Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс ІІІ сессиясы өтті

Сессия отырысына әкімдік мүшелері, тиісті басқарма басшылары қатысты. Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді. Кезектен тыс үшінші сессияны мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген 5 мәселені қарады.

Олар;

  1. «Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Шымкент қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау беру бойынша ұсынысты енгізу туралы;
  2. «Шымкент қаласының жер комиссиясы туралы ережені және комиссия құрамын бекіту және Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/99-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  3. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/294-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  4. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/293-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  5. «Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/297-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Аталған мәселелер сессия алдында бірлескен тұрақты комиссияда талқыланып зерделенген. Ал күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бір ауыздан қабылданды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.