Түркістан облысы: Педагогтерді курстан кейінгі қолдауға арналған облыстық семинар ұйымдастырылды

Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» және Түркістан қалалық білім бөлімі, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби дамыту институтының бірлесе ұйымдастыруымен педагогтерді курстан кейінгі қолдауға арналған семинар өтті.

М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында өткен семинарға «Білім беруді дамыту орталығы» «Педагогті кәсіби дамыту» кафедрасының әдіскері Тлеулиев Самат Пернебайұлы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби дамыту институтының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының маманы Сапарова Нұргүл Төлегенқызы, «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы Бименова Меруерт Тилеубергеновна, Түркістан қалалық білім бөлімінің ағылшын тілі пәні әдіскері Сералиева Жанат Орынбайқызы қатысып, педагогтармен әдістемелік жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда біліктілік арттыру курстары бойынша сертификатталған мұғалімнің инновациялық тəжірибесіндегі курстан кейінгі қолдауға ерекше мән берілуде. Курстан кейінгі қолдаудың мақсаты — жалпы орта білім беру ұйымдарының практикалық қызметінде бағдарламаның инновациялық əлеуетін барынша іске асыру үшін жағдай жасау. Осы орайда М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Абидинова «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде жаңа технологияны тиімді қолдану» тақырыбында, ағылшын тілі пәні мұғалімі З.Матиева «Методы и приемы активизация познавательной деятельности обучающихся на уроках английского языка при обучении трудных тем 5-9 классах» тақырыбында, тарих пәні мұғалімі У.Садыкова «Развитие позновательной активности у учащихся на уроках истории с применением цифровых образовательных ресурсов при обучении трудных тем в 10-11 классах» тақырыбында панарамалық сабақтарын көрсетсе, орыс тілі пәні мұғалім С.Умарова «Достижение прогресса в обучении на основе критериального оценивания» тақырыбында шебер-сынып көрсетті. Сонымен бірге, Түркістан қаласы, Е.Иззатуллаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Утешова Лаззат Маткеновна «Сабақта кері байланыс берудің маңызы» тақырыбында шебер-сынып көрсетті.

Тәжірибелік семинар соңында Сапарова Нұргүл Төлегенқызы «Тиімді оқыту мен оқу» тақырыбында шебер сынып, Бейменова Меруерт Тілеубергенқызы «Мұғалімдерді курстан кейінгі кәсіби қолдаудың маңыздылығы» тақырыптарында шебер сынып көрсетті. Ал, Сералиева Жанат Орынбайқызы «Педагогтердің курстан кейінгі жұмыстарын үйлестіру» тақырыбында презентация жасады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin