Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында 2500-ге жуық жас жұмыспен қамтылды

«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек». Бұл Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында берген тапсырма болатын.

Осы мақсатта, Шымкент қаласында өткен жылы 2413 жас жұмыспен қамтылған. Оның ішінде өз мамандығы бойынша «Жастар практикасы» жобасы аясында жұмыс орындарына 2125 жасқа жолдама берілген. NEET санатындағы 288 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жұмыспен қамтылған.

Биыл мемлекеттік бағдарламалардың аясында шаһарда 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, оның 16 425-і жас буын. Атап айтқанда, 4 167 субсидияланатын жұмыс орындарына жолданады. Оның ішінде, 35-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 1956-і «Жастар практикасымен», 1100-іне қоғамдық жұмысқа жолдама беріледі. 1052 бітіруші түлек «Алғашқы жұмыс орындары жобасымен» жаңа жұмыс тапса, 24 жас «Ұрпақтар келісім шарты жобасына» қатысып, жұмыспен қамтылады.

Ал, бос жұмыс орындарына 4393 адамды орналастыру жоспарланса, 6656 жасқа кәсіпкерлікті дамыту бойынша кәсіпкерлік қолдау шаралары, 1209 адамға кәсіби білім беру жоспарланған.

 

Айта кетейік, елімізде көптеген жас маман жұмыс іздеу кезінде бірқатар кедергілерге тап болады. Соны бірі — жұмыс берушілер тарапынан еңбек өтілінің талап етілуі. Осы мәселені шешу үшін халықты жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту Ұлттық жобасы шеңберінде «Жастар практикасы» іске асырылып келеді.

Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту» орталығы 2022 жылы 2125 жасты өз мамандығы бойынша жұмыс орындарына жолдаған. Яғни, соңғы 3 жылда жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарын бітірген және еңбек өтілі жоқ түлектер бағдарламаға қатысқан.

Ал, дипломды қолына алып, бірден жұмысқа тұра алмаған NEET санатындағы жастарды қолдау үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бар. 2022 жылы қаламызда 288 жас бірінші жұмыс орныдарында кәсіби білім мен дағдыларын шыңдауда.

Жалпы еңбек нарығында бос жұмыс орындарын іздеген кез-келген азамат «Электронды еңбек биржасына» жүгіне алатынын еске саламыз. Жұмыс беруші мен жұмыс іздеушілерді тікелей байланыстыратын Enbek.kz порталында бос жұмыс орндары ұсынылған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

9 Comments

  1. Oh my goodness! Incredible article dude! Many thanks, However I am encountering problems with your
    RSS. I don’t know the reason why I can’t join it. Is there anybody else having identical
    RSS issues? Anybody who knows the answer can you kindly respond?
    Thanks!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.