Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Құранбек Сәрсен Абайұлының қатысуымен өңірдегі спорттың дамуына елеулі үлес қосқан сала қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтау мақсатында мерекелік жиын ұйымдастырылды.
Жиында сондай-ақ Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Нарымбетов Баһадүр Мәдәліұлы мен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы қатысушыларды мерекемен құттықтап, отандық спорттың дамуына елеулі қосқан сала өкілдеріне алғыстарын білдірді.
Мерекелік жиын барысында қала әкімінің Алғыс хатымен сала қызметкерлері, жаттықтырушылар және спорт ұйымдарының өкілдері марапатталды.
Айта кетейік, қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, 4 бағытта жұмыс жоспарлары белгіленген. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50 %-ына дейін жеткізу – басты жоспарда.
Бүгінде үшінші мегаполисте 33 спорттық ұйым жұмыс істеп тұр. Оның 16-ы балалар-жасөспірімдердің және біреуі мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі. Одан бөлек, жоғары спорт шеберлігіне арналған, Олимпиада резервін даярлау орталығы, кәсіби спорт клубы, су-спорт кешені мен мемлекеттік жеке әріптестік аясындағы спорт нысандары бар. Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі дамытылып келеді. Оның 37-і олимпиадалық, 28-і олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері. Сондай-ақ 18 490 спортшы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізіп жатыр.
Биылғы көрсеткішке көз жүгіртсек, қала спортшылары түрлі спорт жарысында 254 алтын, 195 күміс, 249 қола медаль жеңіп алған. Одан бөлек, Азия чемпионаттарында: 10 алтын, 9 күміс және 8 қола, ал әлем чемпионаттары мен кубоктарында: 3 алтын, 2 күміс, 4 қола (жалпы 9) медальға ие болды.
Биыл жыл басынан бері 1 еңбегі сіңген жаттықтырушы, 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 79 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалған.