ШЫМКЕТТІК ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖҮГІРУДЕН ЖАРЫС ӨТПЕК

Шымкентте 9 наурыз күні әйелдер арасында қалалық «Бұқаралық жүгіру» жарысы өтеді.
Дене шынықтыру және бұқаралық спорттың көкжиегін кеңітіп, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа баулу мақсатында өткізілгелі отырған жарыс қаланың «Наурыз» алаңынан 9 наурыз сағат 9.00-де бастау алады.
Жарысқа қатысушы жандар келесі жас ерекшелігі бойынша қатысады:
1. 18-27 жас ( старттық нөмірлер – жасыл), басталуы: сағат 09:00-де;
2. 28-39 жас ( старттық нөмірлер – сары), басталуы: сағат 09:15-те;
3. 40 жас және одан жоғары ( старттық нөмірлер – қызыл) басталуы: сағат 09:25-те.
Ереже бойынша әйелдер арасында өткізілгелі отырған жарысқа қатысу үшін қолхат қабылдау (медициналық тексерілуден өткен, дәрігердің рұқсаты бар) 2024 жылдың 7 наурызына дейін онлайн қабылданады. Тіркеліп үлгермеген қатысушылар офлайн тіркеле алады. Қатысушыларға старттық нөмірлер жарыс басталардан алдын 9 наурыз күні сағат 07:00-ден 09:00-ге дейін беріледі.
Жарысқа жалпы басшылық жасау Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына жүктеледі.
Бағдарламаға сәйкес, барлық жас ерекшеліктер үшін жүгіру ұзақтығы – 5000 метр.
Жарыстың талабы бойынша қатысушыларға белгіленген маршруттан шығуға рұқсат етілмейді, егер шарт бұзылған жағдайда нәтиже жойылады.
Жеңімпаздары мен жүлдегерлер лайықты дәрежедегі дипломдармен, медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Ескертетін жайт, әр жеңімпаздың өзімен бірге жеке куәлігінің көшірмесі болуы керек.
«Наурыз» алаңынан бастау алған жарыс сол алаңда аяқталады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin