Түркістан облысы: «1000 мектепке әдістемелік көмек» республикалық жобасы аясында «МЕНТОР-83 МЕКТЕП» жобасының қорытынды семинары өтті

Түркістан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 5 маусымында «1000 мектепке әдістемелік көмек» жобасы аясында жалпы республикалық семинар өткен болатын.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызының жобаны қортындылап айтқан құттықтау видео үндеуімен басталды.

Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының директордың инновациялық бастамалар жөніндегі орынбасары Айкөзова Динара Рахматуллақызы «Ментор-83 мектеп» жобасын іске асыру бойынша «Мектепішілік бақылау жұмысын трансформациялауда «Ментор-83 мектеп» жобасын іске асыру перспективалары» баяндамасымен 2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. «Ментор-83 мектеп» жобасының аясында мектеп директорлары жыл бойы мектепішілік бақылау жоспары бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. Атап айтсақ:

  • Арыс қаласының №8 В.Комаров атындағы;
  • Сайрам ауданының №83 Ахмет Байтұрсынов атындағы;
  • Созақ ауданының Әлия Молдағұлова атындағы;
  • Түркістан қаласының №19 Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептердің кейстері білім беру ұйымдарында іске асыру ұсынылды.

Семинар барысында облыстық Білім беруді дамыту орталығының «Инновация және стратегиялық жоспарлау кафедрасының» меңгерушісі ББЖМ-ға дайындық жұмыстары алдағы оқу жылдарында да жалғасу керектігіне тоқталып, пилоттық жобаға енген мектептердің ұжымына және менторларға арналған Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасы Е.Дауеновтың сертификатын тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin