Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы шағын футболдан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында клубтың футбол командасы 3-орынды иеленді.
Орал қаласында өткен жарыста Қазақстанның 13 облысы мен 6 ауданынан жиналған спортшылар бақ сынасты. Кеше спортшыларды күтіп алу шарасына қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Динара Жіпсібаева, сондай-ақ қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының директоры Нұрланәлі Сыздықов қатысты.
Жеңіспен оралған жас саңлақтарға Динара Жіпсібаева жылы лебізін арнаса, ал Нұрланәлі Сыздықов арнайы құттықтауын жеткізді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.