Түркістан облысы: Кентау қаласында облыстық тәжірибелік семинар өтті

Түркістан облысы білім басқарамасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылы 30 сәуір күні Кентау қалалық білім бөліміне қарасты «Ертөстік» бөбекжай-балабақша МКҚК мектепке дейінгі ұйым базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің дағдыларын дамытудағы қолданылатын технология элементтерінің маңызы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді.

Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр дағдыдағы білімдерін кеңейте отырып, білім-білік деңгейін арттыру. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бала бойына сіңіре отырып тұлғаның тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін қалыптастыру.

Семинарға Созақ, Түркістан, Сауран, Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандық білім бөлімдеріне қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне және мобильді топ мүшелері қатысты. Семинар «Ыбырай ауылы» көрмесімен және «Бақытты балалық шақ» музыкалық шығармашылық іс-әрекетпен ашылды.

Семинарда Кентау қалалық білім бөліміне қарасты «Әлия», «Айша-бибі» «Ер Төстік» бөбекжай-балабақшаларының педагогтері тәрбиеленушілерді қатыстыра отырып тәжірибе көрсетті.

Сонымен қатар педагогтер шебер-сынып арқылы әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жаңашылдық бастамаларымен бөлісті.

Кентау қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының әдіскері Гулвира Каримова «Кеш емес» бағдарламасын логопед-дефектолог мамандарды және тәрбиеші, психолог, ата-ананы қатыстыра отырып, «мектепке дейінгі ұйымда логопед-дефектолог қажет пе, әлде қажет емес пе?» деген үлкен мәселені ортаға салып, екі қарсылас топ арасында ой-пікірін талқыға салу арқылы бүгінгі күннің үлкен мәселесін талдап-талқылады.

Семинар өз мақсатына жетті. Педагогтер іс-әрекеттерге терең талдау жасап, кері байланыс арқылы өз ұсыныстарымен ой-пікірлерін, жылы лебіздерін білдірді.

Облыстық тәжірибелік семинарға Түркістан облысына қарасты аудандардағы мектепке дейінгі ұйым педагогтары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin