«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2023 жылы мамыр айында Шымкент қаласында миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын (МХҚКО) ашты. Екі айда орталық 20 676 қызмет көрсетті. Мұнда еңбек мигранттары мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының стандартына сай ала алады.
Айта кету керек, соңғы жылдары Шымкент қаласында шетелдік жұмысшылардың ағыны байқалады. Көші-қон қызметін көрсететін орталық басқа халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесін едәуір азайтты. Миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығында шетелдік азаматтар мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша бекітілген стандартқа сай алады. Клиенттердің мемлекеттік қызметтерін қабылдау үшін мамандардың едәуір саны бөлінді. Сонымен қатар, азаматтарға ыңғайлы болу үшін электрондық кезек бар. Миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, мұнда шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат беретін құжатты алып, ҚР аумағына уақытша келетіндер жеке сәйкестендіру нөмірін рәсімдей алады.
–Жаңа ашылған миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығында қызметтерді алу процесі айтарлықтай жеңілдетілген. Мұнда еңбек мигранттарын қабылдайды. Олар барлық қызметтерді бір жерден, жылдам әрі еш кедергісіз ала алады. Бұл мигранттар үшін ғана емес, жұмыс беруші үшін де өте қолайлы, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының директоры Даримбет Баймбетов.
Жаңа миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы Шымкент қаласындағы Нұртас шағынауданы, Жасталап көшесі, 168/1 үй мекенжайында орналасқан. Көлемі 450 шаршы метрді құрайтын, 50 көлікке арналған автотұрағы бар заманауи ғимарат қызмет алушыларға таңғы сағат 09:00-дан кешкі сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді.