
Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы Шымкент қаласының тұрғындарына аспаз, кондитер, визажист, шаштараз, маникюр шебері, электрик, дәнекерлеуші, автоэлектрик, тігінші, сантехник және т.б мамандықтары бойынша тегін кәсіптік білім алуларына мүмкіндіктері бар екендігін хабарлайды.
Аталмыш бағдарлама аясында білім беретін кәсіптік оқыту орталықтарының бірі – «Білікті маман» оқу орталығы. Аталмыш орталықта «тәрбиеші көмекшісі», «кеңсе менеджері» мамандықтары бойынша сабақтар жүргізіледі.
«Біздің орталықта оқу курстары 1 ай теориялық, 2 ай практикалық сабақтардан тұрады. Бізде білім алатын мамандарға логопедия, дефектология, ава терапия бойынша қосымша сабақтар да жүргізіледі. Бұл жас мамандардың алдағы уақытта ерекше балалармен жұмыс жасай алуына мүмкіндік береді», -дейді орталық басшысы Гульнара Усенова.
Айта өтейік, қатысушыларға 20 984 теңге көлемінде ай сайын шәкіртақы төлеу қарастырылған.
Кәсіптік оқыту курстарына 18 жастан зейнет жасына дейінгі Шымкент қаласының жұмыссыз азаматтары қатыса алады.
Қатысушыларға оқу курсын аяқтаған соң тұрақты жұмыс орындарына орналасу мүмкіндігі ұсынылады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Жеке куәлігінің көшірмесі;
2. Білімін растайтын құжаттың көшірмесі (диплом, сертификат, куәлік, аттестат);
3. Медициналық анықтама 075-нысандағы үлгі көшірмесі;
4. 20 сандық шот Евразийский Bank (шәкіртақы алу үшін);
5. Еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда).
Қосымша ақпаратты Шымкент қаласы, «Нұрсат» м/а, С.Бәйтереков көшесі, 89 мекен-жайынан «Кәсіптік оқыту бөлімі».
Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте өткен жылы 2400-ге жуық азамат тегін кәсіптік оқуға жолданған еді. «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында «Жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқыту бағдарламасы” жүзеге асырылып келеді. 2022 жылы кәсіптік оқыту бойынша 74 жұмыс берушілерден, 29 мамандық бойынша өтінім түсіп,1632-ге жуық жұмыссыз азамат тегін кәсіптік білім алу мүмкіндігіне ие болды.Нәтижесінде 1528 азамат кәсіптік оқыту бойынша, жаңа мамандықты игеріп, кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа орналасты.