Түркістан облысы: Созақ ауданында спорт алаңы пайдалануға беріледі

Түркістан облысының Созақ ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт алаңының құрылысы аяқталуға жақын. Созақ ауылында бой көтерген кешен таяу арада пайдалануға берілмек.

Одан бөлек, Шолаққорған ауылында «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысы басталды. Аумағы ат шаптырым спорт алаңының құрылысы өткен жылы басталған. Жаңа стадион алаңына қазір жасанды газон төселіп жатыр. Мұнда жастар мен жасөспірімдердің футбол ойнауына барлық жағдай жасалған. Ауыл тұрғыны Арман Мұқатаев мұнда бұрын футбол ойнайтын алаң мүлде болмағынын айтады.

«Мұндай алаң Созақ ауданында бірінші мәрте салынып тұр. Құдай қаласа, тағы да спорттық үйірмелер ашылады деп отыр. Балалар бұрын мектепте, біреудің ауласында дегендей, мектептің іші болғаннан кейін әрдайым рұқсат бермейді ғой. Сабақ өтеді, басқа да тірліктері бар. Ауылдың жастарына айтарым, әдемеліп ұстау керек, спортқа бейім болу керек жастар» — дейді ол.

Заманауи стадион 1030 орынға лайықталған. Жаттықтырушылар мен төрешілерге, медбикелерге арналған жеке кабинеттер, командаларға арналған киім ауыстыру және жуыну бөлмелері қарастырылған. Одан бөлек, жаттығу залы мен боркаут алаңы бар. Жоба құны 483 миллион теңгені құрап отыр.

«Барлығы заман талабына сай салынған. Арғы жағынан тағы да баскетболдың орны арнайы жасақталып жатыр. Ол да бірге өткізіледі. «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысы басталды» — дейді Созақ ауылдық округінің әкімі Батырхан Аяпов.

Одан бөлек, аудан орталығы Шолаққорған ауылынан заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысы басталды. Екі қабатты ғимаратта волейбол, баскетбол, күрес, бокс, аралас жекпе-жек залы және жүзу бассейні мен шағын футбол алаңы болады.

«Құрылыстың жалпы шаршы метрі — 6700, ал сыртқы құрылыс ауданы — 3 гектар. 2024 жылдың желтоқсанында спорт кешенін тапсырамыз. Жоба құны — 1 миллиард 965 миллион теңге» — дейді нысан басшысы Нұрмұхамед Мұсабеков.

Мамандар спорт кешенінде түрлі облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге болатынын айтады. Бүгінгі күні Созақ ауданында 200-дей спорт алаңы жұмыс істейді. Нәтижесінде, ауданда бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны 26 мың адамнан асып, аудан халқының 41%-ына жеткен.

     «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin