Шымкент: «Шаңырақ» бағдарламасына өтінімдер қабылданады

Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 23.05.2023 жылдан бастап сағат 10:00-ден 31.05.2023 жылдың 19:00-ге дейін жүргізілетін болады. Конкурстық пәтерлер Тұран шағынауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйлерде орналасқан 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер. «Шаңырақ» бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық санаттағы азаматтар қатыса алады. Бағдарлама бойынша 10% бастапқы жарнаны толтырып, жылына 5% мөлшермен 20 жылға несие алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар аталған бағыт шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады. Айта кету керек, Шымкент қаласында бүгінгі таңда 44 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Жоспар бойынша алдағы уақытта 676 жалдамалы пәтер тапсырылу күтілуде.  Оның ішінде көп балалы отбасылар, әлсіз топ мүшелері, ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балалар да бар. Мегаполис тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес  тұрғын үй құрылысын 1 млн шаршы метрге жеткізу көзделген.  Құзырлылар қалада әлеуметтік несиелік тұрғын үй санын көбейту мақсатында 2026 жылға дейін бюджет есебінен 1 миллион шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынатынын айтады. Қалада әлеуметтік тұрғын үйге сұраныс жоғары. 2022 жылы  198 623 адамды құрады. Оның ішінде 150 мың адам әлеуметтік несие алуға өтініш берген «Отбасы банк» салымшылары болса, 48 623-і әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй алу үшін баспана кезегінде тұрған азаматтар. Алдағы 5 жылда осы санаттағы үйлердің шаршы метрін 1 миллионға, яғни, 38 264 пәтерге жеткізу көзделуде. 2022 жылы мемлекеттік бағдарлама есебінен 173 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді. Ал 2021 жылы барлық қаржы көздерінің есебінен қалада 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Соның ішінде 140 мың шаршы метрі әлеуметтік үй еді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.