ШЫМКЕНТТЕГІ 138 МЕКТЕПТІҢ ДАЙЫНДЫҒЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Н.А.Шәмшиева және Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Ж.А.Тәжиева БАҚ өкілдеріне «Мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ету», «2023-2024 оқу жылына дайындық» және «Оқушылардың жазғы демалысы» тақырыптары бойынша брифинг берді.

Брифинг барысында Нұргүл Ақылбекқызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсенбаевтың тапсырмасы бойынша Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің және «Өрлеу» КЕАҚ Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 10-24 шілде аралығында қаладағы 138 мектептің 2023-2024 жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілгендігі туралы айтты.

«Мониторинг оқу ғимараттарының жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жағдайы, интернет жылдамдығы, бейнебақылау жүйесінің жағдайы, күзет және қауіпсіздікті қамтамасыз етілуі, асханаларының, спорт залдарының, кітапханаларының, турникеттерінің, дабыл түймелерінің бар болуы және жылдам басқару орталығына (ЦОУ) қосылуы сияқты өлшемшарттар бойынша жүргізілді.

Жүргізілген мониторингтің 2023 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 133 мектепте жөндеу жұмыстары толық аяқталғаны анықталды. Барлық мектептерде бейнебақылау жүйелері, дабыл түймелері бар және олар полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған.

Қазіргі таңда №№ 66, 78, 93 мектептер жалпы күрделі жөндеуден, ал, №54 мектептің спорт залы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Оның ішінде, №66 мектепте келісім-шартқа сәйкес күрделі жөндеу жұмыстарын үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанына дейін бітіру жоспарланған. Оқу-тәрбие процесінің уақытылы басталуы үшін білім алушылар уақытша жақын орналасқан №48 және №86 мектептерде білім алатын болады. Өз кезегінде мердігер ұйымдар жөндеуді белгіленген мерзімнен бұрын аяқтауға дайын екендіктерін жеткізді.

Сонымен бірге монитроринг барысында бірқатар мәселелер анықталды. Атап айтқанда, 4 мектепте асхана мәселесі, 5 мектепте арнайы спорт зал мәселесі және 5 мектепте интернактивті тақталардың істен шығуы анықталған.

№ 108 мектепте мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүргілген байқауда жеңімпаз болып танылған компанияның өз міндеттерін орындамауы себепті, мектеп әкімшілігі 2023 жылғы 31 шілдеде компаниямен келісім-шартты бұзып, мемлекеттік сатып алу порталына 1 тамызда қайта байқау жариялаған.

Мектеп ауласында екі оқу корпусы орналасқан. Жылу жүйелері опрессовкадан өткен. Бір оқу ғимаратына бояу, тазалау жұмыстары демеушілер тарапынан жүргізілген. Екінші оқу ғимаратын мемлекеттік сатып алу порталындағы байқау жұмыстары аяқталған соң жүргізу жоспарлануда»,- деген департамент басшысы.

Мониторинг қорытындысы бойынша күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептердің әкімшілігіне ата-аналармен, педагогикалық қоғамдастықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мердігердің жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтауын тұрақты қадағалап отыру бойынша ұсыныстар берілді.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.