Түркістандық футболшылар елішілік лигада жеңімпаз атанды

Түркістандық жастар футбол командасы Қазақстан чемпионатының Екінші жасөспірімдер лигасында жеңімпаз атанды.

Сәуір айында басталған, 18 команда қатысқан, 4 айналымнан тұратын жарыста Түркістанның футболшылары үздік ойын көрсетті. Жалпы, «Түркістан» командасы 4 айналымда 19 ұпайға қол жеткізіп, финалдық ойынға жолдаманы жеңіп алған болатын.

Көкшетау қаласында өткен финалдық ойында “Жеңіс” және “Жетысу” командаларын жеңіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, “QJ League” ойындарына жолдама алды.

Жаттықтырушылары: Ержан Бейсенов және Раушан Худайназаров.

Түркістанда әуесқой футбол лигасының жеңімпаздары анықталды

Футбол дегеннен шығады, бүгін облыс орталығында шағын футболдан «Әуесқой футбол лига ойындарының» 2024 жылғы көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті. Шараға қала басшысының орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаты қатысты.

«Фараб» әмбебап кітапханасында өткен жиында биылғы Әуесқой футбол лигасы ойындарының жүлдегерлері марапатталды. Басқосуда сөз алған Мекенхан Қозыханұлы әуесқой футболшыларға шаһар басшысының құттықтауын жеткізіп, алғыс хаты мен сыйлықтарын берді.

Сондай-ақ, шаһардың спорт саласына еңбегі сіңген, дамуына үлес қосып жатқан мамандарға қала әкімінің арнайы алғыс хаттарын табыстады.

Одан бөлек, мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы аталған лига ойындарының тұрғындар арасында спортты насихаттауға қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, дәстүрлі түрде жалғасатынын жеткізді.

Жалпы, Түркістан қаласы бойынша кіші футболдан «Әуесқой Футбол Лига» 2024 жылғы көктем-жаз маусым ойындарына А, Б, С, Д және Суперлига топтарына бөлініп 74 команда, 2000-ға жуық әуесқой футболшы қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша суперлигада жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

1-орын: JOLDYN ASTY (Бекзат секторы);

2-орын: ЯССЫ- ГОРОД (Яссы секторы);

3-орын: FC ALLOPIZZA.KZ (Яссы секторы).

Сондай-ақ мына номинациялар бойынша да жеңімпаздардың есімі белгілі болды:

«ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ» — Зулкашев Куаныш Алиевич;

«ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» — Іскендіров Абылайхан Асанханұлы;

«ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ» — Абджапаров Муратжан Рахматжанұлы;

«ҮЗДІК СҰРМЕРГЕН» — Хашимов Шахрур Откирбекович атанды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin