Шымкент: Тұрғын үй сертификаттарын алу үшін құжаттар электронды форматта қабылданады

2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарламасы аясында 324 пәтер- арендалық, оның ішінде кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге беріледі.

Сонымен қатар, 888 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға беру жоспарланған. Ал, 1919 пәтер жыл басында несиелік негізде жоспарланған. Бұл көрсеткіш қосымша тағы 118 пәтерге артып отыр.

2023 жылға қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып, ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарын алу үшін электронды түрде құжат қабылдау жүргізілуде. Қазіргі таңда 141 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілді. Қайтарымсыз 1 миллион теңге өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы жарты жылдағы орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді. Сертификатқа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үй алған азаматтар банктен мақұлдау алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу барысында өтінім жолдай алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралды.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.