Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты жалпы орта білім беретін мектептер арасында 10-11 сыныптардың қатысуымен көктемгі әскерге шақыру науқанына арналған саптық дайындық байқауы өтуде.
Білім басқармасының Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлескен жоспары бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі және ҚР Қорғаныс министрлігімен келісілген бірлескен «Біртұтас ұлт-біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасы аясында «БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ» атты байқауы қаламыздың 5 (бес) аудандары арасында өткізілді.
Айта кетейік шаһарымыздың мектептерінде 30.000 (отыз мыңға) жуық 10-11 сыныпта оқитын оқушыларымыз бар. Осының ішінде 15.000 (он бес мыңға) жуығы ер жігіттеріміз білім алуда.
Осы, саптық дайындық әскерде оқушылардың яғни жастардың дайындығын қиналмай шыңдалуына бірден бір септігін тигізетіні анық.
Саптық дайындық және дене дайындығын қалыптастыру білім беру мекемелерінде АӘД пәні мен Д/Т пәндінде ерекше орын алатыны белгілі.
Осыған байланысты, осы байқаудың мақсаты мен маңыздылығын ескере отырып, Отанымыздың жастарын рухани ел жандылық қасиеттергге қалыптастырып дағдыландыру;
Қазақстан деген кең байтақ жеріміздің шекарасын нық ұстап, болашағын дамытатын жастарды тәрбиелеу;
Отан қорғауда және еліне аянбай еңбек етуге ұғындыру;
Жастарға әскери өмірдің әліппесін үйрету болып табылады.!
Қалалық ақтық сайыс ағымдағы жылдың 18 сәуір күні Ш. Уалиханов атындағы √18 жалпы орта білім беретін мектеп базасында өтетін болады.