Түркістан облысының тағы бір оқушысы шетелдің 45 жоғары оқу орнына шақырту алды

Түркістандық түлек Дамир Аюпов шетелдің 45 жоғары оқу орнынан шақырту алды. Олардың қатарында АҚШ, Швейцария, Германия, Испания, Малайзия, Шотландия сынды елдер бар.

Дамир Аюпов – биыл облыс орталығындағы № 15 жалпы орта мектепті аяқтаған. Ол Ұлттық біріңғай тестілеуден 133 балл жинады.

“Мектепте география, математика және ағылшын тілін сүйіп оқыдым. Сөйтіп, IT саласын таңдаймын деп жүргем. 11-сыныпта бұл ойым өзгерді. Оныма өкінбеймін”, — дейді Дамир Аюпов.

Дамир оқуға шақырту алған елдерінің арасында талапкер Чехияның Прага қаласын таңдап отыр. Еуропада оқуды қаладым деген жігіт чех тілінде білім алу үшін бір жылын тіл меңгеруге жұмсайтынын айтады. “Шет елде білім алу үш жылға жалғасады. Тағы бір жыл сол елдің тілін меңгеруге кетеді. Мені шәкіртақысы 2,5 млн теңге болатын университеттер де шақырды. Бірақ жүрек қалауым Еуропаға түсіп тұр”, — дейді Дамир Аюпов.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin