Түркістан облысы: Сарыағаш ауданындағы жазғы сауықтыру лагерінде отбасылық сайыс ұйымдастырылды

Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округінің Тасқұлақ елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде отбасылық «Әкем, анам және мен» атты спорттық сайыс өтті. Сайысқа 4 отбасы қатысып, спорт ойындарынан құралған 5 шарттан тұратын жарыста бақ сынасты.

Жарыстың нәтижесі бойынша 1-орынды — Қамановтар отбасы, 2-орынды — Жусуповтар отбасы, ал 3-орынды Турдиевтар және Сатыбалдиевтар отбасы иеленді.

Сайыстың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталып, алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетейік, аталған шара «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне және 26 маусым – Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай ұйымдастырылды. Мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, баланы достық пен патриоттыққа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Осы тұстап атап өтер жайт, облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Түркістан облысында 45 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагері (оның 7-і мемлекеттік, 15-і жекеменшік) қызмет көрсетеді. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог қызметкер жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтер, 80 облыстық колледж студенті практикаға тартылады. 20 мыңнан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалады. «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен өңірдегі 2 лагерьде 3421 бала Түлкібас (2000 бала), Төлеби аудандарының (1421 бала) лагерлерінде демалады деп күтілуде, бұл 0,8% құрайды.

Сонымен бірге, мектеп жанында 5 күннен шатырлы және киіз үйлердің жұмысы Оқу-ағарту министрлігінің берген нұсқаулықтарының негізінде ұйымдастырлады. Оған 10 000 оқушы қамтылатын болады, қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен төленеді.

Бүгінгі күні осы лагерьлердің жұмысын қызықты өткізу үшін «Үздік жаздық бағдарлама» байқауы жоспарлануда.

Таулы аймақтарда маусым айында күннің суықтығына байланысты шатырлы және этнолагерьлер жұмыстары шілде айында басталып, тамыз айының 23-іне аяқталады деп жоспарланды.

Бұған қоса, 350 мектепте 1 мезгілгі тамақпен ұйымдастырылатын мектеп жанындағы лагерьлер жұмыстарын жүргізеді.Түркістан облысы бойынша 1-5-ші сынып оқушыларының жалпы саны — 256 197.  Облыс бойынша барлығы 1-10-шы сыныптарда 467 766 оқушы бар, оның ішінде 366 123  (78,1) оқушыны қамту жоспарлануда. Осы мақсатта барлығы  2 259 1 теңге қарастырылуда (оның ішінде бюджеттен — 1 826,9 миллион теңге, 12,5 миллион теңге — демеушілер тарапынан, 426,7 миллион теңге —  ата-аналар есебінен).

Қала сыртындағы лагерьлердегі ауысымдар 1-5 маусым аралығында басталып, 5-10-шы сынып оқушылары қамтылады. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35 482 бала — бюджет есебінен. Маусымдық лагерьлерде жолдама құны 59 594 мың теңгені құрайды, әр ауысымның ұзақтығы — 10 күн.

Облыста жазғы маусымда барлық мектептерде спорттық командалар жасақталып, спорттық ойындар мен жарыстар, спартакиадалар, үйірме жұмыстары ұйымдастырылып, жасөспірімдердің Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық тәрбие беру мақсатында тарихи орындар – Түркістан, Отырар, Сайрам, Бәйдібек аудан-қалалары мен ондағы мұражайларға бару және туристік шерулер мен саяхаттар ұйымдастырып, оған 41 000 оқушы барады деп жоспарлануда.

Жоғарыда аталған іс-шаралар барысында мониторинг жасап, жұмыстарды бақылауға алу мақсатында барлық құқық қорғау мен құзырлы сала өкілдерінен облыста жұмыс штабы құрылды.

Жарыс демекші, елімізде республикалық “Ұлттық мектеп лигасы” ойындары өтіп жатыр. Жарыстар үш жас ерекшелік бойынша Семей, Астана және Қызылорда қалаларында ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда Семей қаласындағы 5-6-шы сыныптар арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша Түркістан облысының оқушылары жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды.

Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысында “Ұлттық мектеп лига” жарыстары спорттың 10 түрінен өткізілді. Осы кезеңде 44 сайыс өтіп, оған 475 командадан 4244 оқушы қатысқан болатын. Облыстық сайыстардың өткізілуі барысында 144 кубок, 1307 медаль сарапқа салынды. Оның ішінде 434 алтын, 444 күміс және 429 қола медаль әзірленген.

Қазіргі таңда 7-8-ші сыныптар арасындағы жарыс Астана қаласында өтіп жатыр. Әзірге облыс оқушыларының қоржынында 2 алтын, 4 қола бар. Алда шәкірттер тағы да 6 спорт түрінен сынға түспек. Сонымен қатар, шілде айының 7-31 аралығында Қызылорда қаласында 9-11-ші сыныптар арасындағы жарыстар өткізіледі.

25 маусым мен 3 шілде аралығында Астана қаласында 7-8-ші сынып оқушылары арасында кіші футболдан өткен «Ұлттық мектеп лигасының» ойындарында Түлкібас ауданына қарасты Юрий Гагарин атындағы мектебінің оқушылары еліміздің орта білім беру мекемелерінің ішінен үздік нәтижеге қол жеткізіп, ел чемпионы атанып отыр.

Түлкібастық жас аяқдопшылар жартылай финалда Астана қаласының командасымен жолдары түйісіп, 1-0 есебімен басым түссе, ақтық ойында Павлодар қаласының команадасын 1-0 есебімен жеңіп, бас жүлдені иеленді.

Айта кетейік, осыған дейін де аталған білім беру ұясының оқушылары облыс намысын ел біріншілігінде абыроймен қорғап, үш рет ел чемпионы атанған болатын.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin