағыттары бойынша интеграцияланған тәсілді іске асыру шеңберінде ғана Ұлттық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге болады.

Ұлттық жоспарды іске асыру:

1) мүгедектіктің профилактикасы бойынша нақты шаралар жүргізу жолымен бастапқы мүгедектікті төмендетуді;

2) білімге қолжетімділікті және білім берудің барлық деңгейлерінде (мектепке дейінгі, жалпы орта, жоғары) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру сапасын арттыруды;

3) еңбек нарығында мүгедектігі бар адамдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және сапалы жұмыспен қамтуды;

4) тыныс-тіршіліктің барлық салаларында толық кедергісіз орта құру жолымен әлеуметтенуді және қоғамға толық интеграциялануды;

5) өмірде қиын жағдайда жүрген азаматтардың қажеттіліктерін саралауды ескере отырып, сапалы әлеуметтік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен атаулылығын;

6) үздіксіз кәсіптік білім беру және біліктілікті бағалаудың тәуелсіз жүйесі негізінде кәсіби кадр құрамын қалыптастыруды;

7) азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарын ескере отырып, қызметтер көрсетудің сапалы нәтижесіне бағдарланған шығындарды басқару жүйесін енгізуді;

8) әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қажеттіліктер мен шығындарды тұрақты және жан-жақты талдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында халық денсаулығын нығайту үшін шаралар қабылдануда. Сырқаттанушылықтың алдын алуда профилактикалық іс-шаралар ерекше рөл атқарады.

Қазақстан халқының мүгедектік алу деңгейін төмендету мақсатында тиімді алдын алу, диагностика және ерте араласу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Ол үшін:

1) профилактика мақсатында сырқаттанушылық пен мүгедектікті (балалар мен ересектерде) ерте анықтау бойынша шараларды күшейту;

2) мүгедектікті болдырмау үшін созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын (АББ) кеңейту;

3) ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық оңалту көмегі желісін кеңейту қажет.

Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

жүргізілген скринингтік зерттеулердің жалпы санына қатысты ауруды ерте диагностика (скрининг) кезінде анықтау;

2025 жылға қарай 10,0 мың тұрғынға шаққанда алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткішіне қол жеткізу – 28 %;

пациенттерді АББ-мен 100 % қамтуға қол жеткізу;

жаңа стандарттар бойынша аккредиттеуден өткен оңалту орталықтары – 100 %.

Мүгедектігі жоқ, табысы төмен егде жастағы адамдарды ассистивті құралдармен (есту аппараттарымен, кресло-арбалармен, жүріс арбаларымен, балдақтармен, коммуникацияның көмекші құралдарымен, протездермен, таблеткаларға арналған органайзерлермен, еске салу құралдарымен және басқа да құралдармен) оларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қосу жолымен қамтамасыз ету ұсынылады.

Ассистивті құралдар егде жастағы адамдардың функционалдық мүмкіндіктерін бұрынғы деңгейде ұстап тұруға немесе арттыруға, сол арқылы олардың әл-ауқатына ықпал етуге арналған.

Жалпы мүгедектіктің нозологиялық құрылымында психикасы бұзылған және мінез-құлқы бұзылған мүгедектігі бар адамдар басым.

АББ – бұл денсаулық сақтау шығындарын азайтуға және интеграцияланған көмек арқылы аурудың салдарын болғызбау немесе азайту жолымен созылмалы аурулары бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бағдарлама. АББ үйлестірілген медициналық араласулар мен коммуникацияларды қамтиды және жекелеген адамдарға басқа медициналық қызмет көрсетушілермен бірге өз ауруын басқаруға және асқынуларды болғызбауға мүмкіндік береді.

АББ-ны енгізу жұқпалы емес созылмалы аурулардың алдын алу және олармен күрес мәселелерінде, пациенттердің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыруда, медициналық персоналдың өзара іс-қимылын жақсартуда және ықтимал асқынуларды немесе жай-күйдің ауырлауын болғызбауға бағытталған қолда бар барлық ресурсты пайдалануда елеулі өзгерістер қажеттігінен туындады.

Жүргізіліп жатқан медициналық оңалту қазіргі уақытқа дейін мүгедектіктің алдын алу және оның профилактикасының өзара байланысы белгіленбегенін көрсетеді. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, медициналық оңалту бойынша жоспарланған көрсеткіштер 84 %-ға орындалуда, бұл белгілі бір дәрежеде аудандық (қалалық) ауруханалар жанындағы медициналық оңалтудың стационарлық, амбулаториялық-емханалық бөлімшелер, мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталықтары санының жеткіліксіз болуына байланысты.

Оңалту іс-шаралары тиімділігінің төмен болуы ересектер арасында (9,8 %) да, балалар арасында (0,7 %) да ішінара оңалту көрсеткіштерінен көрінеді.

Осыған байланысты амбулаториялық-емханалық медициналық ұйымдардың базасында қажеттілігі ерекше (тірек-қимыл аппараты бұзылған және т.б.) балаларды оңалту кабинеттерін ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Сонымен қатар дәрі-дәрмекпен емдеуді қоспағанда, ауылдық амбулаториялар базасында қажеттілігі ерекше балалар үшін оңалту спектрінің қызметтерін (физиотерапиялық көрсетілетін қызметтер, массаж және т.б.) көрсетудің маңызы зор.

Мүгедектікті анықтау мен белгілеу тәсілдерін қайта қарау мәселесі және мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен қолдаудың неғұрлым кешенді тәсілін қамтамасыз ету үшін мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен қолдаудың барынша кешенді тәсілін қамтамасыз ету үшін Тыныс-тіршілік пен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық сыныптауышының (сақтандыру элементтерін енгізу, білім беру, жұмысқа орналастыру) терминологиясын біртіндеп қатар пайдалану мүмкіндігі қаралуда.

Сурдопедагогтердің жетіспеушілігі байқалады. Мысалы, жұмыс істеп тұрған 40 сурдологиялық кабинеттің (19 балалар, 12 ересектер және 9 аралас кабинет) 13 кабинетінде (32,5 %) ғана өздеріне жіберілген пациенттерді тереңдетілген аудиологиялық тексеруге және есту-сөйлеуін оңалтуға қатысатын сурдопедагогтер бар.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту мен абилитациялаудың кешенді тәсілін іске асыру оларды қоғамға толыққанды интеграциялау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді, ол мыналарды қамтиды:

1) қажеттілік түрлері бойынша әлеуметтік оңалту стандарттарын әзірлеу және енгізу (тіршілік әрекетінің шектелу түрлеріне байланысты);

2) жеке қажеттіліктер негізінде ОТҚ-мен және әлеуметтік оңалту қызметтерімен қамтамасыз етудің кешенді тәсілін іске асыру;

3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын енгізу арқылы ОТҚ таңдау құқығын және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;

4) әлеуметтік оңалту орталықтарының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамыту.

Әлеуметтік оңалту және абилитациялау тиімділігінің нысаналы индикаторлары:

оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ОТҚ-мен қамтамасыз етілу;

мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің толық спектірін ұсыну.

Әлеуметтік оңалту негізінде қажеттілігі ерекше адамдардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, олардың тіршілік әрекетінің барлық аспектілеріне толық тартылуын қамтамасыз ету және қосу жатыр. Бұл міндетке елдегі әртүрлі ұйымдар мен мекемелер кешенді оңалту мен абилитациялық қызметтер көрсеткен кезде ғана қол жеткізуге болады. Мемлекет тарапынан әлеуметтік оңалту мен абилитациялау стандарттарын әзірлеу және енгізу осындай қажеттілік туындауы ықтимал барлық адамдар үшін осы қызметтерді көрсетудің тең-жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік оңалту және абилитациялау стандарттары қажеттілік түрлерін, нозологиялардың формаларын, адамдардың жынысы мен жасын ескере отырып әзірленетін болады, бұл мынадай маңызды бағыттардың бірыңғай тәсілдерін бекітуге мүмкіндік береді:

жеке қажеттіліктер негізінде әлеуметтік оңалтудың техникалық құралдары мен көрсетілетін қызметтерін қамтамасыз етудің кешенді тәсілін іске асыру;

әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын енгізу арқылы ОТҚ таңдау құқығын қамтамасыз ету;

әлеуметтік оңалту орталықтарының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамыту.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар оңалтудың жеке бағдарламасы (ОЖБ) бойынша мүгедектігі бар адамдарды ОТҚ-мен мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өнім берушіні таңдаудың негізгі өлшемшарттары ең төмен шартты баға ұсынысы болып табылады, бұл сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететіні сөзсіз.

ОТҚ сапасы көп жағдайда мүгедектігі бар адамның тұрмыс сапасына ықпал етеді. Сондықтан мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне барынша толық сай келетін ОТҚ таңдау құқығын бекіту және қамтамасыз ету маңызды.

Қаржыландырудың жеткіліксіздігі, мемлекеттік сатып алудың уақтылы өткізілмеуі, ОТҚ төмен сапасының лайықты болмауы ОТҚ ұсыну жүйесінің негізгі кемшіліктері болып табылады.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылар мен өнім берушілердің тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы енгізілетін болады. Бұл бірыңғай цифрлық алаңда мүгедектігі бар адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарын өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілетін болады.

Бұдан басқа, мүгедектік белгіленгеннен кейінгі бірінші айда оңалту орталықтары базасында ОТҚ-ны пайдалануға оқыту бағдарламасын әзірлеу және қабылдау көзделеді. Оқыту жеке сабақтарды, бейнероликтер көрсетуді, инструктормен, топта (мүмкіндігінше), содан соң өз бетінше жаттығулар орындауды қамтиды. Практика көрсеткендей, бұл іс-шаралар кешені мүгедектігі бар адамдардың одан әрі әлеуметтік бейімделуінің жылдамдығы мен сапасына тікелей әсер етеді.

Әлеуметтік интеграция және мүгедектігі бар адамдардың тәуелсіз өмір салты, тұратын жерінен қызмет көрсету орнына дейін инфрақұрылымның толық қолжетімділігін қамтамасыз ету:

1) көрсетілетін қызметтер мен объектілерге қолжетімділіктің ұлттық салааралық стандарттарын әзірлеу;

2) сертификаттау және мониторинг жүйесі негізінде көрсетілетін қызметтер мен объектілерге қолжетімділік сапасын бақылау, қолжетімділіктің ұлттық стандарттарын сақтау;

3) мүгедектігі бар азаматтар үшін коммуникациялық кедергілерді жоюға ықпал ететін қолжетімді ақпараттық инфрақұрылым құру жолымен жүзеге асырылуға тиіс.

Кешенді қолжетімділік пен кедергісіз орта құру бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізудің нысаналы индикаторлары:

әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым ұйымдары қызметтерінің қолжетімділігі;

қоғамдық көлік бағыттарының қолжетімділігі;

мүгедектігі бар адамдардың қолжетімді ортаға құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін сарапшыларды аккредиттеу;

мүгедектігі бар адамдар және халықтың жүріп-тұруы шектелген басқа да топтары үшін басым әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігі.

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген басқа да топтары үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету бойынша қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, жергілікті жерлерде мүгедектігі бар адамдардың қазір бар және салынып жатқан тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуі жөніндегі іс-шаралар толық көлемде іске асырылмайды.

Есту қабілеті бұзылған адамдар мен көру қабілеті бұзылған адамдар үшін халыққа қызмет көрсететін барлық ұйымдарда объектілер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мәселелері жеткілікті деңгейде реттелмеген.

Мүгедектігі бар адамдарға немесе құрамында мүгедектігі бар адамдар бар отбасыларға берілетін тұрғын үй-жайларды арнайы жүріп-тұру құралдарымен және арнайы құрылғылармен жабдықтау жөніндегі норма іс жүзінде іске асырылмайды.

Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін объектілер: дүкендер, дәріханалар, сауда орталықтары, базарлар, кинотеатрлар, музейлер, тамақтандыру объектілері және т.б. қолжетімділікті бағалаумен қамтылмаған.

Ақпараттық қолжетімділік құралдары, олардың түрлері мен типтері, олардың мақсаты, дұрыс пайдаланылуы туралы білім жоқ. Қоғам «қолжетімді орта» терминін пандустың болуы, ал ол болмаған кезде шақыру кнопкасының болуы деп түсінеді.

Әлеуметтік маңызы бар объектілерде стендтерде, оның ішінде көру қабілеті бұзылған адамдарға қолжетімді және Брайль қарпі қолданылмайтын ақпаратты орналастыру қажет. Халыққа қызмет көрсетумен айналысатын барлық ұйымда онлайн-сурдоаударма технологиясы енгізілетін болады.

Қалалық жерлерде де, ауылдық жерлерде де (әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілері, сондай-ақ мәдениет, бос уақытты өткізу және спорт объектілері) әлеуметтік, мәдени және қоғамдық маңызы бар қызметтерге қол жеткізу үшін кедергілерді жою бойынша шаралар қабылдау қажет.

Жалпы қолжетімділік мониторингі, оны бақылау қалалық және әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділікке халықтың жүріп-тұруы шектелген топтарының құқықтарын қорғаудың, әлеуметтік инфрақұрылым ұйымдарының, сондай-ақ жұмыс нәтижелері үшін атқарушы билік органдарының жауапкершілік деңгейін арттырудың, алынған міндеттемелер мен олардың орындалуы туралы халықтың хабардар болуының негізгі құралдарының бірі болып табылады.

      Сертификаттау тетіктері мен құралдарын, объектілер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік шарттарын пайдалана отырып, қолжетімділікті мониторингтеу мен бақылаудың ұлттық жүйесін дамыту мүгедектігі бар адамдардың көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікке құқықтарын қорғауға және бақылау функцияларын орындауға қоғамдық ұйымдардың сарапшыларын тартуға ғана емес, сондай-ақ мониторинг, бағалау, бақылау функцияларын орындауға сертификаттау жөніндегі құзыретті органдарды тартуға мүмкіндік береді.

Балалар мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру жүйесінің негізгі басым бағыттары мыналар болып табылады:

1) білім берудің барлық деңгейлерінде (мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік-техникалық, жоғары) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

2) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру;

3) оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу және білім беру процесіне қатысушыларды қамтамасыз ету.

Білім беруге қолжетімділіктің нысаналы индикаторлары:

ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың жалпы санынан инклюзивті білім беруге қосылған балалардың үлесі;

ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасаған мектептер мен балабақшалардың үлесі;

ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттер үшін тең жағдай және кедергісіз қолжетімділік жасаған техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан әрі – ТжКБ) оқу орындарының үлесі;

ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттер үшін жағдай жасаған жоғары оқу орындарының үлесі.

2020 жылға қарай ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттер үшін тең жағдай және кедергісіз қолжетімділік жасаған ТжКБ оқу орындарының үлесі 40 %-ды құрайды.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар үшін ТжКБ жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ТжКБ мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышында 70 мамандық бойынша кадрлар даярлау көзделген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарға колледждерге түсетін кезде жағдай жасау (жеке аудитория, пән мұғалімі болып табылмайтын көмекші және (немесе) мүгедектігі бар балалар мен есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілін меңгерген маман беру) бөлігінде толықтырулар енгізу талап етіледі.

Мүгедектігі бар адамдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіптік бағалау мен кәсіптік бағдарын тестілеуден міндетті өтуді қоса отырып, Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқыту және кәсіптік даярлау көзделеді.

  1. Оқытудың және қайта оқытудың жеке тәсілін әзірлеу жолымен мүгедектігі бар адамдардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
  2. Жұмысқа орналастыру кезінде мүгедектігі бар адамдарды сүйемелдеу институттарын енгізе отырып, жұмысқа орналасуға сапалы қолдау көрсету.
  3. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілерді ынталандырудың қосымша және балама шараларын енгізу.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту жетістіктерінің нысаналы индикаторлары:

еңбекке жарамды жастағы мүгедектігі бар адамдардың жалпы санынан жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың санын ұлғайту;

мемлекеттік мекемелердегі (ұлттық және жергілікті заң шығару органдарында, мемлекеттік қызметте және сот органдарында) мүгедектігі бар адамдар атқаратын лауазымдар пайызын арттыру;

мүгедектігі бар оқушыларды оқыту үшін соңғы 12 айда жұмыстан қол үзбей оқудан өткен, жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің санын арттыруға қол жеткізу болады.

Жергілікті атқарушы органдар жұмыс орындары құрылатын ұйымдарда жұмысқа орналастырылатын мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылымды бейімдеу шығындарын қаржыландыруды жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық көлемде қамтамасыз етпейді (пандустар, есік ойықтары, санитариялық тораптар, аудио- және тактильдік сілтегіштер, мүгедектігі бар адамдарға іште және сыртта бағдар беретін басқа да құрылғылар).

Бос орындарға және квота бойынша жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, өз ісін ашуға микрокредит алу еңбек нарығында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің негізгі шаралары болып табылады.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар мүгедектігі бар түлектердің жалпы орта, кәсіптік және техникалық, жоғары білім алғаннан кейінгі жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтерді қалыптастыруы қажет, бұл енгізілген инклюзивті білім берудің табыстылығын және мүгедектігі бар адамдардың ашық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік деңгейін талдауға мүмкіндік береді.

Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша тәжірибе бар, ол әлі де елдің облыстары мен аудандарында кеңінен таралған жоқ. Әлеуметтік кәсіпкерліктің өз ерекшеліктері, әдістері бар екенін ескерсек, оларды қолда бар практикалық тәжірибені есепке ала отырып, халықтың өзге де әлеуметтік осал топтарына да тарату қажет.

Сонымен қатар елімізде кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын институт құрылды.

Осыған байланысты мүгедектігі бар адамдар үшін ұсынылатын барлық шараларды бизнес-қоғамдастықпен талқылауды жүргізген жөн, бұл орын алып отырған проблемаларды жою үшін қабылданатын шаралардың тиімділігін арттырады.

«Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында лайықты жұмыс іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары; әлеуметтік-кәсіптік бағдарлау бойынша көрсетілетін қызметтер көзделген.

Мүгедектігі бар адамдар үшін кәсіп таңдау кезінде ОЖБ-да қамтылған ұсынымдар және осы кәсіп бойынша кәсіптің мүгедектігі бар адамдарға қоятын талаптарын ашатын кәсіптік-графикалық деректер ескеріледі. Аталған мәліметтерді жұмыспен қамту орталықтарының жұмыскерлері әрдайым ала алмайды.

Жаңа бастамалар шеңберінде мүгедектігі бар адамдардың еңбек ету мүмкіндіктерін диагностикалау және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мамандық таңдау әдістері енгізілетін болады.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құру және жұмыс берушілерді ынталандыру жөніндегі шараларды жетілдіру тұрақты негізде жүргізілетін болады. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын құруға, дотациялық жұмыс орындарын құруға арналған квотаны сақтайтын жұмыс берушілер үшін ынталандыру үстемақылары, жұмыс көлемін 50 %-дан астам немесе 100 % мүгедектігі бар адамдар еңбек ететін қоғамдық бірлестіктерге беру қаралатын болады.

Қазақстанның еңбек нарығында құрылатын негізгі жұмыс орындары мүгедектігі бар адамдардың үш тобына – есту қабілеті бұзылған, көру қабілеті бұзылған және кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдарға қатысты.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту әлеуметтік қызметтердің тиімді өзара іс-қимылы және әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу есебінен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында:

1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жан басына қаржыландыру нормативтері әдістемесін қолдану жолымен сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

2) атаулылықты және тең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қызмет көрсету нысандарын жаңғырту, сондай-ақ әлеуметтік жұмыскерлердің мәртебесі мен әлеуетін арттыру талап етіледі.

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылардың көрсетілетін жұмыскердің сапасына қанағаттануы үшін мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу қажет:

үздіксіз білім беру және сертификаттау жүйесі арқылы әлеуметтік жұмыскерлерді кәсібилендіру;

мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік емес сектор көрсететін әлеуметтік қызметтердің тізбесін кеңейту;

арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу.

Қазіргі уақытта әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының 71 %-ы ірі қалалар мен аудан орталықтарында орналасқан. Сонымен қатар қызмет көрсетілетін мүгедектігі бар адамдардың 48,7 %-ы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері басым ауылдық жерлерде тұрады. Осыған байланысты жүйенің институционалдық базасын одан әрі кеңейтуге, көрсетілетін қызметтерді алушыларды олардың жеке мүмкіндіктеріне байланысты санаттауға және көрсетілетін қызметтердің атаулылығын күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау межеленген.

Әлеуметтік жұмыскерлер біліктілігінің төмен болуы проблема болып қалып отыр. Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде ұсынылатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тиісінше дамымаған.

Министрлік 2018 – 2019 жылдары әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асырды.

Бастапқы кезеңде әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің интеграцияланған моделі Шығыс Қазақстан облысында сынақтан өтті.

Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің интеграцияланған моделін енгізу және сапасын мониторингтеу бойынша ведомствоаралық комиссиялар мен отбасылармен тікелей жұмыс істеген мамандардың ведомствоаралық командалары құрылды.

Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдары саласында 103 маманды оқыту қамтамасыз етілді, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдардың жекелеген санаттарымен жұмыс істеу кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша, арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу шеңберінде әдістемелік басшылық әзірленді.

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында және Өскемен қаласында жүргізілген жұмыс барысында 54 отбасына қажеттілікті бағалау парақтары жасалды. Ведомствоаралық жұмыс топтарының бағалау қорытындысы бойынша 30 отбасы есепке алынып, оларға 68-ге жуық қызмет көрсетілді.

Жергілікті бюджеттер қаражаты мен тартылған қаражат есебінен жалпы сомасы 1,7 млн теңгеге көмек көрсетілді.

Көрсетілген қызметтер отбасыларға өмірдегі қиын жағдайдан шығуға немесе жағдайын біршама жақсартуға мүмкіндік берді.

2018 жылғы желтоқсанда және 2019 жылғы ақпанда пилоттық жобаға тағы 10 өңір қосылды.

Пилот қорытындысы бойынша білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйелерінің және басқа да салалардың әлеуметтік жұмыскерлерінің қызметін үйлестіру тетігі әзірленетін болады, бұл мұқтаж азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетуге және барлық өңірлерде әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделін жаппай енгізуге мүмкіндік береді.

Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді жан басына қаржыландыру нормативтері енгізілетін болады. Халықаралық және отандық тәжірибені ескере отырып, тарифтер мемлекет кепілдік берген әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша белгіленетін болады. Жалпы бейіндегі көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай тарифтер белгіленді; кешенді көрсетілетін қызметтер бойынша аралас тарифтерді қалыптастыру мүмкіндігі зерделенуде.

Жүйені ақпараттандыру және көрсетілетін қызметтерді алушылардың электрондық жеке карталарын (әлеуметтік қызметтер көрсету тарихы) енгізу негізінде кезең-кезеңімен әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру шығыстарының мониторингтеу жүйесі іске асырылатын болады. Бұл нақты шығындар негізінде тарифтік саясаттың ашықтығы мен тиімділігін едәуір арттырады.

Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және жаңа технологияларды енгізуді ынталандыру үшін көрсетілетін қызметтер тарифтеріне негізгі құралдарды жаңартуға арналған шығыстар кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

Отбасы, мемлекет, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер мен қайырымдылық ұйымдары, басқа да коммерциялық емес ұйымдар, коммерциялық сектор әріптестігі технологияларын енгізе отырып, негізінен ауылдық елді мекендерде әлеуметтік қызмет көрсетілетін көп бейінді шағын үйлер құрылатын болады.

Әлеуметтік қызмет көрсететін шағын үйлердің типтерін және оларда кешенді және мамандандырылған қызметтер көрсету шарттарын жергілікті атқарушы органдар қызмет көрсетілетін азаматтардың санаттарына және олардың жеке қажеттіліктеріне қарай айқындайтын болады.

Жұмыс беруші есебінен үздіксіз мансаптық және кәсіби өсуді қамтамасыз ету мақсатында оқуға мүмкіндік берілетін болады.

Әлеуметтік жұмыскерлердің біліктілігі, олар көрсететін қызметтердің түрлері, оларды ұсыну деңгейі және жұмыс нәтижелері туралы қажетті ақпаратпен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі қызметкерлер санының бірыңғай базасы («Кадрлар» ААЖ) құрылатын болады. Базаға қызметтердің барлық тұтынушылары қол жеткізе алады, бұл оларға әлеуметтік жұмыскерлерді таңдау құқығын пайдалануға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыскерлер қызметінің айқындығынан басқа бұл адал бәсеке тудырып, олардың еңбегіне ақы төлеуге де әсер етеді.

«Бір плюс екі» моделі қалыптастырылатын болады – бір әлеуметтік жұмыскерге 2 волонтер көмектеседі. Әлеуметтік қызметтер мен волонтерлік ұйымдар жұмыскерлерінің тығыз өзара іс-қимылы әлеуметтік жұмыскер кәсібінің мәртебесі мен беделін көтеруге мүмкіндік береді.

Қазіргі практика көрсетіп отырғандай, әлеуметтік қолдау көрсетудегі құрамдас бөлік отбасының/мүгедектігі бар адамның өмірдегі қиын жағдайдан шығу проблемасын толық көлемде шешуге мүмкіндік бермейді.

Көрсетілетін қызметтердің интеграцияланған моделінің тетігі әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент (кейс-менеджер) пен құрамында мүгедектігі бар адамдар және мұқтаж азаматтардың басқа да санаттары бар отбасы арасында сенімді өзара қарым-қатынас орнатуға негізделетін болады.

Кейс-менеджер отбасыдағы өмірдің қиын жағдайын кешенді бағалап, оның алдағы теріс салдарының профилактикасы мен алдын алуға баса назар аудара отырып, осы жағдайдан шығу жолдарын табады.

Бұған қоса коммуникация көздері мен тетіктерінің алуан түрлілігі, өнім берушілер арасында үйлестірудің болмауы мүгедектігі бар адамдарға өздері үшін қолжетімді қызметтердің алуан түрлілігі туралы толық көлемдегі хабардар болуға көбінесе мүмкіндік бермейді.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйелерін қаржыландыру әдісінің негізінде әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алудың жеке тәсілі, мүгедектігі бар адамның тіршілік ету қажеттіліктерін есепке алу және қызмет алудың неғұрлым қолайлы түрін (үйде, күндігі стационарда, стационарлық мекемеде) таңдауды қамтамасыз ететін қаржыландыру схемалары арқылы қызметтер көрсету жатады. Көрсетілетін қызметтерді жеке жоспарлау әлеуметтік қамсыздандыру қызметтеріне мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне неғұрлым дәл сәйкес болуға көмектеседі және соның нәтижесінде бюджет қаражаты сметалық (баптар бойынша) бюджеттік қаржыландырудың қолданыстағы әдістерімен салыстырғанда неғұрлым ұтымды жұмсалатын болады.

2009 жылы қабылданған «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы «әлеуметтік қызметкерді» дербес мамандық ретінде заңнамалық түрде бекітті.

Бүгінгі күні әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде 10 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер еңбек етуде, олардың басым бөлігі – 79,8 %-ы үйде қызмет көрсету жүйесіне тиесілі. Статистикалық тұрғыдан алғанда, республикада бір әлеуметтік қызметкерге орта есеппен алғанда мүгедектігі бар 60 адамнан келеді (мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны – 608 мың адам деп есептегенде).

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту әлеуметтік қызметтер көрсетудің барлық деңгейлерінде – стационарда, жартылай стационарда, уақытша болу ұйымдарында, үйдегі күтімде әрбір жүгінген адамның қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік жұмыстың жаңа сапасын болжайды. Әлеуметтік қызметкер өз саласында білікті, заманауи құралдарды меңгерген, сапалы заманауи оқыту әдістері бойынша оқыған білікті маман болуға тиіс. Бұл ретте әлеуметтік қызметкер – бұл жанашырлық, көшбасшылық және іске берілгендік сияқты адами қасиеттері дамыған кәсіпқой маман.

Қоғамның мүгедектігі бар адамдардың проблемаларына деген көзқарасын өзгерту мақсатында мынадай шараларды қамтитын қоғамдық санамен жұмыс жөніндегі кешенді стратегияны іске асыру қажет:

1) бірқатар негізгі дефинициялар мен ұғымдарды қайта қарау және бекіту;

2) мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді басқарудың бірыңғай институтын құру.

Көрсетілген шараларды іске асырудың нысаналы индикаторлары:

мәдениет, телерадио хабарларын тарату объектілерін және интернет-сайттарды есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін қазіргі заманғы қолжетімділік құралдарымен жабдықтау;

есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін мемлекеттік ұйымдарда қолжетімді ақпараттық стендтер әзірлеу;

БАҚ-та мүгедектік проблематикасы бойынша түсіндіру сипатындағы жарияланымдарды енгізу;

сурдоаудармамен немесе титрі бар жүгіртпе таспамен сүйемелденетін республикалық және өңірлік телевизия арналары бағдарламаларының санын ұлғайту.

Қоғамдық санамен кешенді жұмыс шеңберінде 2025 жылға қарай республикалық телевизияда сурдоаудармамен немесе титрі бар жүгіртпе таспамен сүйемелденетін бағдарламалар шығару, халықты мүгедектік мәселелері туралы хабардар ету және әлеуметтегі қоғамдық стигматизацияны төмендету мақсатында әлеуметтік роликтерді орналастыру үшін мемлекеттік тапсырысты кеңейту жоспарлануда. Осы роликтер шеңберінде жұртшылықты әртүрлі мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасауға оқыту және хабардар ету жүргізіледі.

Барлық әлеуметтік факультеттерде ымдау тілін оқыту курстарын енгізу, оның ішінде қызметтер көрсету секторына жұмысқа қабылдау кезінде қарым-қатынастың ымдау тілін білуді міндетті өлшемшарт ретінде енгізу мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша шараларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте ымдау тілін мемлекеттік тілге көшіру және компьютерлер мен оқығыш машиналар, ұялы телефондар үшін қазақ тілін электрондық синтездеу бағдарламасын әзірлеу мәселелерін қарау қажет.

Мүгедектікпен байланысты әлеуметтік стигма мүгедектігі бар адамдарға өз әлеуетін толық ашуға кедергі жасайтын және білім беру, жұмысқа орналастыру сияқты салалардағы нәтижелер мен қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларына қатысу тұрғысынан теңсіздікті күшейтетін негізгі кедергілердің бірі болып қалып отыр.

Бұл міндетті шешу үшін білім беру жүйесінің барлық деңгейінде, оның ішінде барлық балаларда сәби кезінен бастап мүгедектігі бар адамдардың құқықтарына, сонымен қатар қоғамның басқа да мүшелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуді енгізу ұсынылады.

Бұл шара мүгедектігі бар адамның бейнесін қоғамның толық құқылы және тең дәрежелі мүшесі ретінде дамытуға көмектеседі. Адам құқықтарына негізделген тәсілді мүгедектікке қолдану мәселелерінде жұртшылықты хабардар етуді және жаппай ағартуды арттыру жөніндегі кең ауқымды әрі атаулы науқандарды ұйымдастыру жөніндегі күш-жігерді жандандыру және жұмысты жалғастыру қажет.

Жоғарыда аталған шараларды іске асыру алдымен стереотиптер мен ақылға сыймайтын ескі нанымдарды барынша азайтуды, ал кейіннен толық жоюды, әлеуметтік стигматизация мен кемсітуді жоюды қамтамасыз етеді, мүгедектігі бар адамдарға қатысты қоғамдық сананың табысты жаңғыруына алып келеді.

Түркістан қаласында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының ЕҢБЕК БАҒЫТЫ бойынша не атқарылды?

«Қазіргі таңда еліміз бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы атқарылып жатқандығынан хабардармыз. Ол бағдарлама аясында 6912 адам жұмыспен қамтылды: 3271 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданды; 272 адам кәсәптік оқуға қатысты; 125 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды; 501 адам «Жастар практикасымен» қамтылды; 843 адам қоғамдық жұмыс орындарына жолданды; 24 адам мемлекеттік грантқа ие болды; 35 адам алғашқы жұмыс орындарына жолданды; 992 адам «Бастау Бизнес» жобасына қатысты. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1674 сертификат алып, 191 адамға емлекеттік грант берілді» — дейді өз кезегінде Түркістан қаласының басшысы Нұрбол Тұрашбеков.

Сөздің орайы келгенде биыл «Бастау Бизнес» жобасындағы өзгерістер хақында мағлұмат бере өтейік. Биыл жоба қатысушылары тағы онлайн оқып жатыр. Оқу 2022 жылғы наурыздың соңында басталды.

2022 жылы «Бастау Бизнеске» мына нысаналы топқа жататын тұлғалар қатыса алды:

 Жұмыспен қамту санатындағылар:

  • Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар;
  • бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар қатарынан);
  • жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі бір жылдан кем);
  • жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғалар.

Әлеуметтік санаттағылар:

  • Жұмыссыз жастар (29 жасқа дейін);
  • аз қамтылған отбасы мүшелері – атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • көпбалалы отбасылар — көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушылар;
  • қандастар, қоныс аударғандар;
  • мүгедектігі бар адамдар;
  • мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған тұлғалар үшін.

Оқытуға өтінімдер «Электрондық еңбек нарығы» Мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі Business.Enbek кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың бірыңғай онлайн терезесі арқылы қабылданады.

Үміткер өтінімді порталда бергеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде нысаналы топқа тиесілігі тексеріледі.

Business.Enbek порталында мақұлдағаннан кейін өтінім онлайн-оқудан өту үшін автоматты түрде Atameken Academy порталына жіберіледі.

Курсты Atameken Academy порталында онлайн оқиды. Оқу ұзақтығы күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен аспайды және тегін өтеді.

Оқыту нәтижелері бойынша қатысушыға тиісті сертификат беріледі:

  • оқуды аяқтау туралы сертификатты бизнес-жоспарды дайындаған және бизнес-жоспарды бағалау мен қорытынды тестілеудің қорытындылары бойынша қажетті балл санын – кемінде 60% жинаған қатысушылар ала алады;
  • оқуға қатысу туралы сертификатты құзыреттілік деңгейін арттырған, бірақ оқу аяқталған кезде әзірленген бизнес-жоспары жоқ немесе бизнес-жоспардан теріс баға алған қатысушылар ала алады.

Оқуды аяқтау туралы сертификат үш жылға жарамды.

Оқу неге мүмкіндік береді?

  • Өз ісін жүргізудің негізгі дағдыларын алу;
  • Он екі айға дейінгі мерзімге бизнес-жобаны іске асыруда сүйемелдеу;
  • Бизнес-идеяны қаржыландыру тетіктеріне қол жеткізу.

Грантқа кімдер үміткер бола алады?

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан кейін төмендегі санаттарға жататын қатысушылар Жұмыспен қамту орталығынан берілетін 400 АЕК мөлшеріндегі грантқа үміткер бола алады:

  • Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар;
  • бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар қатарынан);
  • жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі бір жылдан кем);
  • жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғалар.

Бұл ретте грантқа үміткерлер төмендегі санаттардан болуы тиіс:

  • Жастар (29 жасқа дейін),
  • аз қамтылған отбасы мүшелері – атаулы әлеуметтік көмек алушылар,
  • көпбалалы отбасылар — көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушылар,
  • қандастар, қоныс аударғандар,
  • мүгедектігі бар адамдар,
  • мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған тұлғалар үшін.

Атап өту қажет!

  • Жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын өткен жылдардағы жобаға қатысушылар гранттық қаражатқа үміткер бола алмайды;
  • Грантқа үміткерлер жұмыспен қамтудың басқа да қолдау шараларына қатыспауы тиіс;
  • Грант бір рет қана беріледі, бұрын алған қатысушылар қатыса алмайды;
  • Грант қаражатын тек «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту барысында әзірленген бизнес-жоспарға сәйкес пайдалануға болады.

Грантқа қалай өтініш беруге болады?

Оқуды аяқтаған және сертификат алған «Бастау Бизнес» жобасының түлектері Еңбек министрлігінің Business.Enbek порталындағы «Грант» бөлімінде өтініш бере алады.

Анықтама ретінде: Еңбек министрлігінің 2022 жылғы 7 ақпандағы бұйрығымен кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілді. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Сілтеме бойынша танысуға болады https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200026747.

Микроқаржыландыруға кім үміткер бола алады?

Бизнес-жобасын қорғаған «Бастау Бизнес» жобасының тыңдаушылары, оның ішінде 2017-2021 жылдардың қатысушылары кәсіпкерлік қызметтін дамытуға «Атамекен» микроқаржы ұйымдарынан жылдық 6%-бен жеңілдетілген несие алуға өтінім бере алады.

Шағын несие алуға өтінімді қалай беруге болады?

Өтінім беру үшін сізге облыстық және қалалық, аудандық «Атамекеннің» Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына жүгіну қажет. Мына сілтеме бойынша мекенжайларды көруге болады: https://atameken.kz/kk/pages/1331-novaya-volna-instrumentov-finansirovaniya-malogo-predprinimatel-stva.

Осы тұста тағы бір ескерер жайт, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 533,1 мың адам қатысқан. Оның 345,1 мың адам жұмысқа орналасты, ішінде 224,3 мыңы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 12,5 мың адам жіберілген. Өз кәсібін бастау үшін 12 мың адам мемлекеттік грант берілді. ҚР ЕХӘҚМ көрсеткен деректер бойынша: Субсидияланатын жұмыс орындарына 152,6 мың адам орналастырылған. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 13,6 мың, жастар практикасымен 25,3 мың, қоғамдық жұмыстармен 107,7 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3,4 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 425 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 2,2 мың адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 105,6 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Еске салайық, бұған дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 2021 жылы бағдарламаға 651,8 мың адам қатысты.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ оларға кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие мен қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қолдау көрсетілді. Қысқа мерзімді курстарда және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқытылды. 

Бұдан бөлек, «Еңбек» бағдарламасындағы бағыттардың бірі — жұмыс күші көп аймақтардан жұмыс күші тапшы аймақтарға көшіру саясаты жүзеге асырылды.

Түркістан қаласында «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 7 мектеп салынады

Брифинг барысында шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков білім беру саласын да айналып өтпеді. Оның сөзіне қарағанда, Түркістан қаласындағы мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының саны – 34, ал жеке мектеп – 26.  Жалпы оқушы саны 50 841-ге жеткен. 2 ауысымда 30 мектеп болса, 4 мектептің оқушылары 3 ауысымда оқып жатыр екен. Олар: Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектебі, М.Жұмабаев атындағы №15 жалпы орта мектебі, Изатуллаев атындағы жалпы орта мектебі, №23 жалпы орта мектебі.

Өз кезегінде қала әкімі 3 ауысымға өту қауіпі бар мектептерді де жасырмай айтты. Олар: Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебі, мұндағы орын тапшылығы — 183, Жамбыл Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектебі, мұндағы орын тапшылығы — 151, Нәзір Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектебі, мұндағы орын тапшылығы — 520.

2022 жылы 2 мектеп күрделі жөндеуден өткен. Олар: Төле би атындағы №19 жалпы орта мектебі және М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектебі. Сонымен қатар ағымдағы жылы «Бірлік» шағынауданында 1  жеке мектеп салынуда.

Алдағы уақытта 9 мемлекеттік мектептің құрылысын салу жоспарланып отыр екен: 2023 жылы республикалық бюджет есебінен 2 мектеп бой көтермек (Әмір Темір – 300 орындық, Баянауыл — 600 орындық).

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 7 мектеп салынады. (Әкімшілік-іскерлік орталығында 3 мектеп  — 6000 орындық, Яссы шағынауданында 2 мектеп – 2100 орындық, Отырар шағынауданында 1 мектеп – 1200 орындық, Бекзат шағынауданында 1 мектеп — 1200 орындық).

«Жайлы мектеп» демекші, биыл оқу жылында еліміз бойынша 7600 мектеп  3 миллион 700 мыңдай балаға білім беруге кірісіп кетті. Алайда, бұған дейін қаншама бағдарлама қабылданып, мектеп пен балабақшаларда орын жетіспеушілігі мәселесін шешуге атсалысса да, түйткіл әлі де өзекті.  

Cоңғы жылдары ел үкіметі білім саласына шындап көңіл бөле бастады. Себебі, елімізде әлі күнге үш ауысымды мектептердің саны азаймай тұр. Бұл тұрғыда президент арнайы тапсырма беріп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын әзірлеуді жүктеді. Сәтін салса, жоба бойынша 2025 жылға дейін 840 мың бала жаңа әрі соңғы үлгіде жабдықталған мектепте білім алады. Мұндай білім беру ұялары қала менм ауыл мектептері арасындағы айырмашылықты азайтуына әкеледі деген үміт бар.

Айтпақшы, қала мен ауыл мектептерінің оқыту сапасындағы алшақтықты азайту, орын жетіспеушілін түпкілікті жою, қауіпсіз, жайлы білім беру мәселесі «Білімді ұлт» сапалы білім беру жобасында да көтерілген. Бірақ бір емес, екі жобаның арқалар жүгіне айналған мәселе қалай шешімін таппақ? Бұл тұрғыда мемлекет басшысы мынадай ұсыныс айтты. Егер жемқорлық дерегі бойынша сотталған шенеуніктердің заңсыз ақшасы мемлекетке өтсе, бұл қаражат толықтай мектеп құрылысына көзделуі тиіс.

«Жайлы мектеп» – бұл пилоттық жоба ретінде жүзеге асады. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, жобаның мақсаты жас ұрпақтың сапалы білім алуын қамтамасыз ету. Яғни, балабақша, мектептерде орыс жетіспеушілігі мәселесі туындамауы үшін қолға алынған жобаның аясында бірталай білім беру мекемесі салынуы тиіс.

Айта кету керек, былтырдан бері елімізде 674 балабақша есігін айқара ашса, 326 мектеп қолданысқа берілді. Одан басқа 1436 білім ұясына қайта жөндеу жүргізілген. Ал «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 2025 жылға дейін 840 мың орын болатын мектеп салу жоспарланып отыр.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында білім беру мәселесіне кеңірек тоқталды. Ұлттың сапалы болуы әуелі денсаулығы мен біліміне байланысты екенін айтқан президент бұл істі мектепке дейінгі тәрбие жұмысынан бастау керектігін жеткізді.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың көбі балабақшаға барады. Алайда, бүлдіршіндерді балабақшамен қамту мәселесі толыққанды шешілмей келеді. Тіпті, балабақша тәрбишелерінің жалақысы да өзгеріссіз қалып жүр. Президент балалардың тәрбиесі отбасы мен балабақшада қалыптасатынын ескеріп, тәрбиешілердің де мәртебесі мен еңбекақысын көтеру керектігін қадап айтты. Бұл тұрғыда тәрбиешілердің жүктемесін азайтып, аттестациядан өткізу қажеттігін ұсынды.

Оқу-ағарту министрлігі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, мектептерде орын тапшылығы үлкен мәселеге айналғалы біраз жыл. «2021 жылы 277 мектеп пайдалануға берілді. Биыл 260 мектепті салып жатырмыз. Бізге 2025 жылға дейін мың мектеп салу тапсырмасы жүктелген. Алайда, бұл жоспар ойдағыдан да жылдап жүзеге асып жатыр. 1 мың мектеп салынса, миллион бала оқып, үш ауысым толық жойылады» деген болатын. Демек, үш ауысымды мектеп мәселесі шешілетін уақыт та алыс емес. Бастысы мектеп пен балабақша салу – Үкімет пен жергілікті әкімдіктің назарында болуы тиіс.

Егер «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы толығымен іске асырылса, еліміздегі мектептердегі орын тапшылығы мен үш ауысымдық мектептердің де мәселесі шешілетін еді. Бұл туралы оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов кездесулерде былай деп пікірін білдірді. Оның айтуынша, еліміздегі үлкен мәселелердің бірі – мектептердегі орын тапшылығы. Бірақ аталмыш мәселе өзінің уақытымен шешіледі. Осыған орай, біз мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 277 мектепті іске қостық. Ал «Жайлы мектеп» жобасы жөнінде айтатын болсақ, жоба бойынша салынған мектептер жай мектерден өзгеше болатыны анық. Әрі осындай заманауи мектептер көптеп салынса, әр ата-ана балаларын сол мектепке беруге асығады. Әрі балаларда заманауи тұрғыда ерекше білім алып шығуына үлкен мүмкіндік болады. Сондай-ақ жоба бойынша салынған елордадағы мектеп заманауи, әрі балаларға қолайлы болғандықтан, ол мектеп лезде оқушылармен толықты. Ал ондағы жасалған жағдайлар қандай? Деген сұраққа келсек, біріншіден, онда робототехника, физика, химия, мектептері орналасқан. Сонымен қатар заманауи құрылғылармен толығымен жабдықталған. Алдағы уақытта осындай мектептерді көбірек саламыз. Және ол мектептерде бастауыш сыныптарға арналған арнайы блок болады. Әрі оның жеке асханасы мен дәретханалары да жоғары сыныптан бөлек орналасады. Осындай жоба бойынша салсақ, мектептегі әлімжеттік мәселесі де шешіледі», – дейді министр.

Сондай-ақ «Жайлы мектеп» жобасымен қатар, мектеп формалары жайында да мәселелер қозғалған болатын. Бұл туралы Президент: «Мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімделген жөн», – деген ойымен де бөлісті. Бұның өзі ата-аналар мен мектеп мұғалімдері үшін жағымды жаңалықтардың бірі саналады.

Тағы бір айта кетерлігі, «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 2,6 триллион теңге бөлінген. Бұл туралы Мәжілісте Қаржы вице-министрі Татьяна Савальева хабарлаған болатын. Вице-министр аталмыш мәселе туралы: «Жолдаудағы «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы бойынша жоғары іс-шаралары 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасында көрініс тапты. Жоба әзірленіп, келісу сатысында тұр. Оны іске асыруға үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасында 2,6 триллион теңге көзделген» — деп түсіндірді.

Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміздің бірқатар ірі өңірлерінде жоба бойынша жұмыстар басталып кетті. Мәселен, Түркістан облысы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына Түркістан облысынан 63 мектеп енгізіліп, бекітілді. Бұл жөнінде түнегүні облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Өңір басшысы аймақтағы мектеп тапшылығын жою, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін түбегейлі шешу бағытындағы жұмыстарды жүйелеуді әрі ширатуды тапсырды.

– Бюджетке енгізіліп, жобалық-сметалық құжаты әзірленген әрбір нысан уақтылы әрі сапалы салынуы тиіс. Жауапты басқарма басшыларына өңірдегі құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандарды зерделеп, қадағалауды тапсырамын. Әсіресе, бүгін талқыланып отырған білім ұяларының құрылысын қатаң қадағалау керек. Бұл ретте аудан, қала әкімдері өз аймақтарыңыздағы нысандардың құрылысын тиісті басқармалармен бірге күнделікті бақылауда ұстаңыздар. Екіншіден, сәулетке жауапты басқарма өңірдегі мектеп ғимараттарын салуда бір үлгіні ұсынсын. Қыруар қаржыға салынған кейбір нысандардың сәулеті талапқа сай емес. Үшіншіден, тапсырысты алып, жұмысты бастамаған немесе сапасыз атқарған мердігерлер тізімі әзірленіп, жосықсыз мердігерлер қатарына енгізілуі тиіс. «Жайлы мектеп» жобасы бойынша да жер телімдері мен құжаттарын жедел әзірлеу қажет. Жұмысты ширатыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мен облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Т.Үсіпәлиевтің мектептер құрылысы бойынша баяндамалары мен есептері тыңдалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында 63 мектептің (жобалық қуаттылығы – 57300 орын) құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде: 300 орындық 11 мектеп, 600 орындық 16 мектеп, 900 орындық 17 мектеп, 1200 орындық 8 мектеп, 1500 орындық 5 мектеп, 2000 орындық 6 мектеп салынбақ. Қазіргі таңда 55 мектеп салынатын жер учаскесіне меншік құқығын беретін мемлекеттік актісі алынған, қалған жер телімдері бойынша жұмыс жүріп жатыр. 2024 жылы жалпы 29 мектептің, 2025 жылы 34 мектептің құрылысын аяқтау межеленген. Білім нысандарының құрылысы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірыңғай операторы арқылы жүзеге асырылады. Д.Амангелдіұлы аталған нысандарға қажетті жерді, инфрақұрылымды, газ, электр, су мәселелерін жедел шешіп, құрылысқа дайындықты бастау жөнінде тапсырма берді.

Жиында өңірдегі құрылысы жүріп жатқан мектептер мәселесі де қаралды. Сонымен бірге жұмыстары кешеуілдеп жатқан нысандардың жай-күйі сарапталды. 2022 жылы Түркістан облысында 54 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20,3 миллиард теңге қаржы қаралған. Жыл соңына дейін 22 мектепті (5100 орын) пайдалануға тапсыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 8 мектеп (Мақтаарал, Сарыағаш-2, Келес, Төлеби-2, Түлкібас-1, Бәйдібек аудандарында) ел игілігіне берілді. Қалғандары жыл соңына дейін тапсырылады деп көзделіп отыр.

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов: «Қазір салынатын мектептер ауылда да, қалада да бірыңғай стандартпен салынатын болады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратының жекелеген блоктарында оқиды. Сәйкесінше олардың өз оқу кабинеттері, өз әжетханалары, өз спортзалдары болады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасалады. Бейнебақылау, дыбыстық дабыл секілді қауіпсіздікті қарастырдық» — дейді.

…Өз кезегінде Нұрбол Тұрашбеков Түркістан қаласындағы балабақшалар саны 108-ді құрап отырғанын, олардың 21-і мемлекеттік болса, 87-сі жекеменшік нысан екенін жеткізді. Жалпы балабақшадағы балалар саны – 15 144. «Сонымен қатар қаламызда мектептен тыс 7 мекеме бар. Үйірмелерге қатысатын оқушы саны – 4 556. Қазіргі таңда қалада күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 11 мектеп бар» — дейді Нұрбол Әбдісаттарұлы.

Түркістан қаласының инфрақұрылымы қалай?

Ең алдымен ауыз су бойынша тоқталып өтсек. Қала әкімінің айтуынша, Түркістан қаласы аумағында 38 220 абонент ішінде ауыз сумен 37 655 абонент қамтамасыз етілген. 2021 жылы су жинау резервуарлары (Шобанақ, Әкімшілік-іскерлік орталығы) арқылы 56 000 текше метр су жиналып, халыққа беріліп жатыр. Оның қамту көрсеткіші 82,5% болса, биыл 98,5%-ға жетеді.

2023 жылы тағы 4 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр екен: Мақтазауыт шағынауданы, 1-2-ші шағынаудандар, Яссы-Шауғар шағынаудандары, жаңадан қоныстанған аумақтар. Соның нәтижесінде 9461 абонентке жаңа ауыз желісі тартылады және 2023 жылы қаланы ауыз сумен қамту көрсеткіші толықтай 100% болады.

Реті келгенде айта өтейік, жуырда облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірді дамытудағы ең бірінші басымдық – елді сапалы ауыз сумен қамту екенін айтқан болатын. Таза ауыз су – ұлт денсаулығын сақтаудың кепілі. Сондықтан осы саладағы мәселелер терең талданып, тиісті ұсыныстар айтылсын деп міндеттеді. Мемлекет тарапынан қаржыландырылып жатқан әрбір жоба қатаң бақыланып, қадағалау жүргізілуі керек екенін ескертті. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай аймақты ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Оның мәлімдеуінше, Түркістан облысында 2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 831 елді мекеннің 712-сі (7 қала, 705 ауылдық елді мекен) немесе 85,7 % ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде ауыз су беру қызметімен айналысатын 32 кәсіпорын бар. 2022 жылы 55 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен 18,3 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде 13 нысанды биыл тапсырып, пайдалануға беру жоспарлануда. Қалған 42 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен су құбыры мүлдем жоқ 11 елді мекен (Сарыағаш-3, Қазығұрт-2, Ордабасы-6) ауыз сумен қамтамасыз етіледі, 4 елді мекеннің (Жетісай-2, Ордабасы-1, Түлкібас-1) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады.

Биыл Жетісай, Сарыағаш, Мақтарал, Қазығұрт, Келес аудандарындағы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың барысына басқарма мамандарымен арнайы зерделеу жұмыстары жүргізілді. Анықталған кемшіліктер бақылауға алынған. Аталған мәселені шешу мақсатында, «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес, тозығы жеткен су құбырлары кезең-кезеңімен қайта жаңартылады. Жиынды түйіндеген облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне ауыз су мәселесін назарда ұстау, ауыз судың жер асты қорларын барлау, жобалық-сметалық құжаттар мен су нысандарының құрылысын сапалы атқару жөнінде тапсырма берді.

Сонымен қатар шаһар басшысы кәріз желілері бойынша былай деді: «Түркістан қаласы аумағында  орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2%-ы (12 297 абонент) қамтылған. 2021 жылы жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 20 мың текше метр  сарқынды су тазарту ғимараты іске қосылды. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 текше метрді құрайды. Оның 72 шақырымы магистральды сарқынды су құбырлары — қолданыста. Ағымдағы жылы жалпы 14 жоба іске асырылуда. Қазір 3 нысанның  құрылыс жұмыстары аяқталып, 6 нысанның  құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса 3 нысан қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Нәтижесінде 2022 жылы кәрізбен қамту көрсеткші – 48,9%-ды, ал 2023 жылы ұсынылған жобалар қолдау тапса, көрсеткіш 80%-ды қамтитын болады».

Нұрбол Тұрашбеков бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Түркістан қаласындағы электр жүйесі бойынша да біраз ақпаратқа қанықтырды. Әкімнің сөзіне сенсек, Түркістан қаласының аумағында 39 937 электр абонентінің тек 33 937 абоненті сапалы электр қуатымен қамтылған. Оның орташа сағат тұтыну мөлшері 48,8 МВт/сағатты құрайды. Өткен жылы 3 нысанның құрылысы жүргізіліп, 90% жұмысы орындалды және 3897 абонент сапалы электрге қол жеткізді. Пайдаланушылардың қамту көрсеткіші 84,9%-дан 94,7%-ға артты. Биылғы 1 нысан — жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту (Диметов көшесі бойындағы тұрғын үй массиві, 260 абонент).

Пайдаланушылардың қамту көрсеткіші 94,7%-дан 95,2%-ға жетеді. Сонымен қоса 3 нысан әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру құрылыстарын жүргізуге 2,5 миллиард теңге қаржы қаралды. Жоба құны – 4,2 миллиард теңге, нәтижесінде қосымша 9669-дан астам абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстарын 2022-2023 жылдары атқару жоспарланып отыр екен.

Облыс орталығының басшысы табиғи газ бойынша да бірқатар мәліметтер берді. «Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 6 сектор бойынша 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылды. Бүгінгі күні «көгілдір отынды» 38 060 абонент дербес шот ашып, пайдалануда. 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін 52 037 абонентке газ құбырлары жүргізілген. Бос жер телімдерін қоса алғанда толық табиғи газды пайдаланушылар саны 2022 жылы  95%-ға жетті. 2022 жылы жаңадан қоныстанған, жер телімдерін екіге бөлген, жер құжаттарын енді ғана заңдастырған 380 тұрғын үйді табиғи газбен қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, қазіргі таңда мердігер анықталды. Аталған абоненттер қосылса, қамту көрсеткіші 96% болады» — дейді Нұрбол Тұрашбеков.

Мұнан соң қала әкімі жылумен қамтамасыз ету тақырыбына ойысты. «Қала аумағында 10 жылу қазандығы арқылы 312 нысан (көпқабатты үй – 167, жеке және заңды тұлғалар – 145) жылумен қамтамасыз етіледі. Қала көлемінде 93,9 шақырым жылу желісі бар (магистральді — 22,3 шақырым, ішкі орам — 71,6 шақырым). Сапалы жылу беру үшін қаладағы тозығы жеткен нысандар кезең-кезеңмен ауыстырылуда. Биыл 1 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу құбырларының тозу деңгейі 79%-дан 30%-ға төмендеді» — деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, 1 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде (Түркістан қаласындағы 1-2-ші шағынаудандардағы ішкі жылу желілерін қайта жаңғырту, 2-кезекте – магистральды желі). Аталмыш нысанның құрылысын жүргізу 2023 жылға жоспарланып отыр екен. Нысан толық яқталғанда жылу құбырларының тозу деңгейі 30%-дан 10%-ға төмендейді.

Әкім тілге тиек еткен тағы бір мәселе — жол саласы. Транспорт саласында 845 шақырым жол, 875 көше бар. Оның ішінде 316,1 шақырымы — асфальт жол, 392,5 шақырымы — тас жол, 136,4 шақырымы — топырақ жол. Нәтижесінде, 2022 жылдың қорытындысына орай Түркістан қаласында жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4%-дан 40,3%-ға артады деп күтіліп отыр. Асфальт жол — 340,9 шақырым (40,3%), тас жол — 471,0 шақырым (55,7%), топырақ жол — 33,1 шақырым (4,0%).

Қазіргі таңда қалада көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында І.Қожабаев көшесін реконструкциялау жүргізілуде, нәтижесінде Кентау бағытын әкімшілік-іскерлік орталығы арқылы Шымкент бағытына қосатын болады. Сонымен қатар, Әліби Жангелдин көшесін реконструкциялау жүруде, нәтижесінде Қызылорда-Балтакөл бағытындағы жолды байланыстырады.

Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жолдың құрылысы жүргізілуде, нәтижесінде «Яссы» мен Сауран тұрғын алабын «Отырар» тұрғын алабына байланыстырады. Б.Қалаби көшесін реконструкциялау жүруде, нәтижесінде Балтакөл тас жолын Шәуілдір және Шымкент тас жолына тікелей қосады.

