Бұл туралы бүгін Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері баяндалған есептік жиында айтылды. Халықпен кездесуде қала әкімі Мұрат Әйтенов және аудан әкімдері мен барлық басқарма басшылары атқарылған жұмыстармен танысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Жоспарға сәйкес 257 мыңнан астам халқы бар аудан жыл соңына дейін ауызсумен, сапалы электр қуатымен толық қамтылады. Газдандыру жұмыстары келесі жылы аяқталып, тұрғындар 100 пайыз табиғи отынға қосылады.
Ауданда 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 білім ғимараты салынады. Биыл 4 мектеп Нұршуақ, Жаңатұрлан, Бозарық шағынаудандарында бой көтерсе, 2025 жылға дейін заманауи білім ошақтары Асар -2, Шымкент Сити, Достық елдімекендерінен салынады.
Сондай-ақ биыл аудан аумағында шағал тас төселген, орташа жөндеуден өткен 60 көше пайдалануға беріледі.
Халық қауіпсіздігі де қашан да назарда. Биыл жоспарға енгізілген көшелер жарықтандырылып, белгіленген аумақтарға 250 бейнебақылау қондырғысы орнатылады.
«Халық қатысатын бюджет» шеңберінде тұрғындардың талап-тілектері ескеріліп, 15 әмбебап балалар алаңшасы, 3 спорт алаңша салынады.
300-ге жуық тұрғын қатысқан есептік жиында коммуналдық, әлеуметтік салаларға қатысты түрлі сұрақтар қойылды. Жауаптылар халықтың барлық талап-тілектерін назарға алып, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді. Мұрат Дүйсенбекұлы аудан әкімі мен сала басшыларына азаматтармен дер кезінде кері байланыс жасап, бірлесе тығыз жұмыс істеуге шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылға дейін ауданындағы 71 көше жарықтандырылған болатын. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 111 (30) көшеге жарықшам орнатылды. 2023-2025 жылдары жарықтандырлған көше саны 259-ға жетеді. АЛ 2022 жылы 56 шақырым жол пайдалануға берледі. Жалпы 39 жобаға құны 2,4 млрд.теңге қаралған.
louis vuitton outlet vh515,replica designer,fake bags online oa429
Fake Shoes nj658
Replica Sneakers for Men,discountshoesmart mr483
Replica Sneaker pt158
Fake Shoes,replica
shoes dx325