Түркістан облысы: Оқыту семинарында педагогтердің сағат жүктемелерін дұрыс бөлу тетіктері қаралды

Түркістан облысының орталығында «Педагогтердің сағат жүктемелерін дұрыс бөлу және тарифтеу процесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тәжірибе алмасу» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.

Онлайн форматта өткен оқыту семинарына Қарағанды облыстық білім басқармасына қарасты Сарань қаласындағы №17 мектеп-гимназиясының директоры Никита Валерьевич Максименко сағат бөлудегі озық тәжірибесін бөлісе отырып, тиімді тұстарын таныстырды. Іс-шараны Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Саттарұлы бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз кезегінде пайдалы ақпараттарды түртіп алып, жұмыс процесінің оңтайлы жүзеге асырылуын бақылауға алуды тапсырды.

Аталған семинарға Шардара, Мақтаарал, Жетісай, Төлеби, Түлкібас аудандары жіберілген сілтеме бойынша өз аудандарында бір нүктеден онлайн қатысса, ал Арыс, Түркістан, Кентау, Бәйдібек, Келес, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Созақ аудан, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері және жалпы білім беру мекемелерінің директорлары және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары арнайы залға жиналып, жалпы отырысқа қатысты. Жиын барысында мектеп-гимназия директоры Н.В. Максименко, педагогтарға сағат жүктемесін тиімді бөлудің рейтингтік жүйемен іске асырылатынын түсіндірді.

Іс-шара соңында Никита Валерьевич Максименкоға Түркістан облысы педагогтары атынан оң пікір айтылып, ризашылық білдірді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin