ШЫМКЕНТТЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Шымкентте «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Осымен үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан жәрмеңкеде биыл қаладан және республиканың өзге өңірлерінен, жалпы 120 жұмыс беруші мекеме 5000-ға жуық бос жұмыс орнын ұсынды.

Сонымен қатар, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері Enbek.kz электрондық еңбек биржасы ұсынған бос жұмыс орындарын халыққа таныстырды. Еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеген азаматтар медициналық, техникалық, жеңіл өнеркәсіп пен басқа да қызмет көрсету салалары бойынша уақытша және тұрақты жұмыс орындарына жолдама алады.

Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, жұмыс берушілер ең бастысы еңбек құқығының бұзылмауына ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, солтүстік өңірлерден келген жұмыс беруші мекемелер де жәрмеңкеге қатысты. Былтыр 5 өңірден келсе, биыл 7 өңірден, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарынан арнайы келген жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын ұсынып, шарттарымен таныстырды.

–Мұндай шаралардың жоғарғы оқу орнын тәмамдап, мансап жолын бастаған жастар үшін маңызы зор. Оларға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ұсынылуда, – деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.

Жәрмеңкеге қатысқан жұмыс берушілер де іс-шараның мүмкіндігі көп екенін айтады. Биыл үшінші рет қатысып отырған «INTELLEKT» жалпы орта мектебінің басшысы Қанат Сәрсенұлы былтыр 3 мұғалімді осы жәрмеңке арқылы жұмысқа қабылдаған.

Балмаржан Нарбекова биыл 57 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланғанын атап өтті. Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту көзделіп, бүгінде 20 мыңға жуық адам қамтылған. Сондай-ақ, қалада іске асырылып отырған Ұлттық жобалар шеңберінде және жеке кәсіпкерлердің жеке бастамасымен «2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары» бойынша биыл 23 420 жұмыс орыны (тұрақты – 22 044, уақытша – 1376) құрылады. Қазірдің өзінде 10 043 жұмыс орны ашылған.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.