ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ АЛАМАН БӘЙГЕ ӨТЕДІ

Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық. Қазақша күрес, көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ тағы басқа спорт түрлері бағзы заманнан бері халқымызбен бірге жасап келеді. Күні бүгін де олар мән-мазмұнын жойған жоқ.
Жалпы, ұлттық спорт түрлерінің өмірімізде алар орны ерекше. Ол тек дене шынықтырып, салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, елге, салт-дәстүрге, тарихқа деген құрметті, патриоттық рухты асқақтата түседі. Жалпы, кез келген халықтың ұлттық ойындары арқылы сол елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі танылады.
Наурызнаманың бір күні «Ұлттық спорт» күніне арналғандықтан Шымкент қалалық атшабарда ат спорты түрлерінен көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, қыз қуу, конкур, дәстүрлі садақ ату және аламан бәйге жарыстары өтеді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сәйгүліктер қатысқан жарыста жүлделер сарапқа салынады.
Нақтырақ айтар болсақ, спорттық жарыс төмендегідей өтеді:
* 10:30-да алдымен ат спортының Конкур түрінен басталады. Жарыс ережесіне сай спортшылар биіктігі 150 см болатын 3 кедергіден өтуі шарт.
* 11:00-де Аударыспақ бойынша ат үстінде палуандар өнер көрсетеді.
* 11:15 – 12:00 аралығында — Теңге ілуден жарыс «Жеті құт» стильі бойынша өткізіледі. Жерге 5-7 теңге қойылады, әр теңге арасы 10м.
* 12:00-12.30 аралығында Жамбы ату «Түрік» стильі бойынша өткізіледі. Шабу қашықтығы 100м. 3-нысанаға оқ тигізу керек.
* 12:30-13:00 аралығында Дәстүрлі садақ ату жарысы «Қалқан» нысана бойынша өткізіледі.18 метр.3-кезеңнен тұрады,1 садақшыға 5 оқтан беріледі.
*13:00-13:20 аралығында Көкпардың бірінші кезеңі өтеді.
* 13:20-да Қыз қуу. Шабу қашықтығы 300м. Қыз бен жігіттің арақашықтығы 10м. 3-жұп қатысады.
* 13:40-та Көкпар тарту екі кезеңі өтеді.
*14:30- да көрермендер 14 шақырымды қамтитын Аламан бәйге жарысына куә болды. Бәйге 7 айналымнан тұрады.
Құрметті шымкенттіктер және қала тұрғындары!
Қазақтың сән-салтанатының көркі, қанға сіңген қасиетті ұлттық ат спорт түрлері бойынша өтетін жарысқа келіп, жанкүйер болыңыздар!

ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin