Түркістан облысы: «ProEko» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде кентаулық оқушылар жүлделі III орынды иеленді

Бүгін «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» ұйымдастыруымен 5-8-ші сынып оқушылары арасында «ProEko» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру, зияткерлік-шығармашылық әлеуетін арттыру, оларды табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, әлеуметтік жауапкершілікке ынталандыру.

Аталған жоба бойынша қалалық кезеңнің жеңімпаздары Әлия Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің 6-сынып оқушылары Бақытжан Ұласбек пен Сәулет Маратқызы облыстық кезеңде «Бізге қажет таза қала» жобасын қорғады.

Байқау нәтижесінің қорытындысы негізінде аталмыш білім ошағының шәкірттер жүлделі III орынды иеленді.

Шәкірттерге жетекшілік еткен Ш.Рысбаева, А.Әбсейт сынды ұстаздарға әрдайым биік белестерден көрініп, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестік білдіреміз!

Сонымен қатар Кентау қаласының білім бөліміне қарасты Әлия Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде бүгін қылмыстың, құқықбұзушылықтың, алаяқтықтың, жыныстық тиіспеушіліктің, зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында мектеп ата-аналары һәм ұстаздармен жиналыс өткізілді. Бірлескен түсіндірме жұмысын жүргізуге Кентау қаласы прокуратурасының прокуроры Б.Абылкасымов, Кентау білім бөлімінің бас маманы З.Отызбаева, қалалық ПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция майоры Ж.Ахметов, қалалық «Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы С.Бақытұлы атсалысты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin