Мектеп директорлары балаларға арналған газет-журналдардың бас редакторларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанда және Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдағы тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы еліміздің барлық өңірлерінде іске асырылуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Мәдениет және ақпарат министрі А.Ғ. Балаева Алматы қаласында шығармашылық интеллигенция өкілдері және газет-журнал редакторларының басын қосып «Шығармашылық интеллигенция — Қазақстан балаларына» атты басқосу жиынын өткізді.

Аталған екі министрліктің басқосу кеңесінде еліміздің барлық өңірлерінде шығармашылық интеллигенция өкілдерімен кездесу өткізуді үйлестіруді Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасына тапсырды. Осыған орай, Алматы және Астана қалаларында білім басқарма басшыларының, мектеп директорлары мен ата-аналардың басын қосып шығармашылық интеллигенция өкілдерімен 5 рет кездесу ұйымдастырылды.

Мақсат – қазақстандық балалар журналдары мен газеттері арқылы оқушылар арасында кітап оқу мен мәдениетті насихаттауды, оқу сауаттылығы мен белсенділігін арттыруды және оқушылардың оқу құзыреттілігін дамытуды іске асыру.

Осы бағытта бүгін Түркістан қаласындағы М.Шоқай атындағы №24 жалпы білім беретін мектебінде «Балаларға арналған газет-журнал редакторларымен кездесу» ұйымдастырылды. Тағылымы мол, келелі кездесуде Түркістан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Бақытжан Төлімбет модератор болды.

Басқосуға 12 қазақстандық балалар журналдары мен газеттерінің редакторлары мен 6 ауданнан 200 мектеп директорлары қатысты. Атап айтсақ, жарыққа шыққанына 21 толған «Айгөлек» балалар журналының авторы, ҚР Мәдениет қайраткері, Түркі әлемі ақпарат саласының үздігі, ақын Қымбат Әбілдәқызы;

«Ақ желкен» республикалық балалар журналының бас редакторы, белгілі жазушы, журналист, ақын Есей Жеңісұлы;

«Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналының редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы;

«Алан&kids» республикалық балалар журналының редакторы Асель Тыныбаева;

«Айналайын» республикалық балалар журналының редакторы бас редакторы Зәуреш Ерназарова;

«Білім шыңы — ғылым сыры», «Ыбырай» республикалық балалар мен мұғалімдер журналдарының бас редакторы Бақытгүл Артыққызы Есен;

«Ақылды» республикалық балалар журналының редакторы Динара Құралбекова, Аяулым Тастанбек;

«Ақылдым» республикалық балалар журналының бас редакторы Бейсенкүл Нарымбетова;

«Алтын тобылғы» республикалық балалар журналының бас редакторы Мөлдір Тәжібекова;

«Хан талапай», «Алтын сақа» республикалық балалар журналдарының бас редакторы Айнагүл Танатова қатысты.

Кездесу барысында балаларға арналған газет-журнал редакторлары мен мектеп басшылары, мұғалімдер, өз ойларын ортаға салып, ұтымды ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жаңа тың ойларын айтып, ашық пікір алмасты.

Айта кетейік, аталған шығармашылық интеллигенция қалған аудандарда осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында арнайы кездесу өткізетін болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin