Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы, олардың процедураларын жетілдіру мен мемлекеттік қызметтер көрсету саласын цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Осы орайда 2023 жылғы 13 сәуір күні Департаментің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің Тұран ауданының халықты жұмыспен қамту орталығында қоғамдық бақылау жүргізілді.
Іс-шара Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы М.Әлиев, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Берікұлы А. және аталған Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Алиханов Б.Н. қатысты. Бақылау барысында: орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайларға, қызмет алушыларды қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуына, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен т.б. мәселелерге қатысты мониторинг жүргізілді.
Өз кезегінде, жұмыс тобының мүшелері қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарау қажеттілігін жеткізді.
Сонымен қатар, бақылау барысында, Орталық тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды болдырмау, оларды жасауға ықпал ететін себептер, сондай-ақ, бюрократиялық мәселелер және оларды жою бойынша ұсыныстар айтылды.
Жұмыс тобының мүшелері тарапынан алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.
Hello, i think that i saw you visited my weblog so i came to “return the favor”.I am attempting to find things to improve my
site!I suppose its ok to use some of your ideas!!