Түркістан станциясының 3103 ПК2+50 және 3106 ПК5+45 пикеттерінде жаяу жүргінші көпірлері салынуда, нәтижесінде «Бекзат» тұрғын алабы тұрғындарының Шауғар», «Сауран» тұрғын алабына үздіксіз өтуін қамтамасыз етеді. Қала аумағындағы 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу және  105 шақырымды құрайтын 160 көшеге тас төсеу жұмыстарын жүргізу жүруде, нәтижесінде көлік инфрақұрылымы дамиды.

Жалпы ағымдағы жылы қала аумағындағы 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Оның қазіргі таңда 7,7 шақырымды құрайтын 9 көшесінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.

Нұрбол Тұрашбеков жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайтынын атап өтті. Аталған көліктердің 78-і сыйымдылығы жоғары автобустар (жақсы жағдайда) болса, қалған 142-сі — шағын автобустар (қанағаттанарлық жағдайда).

«2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34%-ы жаңаланды. Оның 40-ы – «ТехПрофАвто» ЖШС, 38-і «Жолаушы» ЖШС есебінен алынды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 46 автобус алу жоспарлануда. 2021 жылы Түркістан қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы әзірленіп, Түркістан қаласындағы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Диспетчерлік орталық» қызмет көрсетуде. 2023 жылы сараланған (дифференцированный) тарифті енгізу жоспарлануда. Электронды билеттендіру жүйесі көлік компаниялардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, қолма-қол ақша айналымын азайтып, бизнестің көлеңкеден шығуына мүмкіндік береді. Қоғамдық көліктерге «Алем Рау» электронды билеттендіру жүйесі енгізілді» — дейді шаһар басшысы.

Түркістан қаласының әкімі бұдан кейін түнгі жарықтандыру мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, 2021 жылы Түркістан қаласында 269 көшеге жарықтандырылған, үлесі 30,7%-ды құрады. 2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен қала аумағындағы жарықтандырылған көшелер үлесі 55,4%-ды құрайды (485 көше, 618,6 шақырым). «Алдағы жылы, яғни 2023 жылы қаламыздың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 82%-ға (895,8 шақырымды құрайтын 757 көшені) жеткізу жоспарлануда. Жоспар бойынша қаламыздағы 272 көшеге (277,2 шақырым) жарық жүйесін орнату көзделіп отыр» — дейді облыс орталығының басшысы.

Нұрбол Тұрашбеков рухани шаһардың абаттандырылуы бойынша да біраз деректерді көлденең тартты. «Жалпы қала ішіндегі 1-2-ші мөлтекаудан және «Отырар» мөлтек ауданы ішіндегі аулаларға толықтай абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы сметалық құны 3 миллиард теңгеге жуық. «Денсаулық» саябағы, «Төле би» саябағы, «Отбасы» саябағы, «Шығармашылық» саябақтары, Майкотов көшесінің бойы, «Тұран» тыным бағы, басқа да демалыс орындары жаңадан іске қосылды. 30 саябақ бар, жалпы ауданы — 225 гектар, 13 аллея, сквер, алаң мен гүлзарлар бар, жалпы ауданы – 42,2 гектар, газон, көгалдар 256 гектарды құрайды» — деді ол.

Шаһар басшысы гидрантты жүйелер туралы да сөз қозғады. «Қаламызда гидрантты жүйемен суғару жұмыстары 6 кезеңге бөлінген. 1-кезең — Ботаникалық бақ аумағы (трапеция), көлемі — 611 гектар, 62 шақырымы іске қосылған. 2-кезең – Бекзат Саттарханов даңғылы мен Майкотов көшесінің аралығы, 620 гектар, 110 шақырымы іске қосылған. 3-кезең — Қазыбек би мен Жарылқапов көшесінің аралығы, Батыс Қытай-Батыс Европа жолының бойы (магистраль), 336 гектар, 25 шақырым жұмыс жүргізілуде. 4-кезең — Кентау тас жолы, Оралман аумағы. Қотырбұлақ су сақтау қоймасынан қалаға кіре беріс, 320 гектар, 40 шақырымы іске қосылған. 5-кезең – Бекзат Саттарханов даңғылынан Ортақ тұрғын үй массиві аралығы, 2023 жылға жоспарланып отыр. 6-кезең — Тұран аумағын гидрантты жүйемен қамтамасыз ету 2023 жылға жоспарланған» — дейді қала әкімі.

Қаланың шырайын кіргізіп, тазалығына үлес қосуда ирригациялық арықтардың да заман талабына сай болғаны маңызды. Нұрбол Тұрашбековтің айтуынша, қаланың микроклиматын өзгерту және қала ішін суландыру жүйелерін жүргізу бойынша бірінші кезекте ирригациялық жүйелер жүргізілген екен. «Жалпы ирригациялық каналдар 22,5 шақырымды құрайды. Р-33 каналы: Қазыбек би саябағынан Бекзат Саттарханов даңғылына дейінгі аралық — 3,4 шақырым, Р-33,2: «Керуен Сарай» мен Инфекциялық аурухана аралығы – 2-кезең — 6,1 шақырым, Ботаникалық бақтан Шипа су аралығына дейін — 4 шақырым, Р-32,2 каналы: Шекті Тілеу мен Жібек жолы көшелерінің бойы — 3,7 шақырым, Құлан Ақын көшесі бойындағы ирригациялық канал — 1,1 шақырым, Р-32: «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолы бойы — 3,1 шақырым, Р-32А: Қалалық емхана аумағы — 1,1 шақырым, сонымен қатар Бекзат Саттарханов даңғылы бойына (Желілік саябақ) ирригациялық арықтар жүргізілді» — дейді қалабасы.

Шаһар басшысының Түркістандағы санитарлық тазалық жайын үнемі назарда ұстайтыны аңғарылды. «2022 жылдың қаңтар айынан бастап Түркістан қаласының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан Жарық Тазалық» және «ШымкентСпецКомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіптестіктері жүргізуде. Жалпы қала аумағында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. 787 көшеге санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі. 787 көшенің 136 көшесі механикалық жолмен тазаланса, қалған 651 көшесі қолмен тазалау жұмыстары жүргізіліп отырылады. Аталған 787 көшенің 39 көшесі орталық маңызы бар көше болып саналады» — деді облыс орталығының басшысы.

Брифинг соңына қарай, ойын қорытындылай келе: Таяуда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістанға арнайы келіп, облыс зиялыларымен кездесу өткізгені баршаңызға белгілі. Осы сапар барысында Президент тұтас түркі жұртының ықыласы ауған Түркістанда орын алған өзгерістерге оң бағасын берді. Киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны барын, Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі екенін ерекше атап, киелі шаһарға рухани және тарихи елорда мәртебесін беру туралы Үкіметке тапсырма бергенінің куәсі болдық. Түркістанның үлесіне тиген өзгерістер мен берілген мәртебелер киелі мекеніміздің тарихи салмағын арттыра түсетіні сөзсіз. Президент ұлттың ұясы мен қазақтың қара шаңырағына балаған Түркістан келешекте де қадірі асып, құты тасыған киелі мекен ретінде сақталып, өркендеуі үшін біз жұмыс екпінін әлсіретпейміз. Жүзеге асыратын жоспарларымыз бен жобаларымыз әлі де көп.  Өздеріңізді де жақсы жаңалықтарымыздың куәсі әрі жаршысы болады деп үміттенемін» -деді Нұрбол Тұрашбеков.

Тұтқабай ЕСЕНБАЙҰЛЫ. 

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

11 Comments

  1. buy priligy in uae Kim graduated from Marquette University in 2009 with a dual diploma in nursing and Spanish Her experience consists of behavioral well being, oncology, telemetry, and ICU She currently works in the Cardiothoracic ICU at UCLA Medical Center in Los Angeles, CA You can e mail the location proprietor to allow them to know you were blocked Please embrace what you were doing when this page got here up and the Cloudflare Ray ID discovered on the bottom of this page If you re pregnant and have diabetes, your targets

  2. Best Male Masturbators Males’s Masturbators Adam & Eve Intercourse Toy
    Retailer Especially when you have the instruments you want to discover each and every fantasy you have.
    Choosing the best sex toys for boys might help reduce pain and friction.
    horse dildo
    g spot vibrator
    sex toys
    strap on
    sex toys
    dildo
    horse dildo
    wholesale dildo
    animal dildo
    Realistic Dildo
    cock ring
    wholesale vibrator
    sex toys
    Realistic Dildo
    wholesale sex toys
    gay sex toys
    vibrator
    sex toys
    dog dildo
    wholesale dildo
    vibrator
    wholesale vibrator
    male sex toys
    male sex toys
    Realistic Dildo

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.