Түркістан облысы: Сауран ауданында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жиын өтті

Сауран ауданы әкімінің аппарат басшысы Бахытжан Халдыбекұлының төрағалығымен өткен жиынға дербес бөлім басшылары, қала әкімінің аппарат қызметкерлері, жауапты мамандар қатысты.

Жиында сөз алған қала әкімі аппаратының Заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Мақсат Мұхаметәліұлы дербес бөлімдерге жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін баяндады.

Мәжіліс төрағасы мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізу керектігін айтты. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Мемлекеттік қызметші демекші, мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алады.

Бүгінде республикада 140-тан астам түлек аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі және басшылық емес лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылданса, оның 8-і Түркістан облысына тиесілі.

Олар Түркістан облысының Бәйдібек, Түлкібас, Ордабасы, Сауран, Сайрам аудандары мен Кентау қаласындағы төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылданған. Жоғарғы оқу орнын GPA 3.33-тен жоғары баллмен үздік аяқтаған түлектер мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтарды пайдалана отырып мемлекеттік қызметте жұмыс атқара алады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin