ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 324 АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕР ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ ТҰРҒЫНДАРҒА БЕРІЛЕДІ

Биыл Шымкент қаласында жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында 324 арендалық пәтер тұрғын үй кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, көпбалалы отбасыларға сонымен қатар жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге, ал 888 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға қолдынысқа беру көзделген.

Бұдан бөлек жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әр түрлі санаттар бойынша тағы 505 отбасыны қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл бойынша тиісті мекемеге ұсыныс беріліп, жұмыстар атқарылуда. Осылайша биыл тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға табысталатын пәтер саны артпақ. Сонымен қатар биыл Отбасы банк арқылы несиелік негізде 1732 отбасыны баспанамен қамту жоспарланып, қазір 973 азамат ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болды. Оның ішінде «5-20-25» бағдарламасы бойынша 609 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша -293 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы — 71. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы  Шымкент қаласы бойынша  2881 пәтер берілген болса, оның шінде: 748 пәтер- кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға;

857 пәтер — жұмыс істеп жүрген жастарға табысталған болатын. 1276 пәтер — «Отбасыбанк» АҚ-ы арқылы «2-10-20Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ», «5-20-25» бағдарламалары бойынша  несие негізінде берілді. Шымкент қаласы бойынша  тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастады. 2019 жылы 21 азаматқа, 2020 жылы 101 азаматқа,  2021 жылы 416  отбасыға қайтарымсыз негізде  бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары табысталған болатын. 2022 жылы 58 58 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілген.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.