Түркістан облысында нысаналы мектептерді дамыту жолдары талқыланды

Түркістан облысының орталығындағы 3 Әмір Темір атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру жолдары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ерғалиқызы Қасымбекова, Білім беруді дамыту орталығының әдіскерлері мен “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының оқытушылары, аудандық һәм қалалық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.

Жиында нысаналы мектептердің педагогтеріне сындарлы-әдістемелік көмек көрсетудің маңыздылығы мен білім сапасын арттыру жолдары талқыланды.

Айта кету керек, қазіргі таңда “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «LMS» платформасында нысаналы мектептердің педагогтеріне базалық деңгейдегі онлайн курстарына тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған мектеп педагогтері курсқа 2024 жылғы 5-9 тамыз аралығында тіркеле алады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin