Түркістан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалды сауаттылық, патриотизм» тақырыбындағы 10 күндік аясында Кентау қалалық білім бөлімі Махмуд Қашғари атындағы мектеп-лицейде 2024 жылдың 10 сәуір күні «Бейімдеу моделі негізінде жұмыс жүргізудің әдістемеліе жүйесі» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.
Семинарға Кентау қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Мақұлбекова, сондай-ақ Кентау және Түркістан қаласындағы, Сауран ауданындағы аралас мектептің мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында мектеп директорының орынбасарлары TED форматта өз тәжірибелерімен бөлісті, негізгі пән мұғалімдері практикалық сабақтар көрсетіп, мемлекеттік тілде оқытудағы тәжірибелерімен таныстырды. Ұлттарды ұйыстыратын негізгі фактор қазақ тілінің қолдану кеңістігін ұлғайтуға мұндай семинарлардың маңызы зор.
Бұдан бөлек 2024 жылғы 12 сәуір күні «Ы.Алтынсарин атындағы №1мектеп-гимназиясында «Lesson Study» зерттеу сабағының 3-ші циклі өтті .
Сабақ берудің жапондық әдісі Кентау білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А. Мақұлбекованың бастамасымен жүзеге асып келеді. Бұл жолы да сабақты зерттеу тобының мүшелері бақылады.
Бұл жолғы 3-ші цикл «Тоқтар Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері» тақырыбында өтті. Жүйелі бақылау мен сабақ берудің тың әдісі нәтижесінде оқушылардың таным, білім, белсенділік деңгейі өсіп келеді.
Бұл үрдіс алдағы уақытта да жүйелі жалғасын табады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.