115 ШЫМКЕНТТІК БИЗНЕС-ЖОБАСЫНА ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ

Шымкентте биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы шеңберінде 447 адамға 400 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант беру жоспарланған. Өтініштер төрт лек бойынша комиссияда қаралып, мақұлданады. Алғашқы лекте шымкенттіктерден 3100 өтініш түсіп, оның 115-і грант ұтып алды.

Мемлекеттік грант алған жандардың 17-і мүмкіндігі шектеулі азамат, 58-і көп балалы отбасы, 15-і мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған жан, 12-і асыраушысынан айрылғандар, 13-і атаулы әлеуметтік көмек алатын аналар. Қайтарымсыз грант алған жандар кәсібін дөңгелетіп, ісінің аясын кеңетуге осылайша мүмкіндік алды.

Қазіргі таңда мемлекеттік грант берудің 2-легі бойынша өтініштер толық қабылданды. Бұл жолы 2893 азамат бизнес-жобасын ұсынды. Жобасын комиссия алдында қорғап шыққан үміткерлердің нәтижелері «Business.enbek.kz» порталындағы жеке кабинеттеріне хабарлама ретінде жолданады.

Айта кетейік, мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ғана ала алады.

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған қайтарымсыз грант алуға болады. Оның біршамасын мемлекет бөледі, біразын жеке ұйымдар, қорлар ұйымдастырады.

«Бастау Бизнес» 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша азаматтардың бизнес-бастамаларын қолдаудың мемлекеттік шаралар кешені шеңберінде іске асырылатын 400 АЕК қайтарымсыз грант. «Бастау Бизнес» ұлттық жобасы – Негізінен халықтың әлеуметтік осал тобына бағытталған.

Қайтарымсыз қаражат бір адамға өмірінде бір-ақ рет беріледі. Бұрындары «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 252 500,  505 000, 583 400 теңге грант ұтқан адамдар бұл жобаға  қатыса алмайды.

Алдымен оқу курсына жазылу үшін Business.enbek.kz порталына тіркеліп, оқыту шарттарына сәйкестігіне автоматты тексеруден өту қажет. Шарттарға сәйкес болған жағдайда қатысушы Skills.enbek.kz платформасына өтіп, оқуға кірісе алады.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту онлайн курсының қатысушылары бола алады:

1) Жұмыссыздар;

2) Ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер;

3) Зейнеткерлік жасқа жетпей жұмыстан қысқартылатын қызметкерлер;

4) Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлер;

5) Отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;

6) Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;

7) Табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.

Оқытуға сәтті тіркелгеннен кейін 14 күнтізбелік күннің ішінде барлық модульдарды өтіп, қорытынды тест тапсырып сертификатты алу керек. Оқу толығымен тегін.

Оқыту келесі кезеңдерден тұрады:

– 12 модуль бойынша онлайн оқыту курсы;

– Қорытынды тестілеу;

– Оқудан өткені туралы сертификат алу.

Оқу барысында пайдаланушы бірнеше сабақтардан тұратын 12 модульден өтуі керек. Әрбір модуль аяқталған соң аралық тестілеу өткізіледі. Келесі оқу модуліне өту үшін қатысушы тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың кемінде 70%-ын жинауы керек. Аралық тестілеуден өту әрекеттерінің саны шектелмейді.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсы егер қатысушы қорытынды тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың 70% – дан астамын жинаған жағдайда өтті деп есептеледі. Дұрыс жауаптардың 70%-ынан төмен жинаған қатысушыға қорытынды тестілеуден 2 рет қайта өту мүмкіндігі беріледі.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушы бірегей нөмірі бар электрондық сертификат алады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды. 

«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту онлайн курсынан өткен қатысушылар ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткер бола алады.

Сертификат алған қатысушылар қайтадан Business.enbek.kz сайтына кіріп грант алу шарттарына сәйкестігін тексеру керек. Қатысушының мәртебесі оң нәтиже берсе осы сайттан 400 АЕК грантыныңң бизнес жоспар үлгісін жүктеп алып толтырып, конкурс басталған уақытта коммисияның қарауына жібереді. 

«Бастау Бизнес» ұлттық жобасы шеңберінде қайтарымсыз грантқа кімдер үміткер бола алады:

– Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар;

– Жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылдан аспаған)

– Аз қамтылған отбасы мүшелері – Атаулы әлеуметтік көмек алушылар,

– Көпбалалы отбасылар – Көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушылар;

– Мүмкіндігі шектеулі азаматтар;

– Мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған тұлғалар;

– Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылар;

«Бастау Бизнес» оқыту курсына үміткерлер  мен “Қайтарымсыз Грантқа” үміткерлер санаттарының арасында айырмашылық бар. Сондықтан курстан өтіп сертификат алған қатысушылар грантқа үміткер бола алмауы мүмкін. Бірақ, әрбір сертификат алған қатысушының 2025 жылға дейін қайтарымсыз қаражат иегері болып өз кәсібін ашуға мүмкіндігі бар.

Қайтарымсыз қаражат келесі бағыттарда қолдану үшін беріледі:

– Қажетті мүкәммалды (инвеньтар),

– Еңбек құралдарын,

– Технологиялық жабдықты,

– Жануарларды,

– Малдарды,

– Құстарды,

– Көшеттерді,

– Бұталарды,

– Тұқымдарды,

– Көшеттерді сатып алу,

– Үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу (1 ай)

Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

Ниет білдірушілер «Бастау Бизнес» оқыту курсынан кез келген уақытта өте алады, ал қайтарымсыз қаражаттар бойынша конкурстар белгіленген уақыт бойынша ағыммен өткізіледі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.