ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТТІ

Шымкент қаласының аумағындағы орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖ Департаменті Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп орман-дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді.

Оқу-жаттығу «Жасыл белдеу» орман шаруашылығы аумағында Қайнар-бұлақ учаскесіндегі өрт-бақылау мұнарасы аймағында өтті.

Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес, егіс алқаптарының айналасында минералды жолақты жырту кезінде жұмыс істеп тұрған трактордан ұшқын ұшып кетеді, жақын маңдағы жайылымда өрт шығады. Өрт жақын маңдағы дақылдарға, орман шаруашылықтарына және тұрғын үйлерге қауіп төндіреді.

«Жасыл белдеу» коммуналдық шаруашылығының кезекші инспекторы өртті байқап, Орман-дала өрттерін сөндіру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес өрт туралы хабарлайды. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД және «Жасыл белдеу»КММ өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдары жіберілді.

Шартты өрт орнында өрт сөндіру штабы ашылуда. Квадрокоптердің көмегімен жер бедерін барлау және өрт ошақтарын анықтау жүргізіледі. Бірлескен іс-қимылдар нәтижесінде өрттің егістікке, орман шаруашылығына және тұрғын үйлерге одан әрі таралуына жол берілмеді, сондай-ақ шартты өртті сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Оқу-жаттығу нәтижесінде орманды дала өрттерін сөндіру бойынша күштер мен құралдарды басқару органдарының өзара іс-қимылына сәйкес өзара іс-қимыл жасайтын мекемелер мен қызметтер арасында өрт туралы ақпарат алмасу тәртібі пысықталды, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы Өрт сөндіру қызметінің өртке қарсы ерікті құралымдары мен өрт сөндіру бөлімшелерінің дайындығы тексерілді.

Оқу-жаттығуларға барлығы 12 негізгі, қосалқы және арнайы техника және өрт сөндіру қызметінің 70 адамы, 5 бірлік техника және «Жасыл белдеу» және «Бадам» орман шаруашылықтарының 19 адамы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бір бригадасы жұмылдырылды. Бұдан басқа, 10216 және 35748 әскери бөлімдерінің жеке құрамының 20 адамы мен тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қызметтері жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өрт қауіпті кезең басталғаннан бері Шымкент қаласының ТЖ Департаменті халық, шаруа және орман шаруашылығы қызметкерлері арасында профилактикалық іс-шараларды күшейтілген режимде жүргізуде.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.