Түркістан облысы: Қазығұрттық оқушылар робототехникадан Қырғызстанда өтетін чемпионатқа жолдама алды

Ағымдағы жылдың 9-11 тамыз күндері Алматы қаласында республикалық «Almaty Tech Cup X» робототехника және инновациялық технологиялар бойынша X дүбірлі ашық чемпионат ұйымдастырылды. Чемпионатқа Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты білім мекемелерінен 4 мұғалім, 12 оқушы қатысып, командалық есепте І орын иеленді.

Қарсылас шақ келтірмеген команда құрамында белгілі «Qazygurt» командасы «Champions award, Rob» командасы, «Innovation Awards» жетекшілері Б.Оразхан, Н.Усенов, М.Өмірбек, Е.Тастан, шәкірттері Д.Нұралы, Н.Сайлау, А.Абдирашитов, А.Камал, Г.Давронбек, А.Әбдуәлі, А.Асқар, А.Хамзе, Ж.Айту, С.Нұрғалиқызы, Д.Хайдарова, А.Өмірбек те бар.

Чемпионаттың негізгі мақсаты білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушыларын біріктіру, сондай-ақ жастардың робототехникасы мен инженерлік дағдыларын дамытуға ықпал ету болып табылады.

Чемпионат келесі бағыттар бойынша өткізілді:

— FIRST LEGO League Explore (6-10жас);

— FIRST LEGO League Explore (10-16 жас);

— WSO (12-18 жас);

— Drone Racing: Multi GP (жас шектеуі жоқ);

— Minecraft Education (6-16 жас);

— Хакатон (12-18 жас).

Чемпион атанған оқушылар Қырғызстан елінде өтетін чемпионатқа жолдама алды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin