ШЫМКЕНТ: «ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ» ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

«Жастар тәжірибесі» жобасы – жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекет субсидиялайтын қолдау шараларының бірі.  Аталмыш жоба қатысушыларының бірі Абдираймбек Аида биыл Шымкент қалалық №2 перзентханаға акушер мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. “Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша өзімнің білім алған мамандығыммен жұмысқа орналасып, қазірде кәсіби қабілеттерімді дамытудамын. Бағдарлама оқуын жаңа аяқтаған жастардың жұмысқа орналасып, маман ретінде қалыптасуына жақсы мүмкіндік», -дейді Аида Асанқызы. Егерде сіз жоғарғы оқу орнын жаңа бітірген түлек болсаңыз немесе мамандығыңыз бойынша диплом алғаныңызға 5 жылдан аспаған болса,онда сіздерді Еңбек мобильділігі орталығы “Жастар тәжірбиесі” бағдарламасы бойынша еңбек жолыңыздағы бастапқы қадамды жасауға шақырамыз! Жоба қатысушысының еңбекақысы – 30 АЕК (103 500 т.) құрайды. Жобаның ұзақтығы: 12 ай. Жобаға қатысуға ниетті Шымкент қаласының тұрғындары өз тұрғылықты мекен-жайлары бойынша халықты жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгіне алады. Әл-Фараби ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы:А.Байтұрсынов және Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысы 201. Абай ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: Ұ. Арғынбеков 243/3. Еңбекші ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: Әл-Фараби алаңы 3/2.  Қаратау ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: «Нұрсат» м/а, С.Бәйтереков 89.  Тұран ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: Қазыбек би 50.  «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобасының мерзімі өзгеріп, төленетін еңбекақысы көтерілгенін айта кеткен жөн. Мұндай шаралар мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сайкес, жастар арасында жұмыссыздық денгейін төмендету үшін қабылданып отыр.  «Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімі 12 айға ұзарып, еңбекақысы  (30 АЕК) артты, ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасының мерзімі 18 ай, төленетін еңбекақысы 30 айлық көрсеткішке өсті. ҚР Үкіметінің қаулысымен «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде қалада 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру болса, оның ішінде 20 759 азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.