ШЫМКЕНТКЕ КЕЛЕТІН ТУРИСТЕР КӨП

Шымкентте қонақтарына 17 туристік маршрут бойынша 100-ге жуық туристік нысанды ұсына алады. Саябақтар, мұражайлар, тарихи орындар, демалыс базалары қала қонақтарына қызмет көрсетеді. Шымкентте туристерді қабылдайтын 125 бизнес нысан тіркелген. Оның екеуі бес жұлдызды қонақ үй. Сондай-ақ, қалада 1 904 қоғамдық тамақтану орны бар. Оның ішінде 185 бар, 313 кофехананың болуы — саяхатшылар үшін өте қолайлы.

Республика бойынша Шымкент туристер келу жағынан осы уақытқа дейін 5-6-орындарда көрініп жүрсе, былтырғы жылы үшінші орынға шықты. Шымкент – көне қалалардың бірі. 2200 жылдық тарихы бар қалада Ескі қалашық, көне Сайрам, қаншама ғасырлық археологиялық нысандарымыз соның ішінде, Хызыр мұнарасының тарихы сыртқы туристерді ғана емес қазіргі уақытта қала тұрғындарын да қызықтыра бастады. Өйткені, соңғы кездері адамдар демалатын, көңіл көтеретін орындарға қарағанда сайын даланың тарихын білуге құштарлығы артқан.

Туристер көп жүретін аумақтарда орталыққа қарасты 7 ақпараттық киоск: «Арбат» демалыс аймағы, темір жол вокзалы, әуежай және «Абай», «Наурыз», «Тәуелсіздік», «Орталық» саябақ сынды қаланың халық көп шоғырланатын нүктелеріне орналастырылған дүңгіршіктерміз бар. Ақпараттық буклеттер, карталарымыз, гид экскурслог мамандарымыз мемлекет қолдауымен тегін қызмет көрсетуде.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері Шымкентке 13 029 шетелдік турист келген. Ал, шаһарға іскерлік мақсатпен Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Беларуссия, Қытай, Франция, Үндістаннан туристер тіркелген. Туризм саласын дамыту сөз болғанда, әуелі, транспорт пен сервистік қызметтерді күшейту маңыздылығы айтылады. Бүгінде Шымкентте республика ішілік 4 бағытта 8 халықаралық әуе қатынасы жолға қойылған. Олардың қатарында, Стамбул, Мәскеу, Кутаиси, Шарджа және Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Орал, Семей қалалары бар.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.