Түркістан облысы: Биыл «Серпін-2050» бағдарламасымен 4000 түлек жоғарғы оқу орнына түсе алады

2014 жылы іске қосылған «Серпін-2050» бағдарламасы он жыл ішінде талай жастың жоғарғы оқу орнына түсуіне септігін тигізген ауқымды жоба саналады. Ағымдағы жылы да еліміздің халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерінен солтүстіктегі облыстарға білім аламын деушілерге 4 мың грант бөлініп отыр. Бағдарлама игілігін Түркістан, Қызылорда, Жамбыл мен Алматы, Жетісу облыстарының жастары көрмек.

Қазіргі таңда бағдарламаны түсіндіру мақсатында Түркістан облысында «Жоғары білім» атты көрме өтіп жатыр. Шараға мектеп түлектері қатысып, еліміздің теріскейіндегі 23 жоғарғы оқу орнының бірінде студент атануына мүмкіндігі бар. Облыс орталығынан бастау алған шара 14 маусымға дейін аудан-қалаларда жалғаспақ.

Оқу гранттарының 2 500-ден астамы педагогика бағытында болса, 700-ге жуығы — инженерлік өңдеу және құрылыс саласы.

Сонымен қатар, 300 грант IT саласына бөлінсе, 70-ке жуық грант — ауылшаруашылығы және биоресурстар бағытында.

Айта кетейік, 2023 жылы «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикаға бөлінген 3 653 гранттың 983-не Түркістан облысының талапкерлері ие болған. Сонымен қатар, серпіндіктердің 70-90 пайызы тұрақты жұмыс орнына орналасқан.

Түркістан облысының білім басқармасы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бірлесіп, брифинг өткізді. Брифингте шет елдердегі жоғары оқу орындарына түсу, қандай жаңа мамандықтарға сұраныстардың бары түсіндірілді.

Жыл бойы, кәсіптік бағдар беру – жеке тұлғалардың ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушылардың мамандық таңдауда дайындау, кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектесу үшін бағытталған шаралар бойынша (сынып сағаттары, ZOOM платформасы арқылы, семинарлар, ашық сұхбаттар, экскурсиялар жыл бойы ұйымдастырылуда.

Екі жыл қатарынан «GLOBAL CAPA» Халық білім беру орталығының ұйымдастыруымен бітіруші түлектерге «Ашық есік» өткізілді. Білім беру орталығы көрме, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 1000-нан астам бітіруші түлек түрлі іс-шараларға қатысты.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоңыс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары («Серпін» жобасы) және олардың ата-аналары үшін білім беру гранттары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен «Серпін» бағдарламасына қатысатын жоғары оқу орындары жыл сайын жұмыс сапарларын жоспарлап, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет орталығында өткізіп келеді.

Бұл іс-шараның ауыл жастары үшін маңыздылығын ескере отырып Түркістан облысына қарасты аудан, ауыл мектептерінің бітіруші 11-ші (12-ші) сынып оқушыларынан 2000 астам бітіруші түлек қатысты.

Аталған бағдарламаның үш жылғы көрсеткішіне үңілер болсақ, едәуір өсімді байқауға болады.

2020-2021 оқу жылында Түркістан облысында жалпы білім беретін мектептерде 11 сынып оқушыларының 691-і “Серпін” бағдарламасы арқылы оқуға түскен. Бұл көрсеткіш 2021-2022 оқу жылында 978-ге көтерілді. Өткен жылы “Серпін” бағдарламасы бойынша өңірдің 1012 оқушысы грант жеңген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin