Түркістан облысы: Төлеби ауданының Қостөбе елді мекенінде білім ошағының құрылысы жүріп жатыр

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің іс-шара жоспарына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында жемқорлыққа қарсы мобильді топтардың жұмысы басталды.

Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, басқарма басшысы мен қызметкерлері енген мобильді топ мүшелері арнайы безендірілген автобуспен Төлеби ауданына іссапармен барды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Әсілбек Сәбит «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының еріктісі Гүлманат Байзақовамен бірге Қаратөбе, Ханарық елді мекендеріндегі көпірдің жағдайымен танысып, Қостөбе елді мекеніндегі құрылысы жүріп жатқан білім ошағының жай-күйіне көңіл бөлді. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар нысандарға, яғни №3 Көксәйек және №4 Тасарық ауылындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметін аралап көрді.

Жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері сағат 9.30-дан 12.00-ге дейін аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында, Көксәйек ауылдық округ әкімдігі ғимаратында көшпелі консультациялық іс-шаралар өткізіп, тұрғындарға кәсіби құқықтық көмек көрсетті.

Мобильді топ мүшелері құрамына енген Түркістан облыстық Әділет департаментінің өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері, антикор еріктілері, адвокаттар мен заңгерлер, сот орындаушылары 70-тен аса тұрғынға оларды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселенің шешу жолдарын көрсетті.

Зерделеу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша аудан әкімдігі ғимаратында мәжіліс өткізіп, хаттамалық тапсырмалар берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin