Түркістан облысында жастарды кітап оқуға баулитын «Ауыл кітапханаларына — 100 кітап» акциясы басталды

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент сөйлеген сөзінде: «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық. Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек. Өздеріңізге мәлім, мен былтыр Түркістанда өткен құрылтайда елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салу туралы айттым. Ондай кітапханалар көптеген елде бар. Менің тапсырмаммен Алматыда және Астанада көп ұзамай осындай тамаша ғимараттар бой көтермек. Жалпы, бұл саланы жетілдіру үшін басқа да ауқымды шараларды қолға алу қажет. Алматыда кейбір кітапханалар заман талабына сай жаңғыртылды. Онда жастардың шығармашылықпен айналысып, білімін ұштауына толық мүмкіндік бар. Облыс әкімдері осы жақсы тәжірибені жалғастыруы керек. Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақты кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Жастарды кітап оқуға тарта отырып, қоғамды тәрбиелейміз. Бұл қиын мә­селе екенін түсінемін. Әсіре­се, олар­дың бар назары әлеуметтік желіде болған кезде тіпті қиын. Бірақ бұл мәселемен шұғыл­дану керек. Басқа жол жоқ» — дей келе, «Ауыл кітапханаларына — 100 кітап» акциясын бастап және осы игі бастаманы қолдауға шақырған болатын.

Осы мақсатта бүгін Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова бастаған ұжым Созақ аудандық орталық кітапханасына қарасты «Ақсүмбе» ауылдық кітапханасына оқырмандардың сұраныстарында жүрген 100 дана кітапты сыйға ұсынды.

Тағылымды шараға кітапханашылар және кітапхана оқырмандары, сонымен қатар Мақсат Жеңсұлы, Орынбасар Хасенұлы, Әмір Дүйсебекұлы, Бекен Ниязбеков секілді қаламгерлер сөз сөйлеп, кітапхана қызметкерлеріне ризашылықтарын жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin