Түркістан қаласында «SENAT OPEN» ашық турнирі өтті

Түркістан шаһарында Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шахматтан «SENAT OPEN» ашық турнирі өз мәресіне жетті.

Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен, Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен және ҚР Парламенті Сенатының бастамасымен өткізілген турнирге Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, Шахмат федерациясының вице-президенті А.Бабенко, облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық шақырылымы, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Интеллектуалды ойынның қорытынды салтанатына облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

Негізгі марапат бойынша 1-орынды Сайрамнан келген А.Абдикаримов, 2-орынды түлкібастық М.Шулашов және және 3-орынды С.Нағызбеков (Шардара ауданы) жеңіп алды. Сонымен қатар командалық ойында Бәйдібек ауданы көш бастаса, 2-орынды Түлкібас ауданы иеленді. Ал жүлделі 3-орынға Шардара ауданы жайғасты.

Ынталандыру марапаттары бойынша депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері және әйелдер арасында үздік көрсеткіш иелері мен 60 жастан асқан ойыншылар арасында үздік деп танылған қатысушылар арнайы облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталды. Барлық шахмат ойынына қатысқан жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль табыс етілді. Сондай-ақ қатысушыларға сертификат берілді.

Жарыс жеңімпаздары алдағы уақытта Шымкент қаласында өтетін жартылай финалда бақтарын сынайды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin