Түркістан облысы: Арыс қаласындағы Өнер мектебінде мемлекеттік емтихан өтті

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебінде бітіруші түлектердің мемлекеттік емтиханы өткізілді. Емтиханға келген қонақтар мектеп түлектерін тыңдау үшін және саралап бағалау үшін Шымкент қаласындағы «Саз колледж» МКҚК-ның домбырашысы, халықаралық, республикалық байқау жүлдегері атанған оқытушы Жандос Кулумбетов, Арыс қаласының білім бөлімінің әдіскері Берік Искенов, мектеп директоры міндетін уақытша атқарушы Айжан Ташиметова қатысты.

Мақсат — оқушыларды шығармашылыққа баулу. Отандық және шетел композиторларының шығармаларын үйрету. Сахнаға баулу, дарындылығын арттыру. Мемлекеттік емтиханда оқушылар бес шығармадан орындады. Жалпы, аталған Өнер мектебін 36 оқушы бітіргелі жатыр.

Атап айтсақ, домбыра бірлестігі бойынша — 10 оқушы, қобыз бірлестігі бойынша — 4, эстрада — вокал бірлестігі бойынша — 5, баян — аккордеон бірлестігі бойынша 4 оқушы мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтихан соңында бітіруші түлектер «жақсы» деген бағаға ие болды.

Бұдан бөлек Арыс қаласының білім саласындағы атқарылып жатқан іс-шаралардың бірқатарына тоқтала өтсек. «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Арыс қаласы білім бөлімінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі №194 бұйрығына сәйкес «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында қалалық оқу-әдістемелік семинар өткізілді.

Аталған семинарды Қалалық білім бөлімінің әдіскері Тасқынбаев Береке Қондыбайұлы және мектеп директоры Аманғали Маханұлы Жұмабеков ашып берді.

Мақсаты:

  • Окушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағдарламасы аясында өзара тәжірибе алмасу.
  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді ықпалдастыру, оқушыны ізденуге бағыттау арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру
  • Мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету

Күтілетін нәтиже:

  • Окушылардын функционалдық, сауаттылығын дамыту бағдарламасы аясында қалыптасқан идеялар мен тәжірибелерді талқылайды;
  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың өзіндік ой-пікірі жүйеленеді, дамиды, шығармашылық дағдысы қалыптасады.
  • Кәсіби қоғамдастық нәтижесінде ынтымақтастық орнайды, мұғалімнің құзіреттілік дағдысы артады.

Төмендегі қатыстырылған пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

  1. Алма Аманқұлова — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеті мен портреттік мінездемесі» тақырыбында 8 «Б» сынып оқушыларымен;
  2. Гүлжан Алиакпарова — орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Андрей Платонов «Песчаная учительница» тақырыбында 10 «Б» сынып оқушыларымен;
  3. Гүлзада Қасымова — ағылшын тілі пәнінен «Travel and tourism» тақырыбында 9 «б» сынып оқушыларымен;
  4. Рауан Жақсыгелдиева — математика пәнінен «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен есептер шығару» тақырыбында 6 «Б» сынып оқушыларымен;
  5. Ұлбосын Аубакирова — биология пәнінен «Қолдан сұрыптау және оның селекция үшін маңызы. Қолдан сұрыптау түрлер» тақырыбында 8 «Д» сынып оқушыларымен;
  6. Айгүл Жұмадилаева — химия пәнінен «Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар» тақырыбында 7 «А» сынып оқушыларымен;
  7. Ләззат Үсенова — тарих пәнінен «Жәңгір хан тұсындағы қазақ жоңғар қарсылығы» тақырыбында 6 «Ж» сынып оқушыларымен ашық сабақтар өтті.
  8. Гүлмира Тәлтеева — «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында педагогтермен коучинг өтті.
  9. Ханат Алимбетов — FabLab «СО.2 лазерлік станокпен жұмыс жасау» тақырыбында 9-сынып оқушыларымен шебер сынып өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша бүгінгі заман талабына сәйкес мұғалімнің жаңашыл, жан-жақты, ұшқыр ойлы, оқушымен жұмыс жасау қабілеттері мен қатар шығармашылықтарын шыңдау, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік қасиеттерінің дамуында ұстаздардың сіңіретін үлесі зор екендігі айтылып өтті.

Сонымен қатар сабақта қолданылған заманауи әдіс-тәсілдер, дидактикалық материалдарды қолдану мен оқу оқытуда жүргізілген бағалау бағытында көрсетілген жұмыстар үлкен тәжірибе алмасудың алаңы болғандығы айтылды.

Барлық сабақ берген ұстаздар Арыс қалалық білім бөлімінің марапатына ұсынылды.

Оған қоса Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «Мұхтар Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде көркем еңбек пән мұғалімі Сұлу Аманова 2 «ә» сынып оқушылармен «Жыл мезгілдері » тақырыбында ашық сабақ өтті.

Мақсаты: балалардың жыл мезгілдері туралы түсінігін кеңейту. Жыл мезгілдерінің сұлулығын тамашалай білуге, табиғаттың ереешелігін сезінуге, қоршаған ортамен танысу арқылы баланың өй- өрісін дамыту. Сабақта «Жасыл желек», «Тілекші құс» «Көбелекті гүлге қондыру», «Көктем жаршысы» әдістерін қолданды. Нәтижесінде жыл мезгілдерін жапсырмалауды, сурет салуды үйренді.

Сонымен қатар Түркістан облысы «Арыс қаласының білім бөлімі» ММ-не қарасты «Садықбек Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп» базасында «Әкелер мектебі» іс-шара жоспарына сәйкес мектеп психологы Г. Нүркешова және 3-сынып жетекшісі М. Кантеева «Менің әкем — жақсы адам» тақырыбында 3-сынып әкелерімен тренинг сабақ өтті.

Мақсаты: отбасындағы және қоғамда әкенің алатын орны. Әкелерді білім мекемесіндегі мақсатты бағытталған тәрбие жұмысы үрдісіне үнемі тарту; Психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізе отырып, әкелердің педагогикалық мәдениетін арттыру болып табылады.

Іс-шара барысында «Өзімді таныдым» сурет көрмесі, психологиялық тренингтер мен ситуациялық сұрақтар қойылды. Әкелер өздеріне берілген тапсырмаларды орындауда жауапкершілік пен белсенділік танытты. «Бір әкенің тәрбиесін мың мектеп бере алмайды» дегендей, бала тәрбиесінде және отбасында әкелеріміздің рөлін арттыру, оларға қолдау көрсету, ұлттық тәрбиемізді дамыту бұл қауымдастықтың басты миссиясы болмақ. Сондықтан біз әкелерді бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге, жауапкершілікті сезінуге, балалардың бақыты үшін үлгілі отбасы болуға шақырған болар едік. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шара алдағы уақытта жалғасын табады.

Сондай-ақ В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектебінің акт залында педагог-ұйымдастырушысы Н.Д.Құдайбергенованың ұйымдастырумен «Түрі басқа тілегі бір, Жүзі басқа жүрегі бір» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешті мектеп директоры Ж.Г.Кайбалдиева ашып беріп, Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.

Аталған кешке қаладағы иран-әзірбайжан этно-мәдени орталық жетекшісі Х.Ранджибари, татар- башқұрт орталық жетекшісі Р.Байков, орыс-славян орталық жетекшісі Л.А.Шолгина қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Кездесудің мақсаты елімізде мекен ететін түрлі ұлт пен ұлыстың бірлік пен ынтымағын, татулығы мен достығын өскелең ұрпақ арасында насихаттау, олардың ұлтаралық қарым- қатынасты нығайтуына ықпал ету болып табылады.

Тағы бір қосар жаңалық, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты МКҚК «Балапан» бөбекжай балабақшасы «Балдәурен» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері Арыс қаласындағы Теміржолшылар саябағы мен Мұражайға саяхаттап қайтты. Мақсаты: Бүлдіршіндерге өз туған жерін, таныстыра отырып, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлау. Тәрбиеші Анифа Абдурахманова балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, балаларға ерекше қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Бұдан бөлек Арыс қаласында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Қарулы Күштерінің 32 жылдығына орай арналған мерекелік іс-шарасы аталып өткізілді. Аталған іс-шараға қалалық білім бөлімінің басшысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы, бөлімінің бас мамандары және барлық білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

«Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау.

Сондықтан да бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатқан, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн. Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген сөздері ел намысын өз тағдырынан әрқашан жоғары қойды.

Киелі өңіріміз талай батырлар Отаны болғаны баршаға аян.

Бүгінгі мерейлі мерекеде өз қызметін мінсіз атқарып жүрген ер азаматтарға алғысымды білдіремін.

Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!

Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, елдігімізді нығайту жолындағы еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін.

Еліміздің айбынын асқақтатар ер-азаматтарымыз аман болсын!» — деп білім бөлімінің басшысы өз құттықтауын арнады.

Батырлар алаңында өткен салтанатты іс-шарада армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналды.

Шара барысында майдан даласында қаза болған жауынгерлер мен бейбіт заманда өмірден өткен ардагерлер құрметіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталып, жиналған көпшілік боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Әрі қарай, қорғаныс саласының қызметкерлері Мемлекеттік Туды сахнаға салтанатты жағдайда әкеліп, мерекелік іс-шара Әнұранмен ашылды.

Салтанатты шараны қала әкімі Гүлжан Мамытқызы құттықтау сөзі сөйлеп, қызметтік борышын үлгілі атқарған, жоғары кәсіби біліктілігі, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне, сондай-ақ әскери сала мен коммуналдық сала қызметкерлерін, және бірқатар әскери сарбаздарын «Арыс қаласына сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалімен, және Алғыс хаттармен марапаттады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin