Түркістан облысы: «Жаңа мектепке — жаңашыл ұстаз» байқауы ұйымдастырылды

Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес және «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі-білім сапасын арттырудың негізгі факторы» тақырыбындағы онкүндік аясында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа мектепке жаңашыл ұстаз» жас мамандар байқауы Түркістан қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия басазында өтті.

Байқаудың мақсаты облыстың білім беру ұйымдарында талантты жас мамандарды анықтау, педагог еңбегінің дәрежесін көтеру, шығармашылықпен жұмыс істейтін, ізденімпаз жас мамандардың мәртебесін арттыру және жас педагогтердің әдістемелік деңгейін жетілдіру болып табылады.

Байқау үш бағытта өткізілді. Нақтырақ айтсақ:

— Бастауыш;

— Мектепке дейінгі ұйым;

— Мектепалды даярлық.

Облыс педагогтері жақсы даярлықпен келіп, педагогикалық қызметте кәсіби білімдерін теориялық және практикалық білімдері мен қабілеттерін көрсетіп, озық идеяларымен ерекшеленген педагогтер жүлделі орындарды иеленді.

Бастауыш бағыты бойынша Мақтаарал ауданындағы Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтанат Мирзалиева 1-орынды иеленді.

Мектепалды даярлық бағыты бойынша Шардара ауданындағы Шардара мектеп-лицейінің тәрбиешісі Азиза Забиева 1-орынды иеленді.

Мектепке дейінгі ұйым бағыты бойынша Сайрам ауданындағы «Нұр шашу» МКҚК бөбекжай бақшасының тәрбиешісі Сания Алтынбаева 1-орынды иеленді.

Өзге педагогтер ережеге сәйкес хаттамалық шешім негізінде, екінші, үшінші орындармен және үздік жоспар, шығармашыл педагог мадақтамаларымен марапатталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin