Бүгін еліміздің барлық өңірлеріндегідей Жетісай мектептерінде де соңғы қоңырау соғылды. Салтанатты шараға орай Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен ауданның бас ұстазы Ғазиза Шүкірбаева №9 Жетісай қаласындағы «Д.А.Қонаев» атындағы IT мектеп-лицейінің түлектері, ата-аналар білім ұясында болып, мектеп бітіруші түлектерді құттықтады.
«Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер, қадірлі ұстаздар, ата-аналар! Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты, сонымен қатар, қимас та ұмытылмас оқиға. Бұл күн мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар үшін де, ата-аналар үшін де ерекше бір толқынысқа толы сәт.
Қазіргі таңда елімізде жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне айрықша назар аударылып, Сіздердің сапалы да заманауи білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасалып келеді. Осы ретте, сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолындағы ұлағатты ұстаздарымызға өз ризашылығымды білдіремін. Өйткені, адамзат баласына тәлім-тәрбие беріп, білімдар азамат болып өсу жолында ұстаздар қауымының орны ерекше екені сөзсіз.
Сондай ұлағатты жандардың қажырлы еңбектерінің нәтижесінде биылғы оқу жылында ауданда мектеп бітіріп отырған 3060 оқушының 2563-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, соның ішінде 198 оқушымыз «Алтын белгіге», 240 оқушымыз «Үздік аттестатқа» үміткер.
Қымбатты түлектер!
Сіздерді алда үлкен сын күтіп тұр. Ұлттық бірыңғай тестілеуді жақсы тапсырып, өздеріңіз қалаған оқу орнына түсіп, ел игілігі үшін қызмет ететін маман болуларыңызға тілектеспін!
Қазіргі таңда елімізде жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне айрықша назар аударылып, Сіздердің сапалы да заманауи білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасалып келеді. Осы ретте, сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолындағы ұлағатты ұстаздарымызға өз ризашылығымды білдіремін. Өйткені, адамзат баласына тәлім-тәрбие беріп, білімдар азамат болып өсу жолында ұстаздар қауымының орны ерекше екені сөзсіз» — деген аудан басшысы қай кезде болса да ұстаздар еңбегінің нәтижесі шәкірттерінің білімімен бағаланатынын, сапалы білім мен саналы тәрбиенің – бұл бүгінгі заманның талабы екенін жеткізіп, түлектерге алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік тіледі.
Айта кетейік, биыл Жетісай ауданында мектеп бітіретін 3060 оқушының 83,7 пайызы, яғни, 2563-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірсе, 198-і — «Алтын белгі», 240-ы — «Үздік аттестат» үміткерлері.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.